Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы № 897 Қаулысы
(2015.28.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 қазандағы
№ 897 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов Мұхамедия | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ мемлекеттік медицина академиясы тағамтану кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы |
көрсетілген құрамнан Серғалиев Мырзатай Серғалиұлы, Айтбайұлы Өмірзақ шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Тілеухан Бекболат Қанайұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Жанпейісов Амангелді Сүйінбайұлы | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары |
Әбдірахманов Сламқұл | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі География институтының аға ғылыми қызметкері |
Мырзахметұлы Мекемтас | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы |
Уәлиев Нұргелді | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты |
көрсетілген құрамнан Айталы Амангелді Әбдірахманұлы, Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы, Нұрғалиев Рымғали, Шаханов Мұхтар Шаханұлы шығарылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)