Қазақстан Республикасының заңдарына, электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісімге жəне электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа сəйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.»;
10) 17-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясы жəне (немесе) көрсетілетін қызметтер үшін тиісті шарттарда белгіленген мерзімдерде жəне уəкілетті орган айқындаған кезең үшін ақы төлемеген немесе толық төлемеген кезде жүйелік оператордың, бірыңғай сатып алушының, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының хаты негізінде электр энергиясын беру (жеткізу) ішінара немесе толық тоқтатылады (шектеледі). Жолданым беру тəртібі мен шарттары, техникалық шектеулерді енгізу мерзімдері уəкілетті орган белгілеген тəртіппен айқындалады.»;
11) 19-1-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оқшау əкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқандарын қоспағанда, барлық энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын сатуды электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жəне өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не өздерімен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ əкімшісіне ғана жүзеге асыруға жəне олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде оқшауланған əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ұйымдар аумағында оқшау əкімшілік-аумақтық бірлік орналасқан əкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде қызметін жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы;»;
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оқшау əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыру бөлігінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын сатып алуды электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан жəне (немесе) Тізілімде өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан жəне (немесе) өздерімен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ əкімшісінен жəне (немесе) жаңартылатын энергия көздерінен ғана жүзеге асыруға жəне олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті.».
5. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 30-бапта:
2-тармақтағы «Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы» деген сөздер «Қаржы» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензия жəне (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уəжді бас тарту, атом энергиясын пайдалану объектісінің қауіпсіздік негіздемесі сараптамасының нəтижесі алынғаннан кейін лицензия берілетін, атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындауға арналған лицензияны жəне (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уəжді бас тартуды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.»;
2) 1-қосымшаның 17 жəне 18-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 17. | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдерімен байланысты жұмыстарды орындауға арналған лицензия | 1. Ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын орналастыру. | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 10 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің, 26-бабы 1 жəне 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
| 2. Ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын салу. |
| 3. Ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын пайдалану. |
| 4. Ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтардың сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару. |
| 5. Ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды жəне жобаларды басқару. |
| 18. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия | 1. Радиоактивті қалдықтарды жинау жəне сұрыптау. | Иеліктен шығарылмайтын; лицензияның қолданылу мерзімі 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің, 26-бабы 1 жəне 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
| 2. Үй-жайларды, жабдық пен материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту). |
| 3. Радиоактивті қалдықтарды өңдеу. |
| 4. Радиоактивті қалдықтарды кондиционерлеу. |
| 5. Радиоактивті қалдықтарды сақтау. |
| 6. Радиоактивті қалдықтарды көму. |
| 7. Аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру. |
».
6. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша «электрофизикалық қондырғылардың» деген сөздерден кейін «, радиоактивті қалдықтардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) атом электр станциясы (бұдан əрі - АЭС) - ядролық жəне энергетикалық қондырғыларды пайдалана отырып, тапсырыс берілген режимдерде жəне қолдану шарттарында электр жəне (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған негізгі жəне көмекші жабдықтар кешені;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер - иондандырушы сəулелену көздері, радиоактивті қалдықтар жəне пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін объектілер, сақтау жəне көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері жəне ядролық материалдар;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) жəне 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымы - атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігіне тəуелсіз сараптама мен бағалау жүргізуді қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын ұйым;
6-2) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органы (бұдан əрі - бақылау жəне қадағалау органы) - өз құзыреті шеңберінде атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уəкілетті органның ведомствосы;»;
8) тармақшадағы «атқарушы» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) жəне 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) АЭС ұлттық операторы - уəкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасында АЭС жобалауды, салуды, пайдалануды жəне пайдаланудан шығаруды жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;»;
«11-1) көліктік қаптама комплекті - тасу кезінде радиоактивті құрамды толық орналастыру мен ұстап тұру үшін қажетті элементтердің жиынтығы;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) радиоактивті қалдықтар - құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, жер қойнауынан алынған жəне үйінділер мен қалдық қоймаларына жинап қойылатын, одан əрі пайдаланылуы көзделмейтін материалдар мен заттар, бұйымдар мен жабдықтар, сондай-ақ тау жыныстары, кендер мен қалдықтар;»;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау режимі - бақылау жəне қадағалау органының уəкілетті лауазымды адамдарының атом энергиясы пайдаланылатын объектінің өмірлік циклінің барлық кезеңінде тікелей радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғыларда тұрақты болу жəне қауіпсіздік жай-күйін бақылау жөніндегі іс-шараларды өткізу арқылы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруын көздейтін режим;»;
29) тармақша алып тасталсын;
34-1) жəне 34-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«34-1) ядролық мұра объектілері - ядролық жарылыстарды бейбіт мақсатта жүргізуді қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет, сондай-ақ 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін осындай объектілерде жүзеге асырылған жəне тоқтатылған жəне радиациялық қауіпсіздік пен оңалтуды қамтамасыз етуді талап ететін уран өндіру жəне оны қайта өңдеу жөніндегі қызмет нəтижесінде пайда болған радиоактивті қалдықтар жəне (немесе) радиоактивті ластанған материалдар бар тарихи қалыптасқан объектілер, құрылыстар, аумақтар учаскелері;
34-2) ядролық нұқсан - ядролық қондырғымен немесе ядролық қондырғыдан келіп түсетін, онда шығарылған немесе ядролық қондырғыға бағытталған ядролық материалмен жұмыс істеу нəтижесінде иондандырушы сəулеленудің əсері салдарынан келтірілген, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың залалдарын, сондай-ақ алдын алу шараларына арналған шығындарды қоса алғандағы нұқсан;»;
мынадай мазмұндағы 34-3) тармақшамен толықтырылсын:
«34-3) ядролық оқыс оқиға - ядролық нұқсан келтіретін немесе ядролық нұқсан келтіру қаупін туғызатын оқиға не оқиғалар сериясы;»;
2) 4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты - атом энергиясын пайдалану кезінде ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті, сондай-ақ атом энергиясын пайдаланудың негізгі халықаралық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету.»;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын АЭС жобаларын қаржыландыру үшін АЭС ұлттық операторына бюджеттік кредит желісі нысанында бюджеттік кредит берудің ерекше тəртібі мен арнаулы талаптарын айқындайды.»;
4) 6, 7, 7-2 жəне 7-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Уəкілетті органның құзыреті
Уəкілетті орган:
1) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) АЭС ұлттық операторын айқындайды;
4) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
5) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
6) атом энергиясын пайдалану саласында тергеп-тексеруді жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
7) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді жəне нормативтік-техникалық құжаттарды əзірлейді жəне бекітеді;
9) ядролық материалдарды жəне ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
10) иондандырушы сəулелену көздерін жəне сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
11) ядролық жəне радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тəртібін əзірлейді;
13) ядролық қауіпсіздік жəне (немесе) радиациялық қауіпсіздік жəне (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
14) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
15) иондандырушы сəулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
16) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
17) ядролық жəне радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын əзірлейді;
18) ядролық материалдарды, радиоактивті заттар мен радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын əзірлейді ». жəне бекітеді;
19) ядролық қондырғыларды жəне көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын əзірлейді;
20) ядролық қауіпсіздік жəне (немесе) радиациялық қауіпсіздік жəне (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
21) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
22) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
23) халықтың жəне (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе пайдаланылып болған ядролық отынды көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді;
24) ядролық материалдарды, иондандырушы сəулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
25) ядролық материалдардың мемлекеттік есебін жүргізеді;
26) иондандырушы сəулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді;
27) атом энергиясын пайдалану саласындағы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырады;
28) атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымдарын айқындау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
29) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің уəкілетті органдары бекіткен сертификаттар-рұқсаттар күшін Қазақстан Республикасының аумағында оларға қолданады;
30) ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету жəне ядролық сынақтарды мониторингтеу жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
31) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуге жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар мен электрофизикалық қондырғылар, радиоактивті қалдықтар үшін алып қою деңгейлерін белгілейді;
32) атом энергиясын пайдалану саласында тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
33) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау мен қадағалау) бақылау жəне қадағалау органы осы Заңға сəйкес тексеру, қашықтан бақылау, тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау, тергеп-тексеру жəне «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес рұқсат жəне (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігі тұрғысынан рұқсаттық бақылау (бұдан əрі - рұқсаттық бақылау) нысанында жүзеге асырады.
2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілері (бұдан əрі - бақылау мен қадағалау субъектілері) болып саналады.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын мүлкі мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектісі (бұдан əрі - бақылау мен қадағалау объектісі) болып саналады.
3. Бақылау жəне қадағалау органы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.»;
«7-2-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тексерулер
1. Бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) тексеру (бұдан əрі - тексеру) - бақылау жəне қадағалау органының осы Заңның 7-бабының 3-тармағына сəйкес талаптардың сақталуы тұрғысынан бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты қызметі.
Тексеру бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылады, оның нəтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) тексеру нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Тексерулер жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер болып бөлінеді.
3. Жоспарлы тексерулер радиациялық қауіптілігі 1, 2 жəне 3-санаттардағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексерулер радиациялық қауіптілігі 1, 2, 3 жəне 4-санаттардағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты жүргізіледі.
4. Жоспарлы тексерулер бақылау жəне қадағалау органы бекіткен тексерулердің жылдық тізіміне сəйкес тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жоспарлы тексеру жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде жүргізіледі.
Жоспарлы тексерулердің жылдық тізімі бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тəуекел дəрежесі бойынша жатқызу ескеріле отырып қалыптастырылады жəне тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей бақылау жəне қадағалау органының интернет-ресурсында орналастырылады.
Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қатер дəрежесі бойынша:
1) қатер дəрежесі жоғары субъектілер - радиациялық қауіптілігі 1-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері;
2) қатер дəрежесі орташа субъектілер - радиациялық қауіптілігі 2-санаттағы қондырғылармен жəне ядролық отын мен оның құрамдастарын дайындау жөніндегі, табиғи уранды немесе торийді, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін өндіру жəне (немесе) қайта өңдеу жөніндегі қондырғылар бөлігінде радиациялық қауіптілігі 3-санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері;
3) қатер дəрежесі төмен субъектілер - ядролық отын мен оның құрамдастарын дайындау жөніндегі, табиғи уранды немесе торийді, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін өндіру жəне (немесе) қайта өңдеу жөніндегі қондырғыларды қоспағанда, радиациялық қауіптілігі 3- санаттағы қондырғылармен қызметті жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) болып бөлінеді.
Жоғары, орташа жəне төмен қатер дəрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспарлы тексеру жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық тізімдері оларға қатысты жоспарлы тексеру тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып қалыптастырылады.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жылдық тізімдеріне жоғары жəне орташа қатер дəрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілерінің барлық объектілері міндетті түрде енгізіледі.
Қатер дəрежесі төмен бақылау мен қадағалау субъектілерінің объектілері жоспарлы тексерулердің жылдық тізімдеріне:
1) алдыңғы тексерулер нəтижелері;
2) мемлекеттік цифрлық жүйелердің мəліметтері;
3) бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мəліметтерді мониторингтеу нəтижелері;
4) радиациялық оқыс оқиғалар туралы мəліметтер;
5) нұсқамалардың орындалуы туралы ақпарат;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мəліметтерді талдау нəтижелері;
7) жеке жəне заңды тұлғалардың растайтын фактілер ұсынылған жолданымдары негізінде қалыптастырылатын ақпарат ескеріліп енгізіледі.
Тексерулер жүргізудің жылдық тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік жəне (немесе) əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер ошақтарының жəне аса қауіпті зиянды организмдердің, жұқпалы, паразиттік аурулардың, уланудың таралуы, радиациялық авариялар мен соған байланысты шектеулер орын алған немесе орын алу қаупі төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тексерулер тізімінің нысанын уəкілетті орган бекітеді.
5. Бақылау жəне қадағалау органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) не оның уəкілетті адамын, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органды жоспарлы тексеруді жүргізудің басталғаны туралы оның басталу күнін көрсете отырып, тексеру басталардан кемінде бір жұмыс күні бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - хабарламада алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген құрылғыларға, жедел хабар алмасу сервистеріне, электрондық поштамен жіберілген жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ресми өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын мекенжайына жіберген күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.
6. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу жəне (немесе) оны жою мақсатында нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған нақты фактілер мен мəн-жайлар бойынша бақылау жəне қадағалау органы тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып саналады.
Осы баптың 7-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) жəне 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді жүргізудің басталғаны туралы оның басталуынан кемінде бір тəулік бұрын хабарлауға міндетті.
7. Бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
2) тергеп-тексеру нəтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау;
3) қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген іс-шаралардың орындалмауы, оның ішінде анықталған бұзушылықтардың жойылғаны жəне (немесе) бұзушылықтардың жойылмағаны туралы ақпараттың берілмеуі;
4) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері мен мəн-жайлары бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
5) егер бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты бір реттен артық ұсынбаса жəне (немесе) анықталған бұзушылықтарды жоймаса, жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
6) прокурордың адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы талабы;
7) мемлекеттік органдардың, уəкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірудің, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша жолданымдары;
8) ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, ядролық қондырғы жүйелеріндегі, жабдықтарындағы, құжаттамасындағы өзгерістер туралы ақпарат;
9) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жолданымына байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың заңсыздығы);
10) осы Заңның 9-бабына сəйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияның болмауы жəне (немесе) қолданылу мерзімінің өтуі туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміндегі ақпарат;