Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы № 897 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 4 қазандағы
№ 897 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов Мұхамедия | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ мемлекеттік медицина академиясы тағамтану кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының докторы |
көрсетілген құрамнан Серғалиев Мырзатай Серғалиұлы, Айтбайұлы Өмірзақ шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Тілеухан Бекболат Қанайұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Жанпейісов Амангелді Сүйінбайұлы | - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары |
Әбдірахманов Сламқұл | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі География институтының аға ғылыми қызметкері |
Мырзахметұлы Мекемтас | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы |
Уәлиев Нұргелді | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты |
көрсетілген құрамнан Айталы Амангелді Әбдірахманұлы, Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы, Нұрғалиев Рымғали, Шаханов Мұхтар Шаханұлы шығарылсын.
3. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Өнер департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
көрсетілген құрамнан Самақова Айткүл Байғазықызы, Күзембаев Валерий Әлібекұлы, Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы шығарылсын.
4. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат):
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына:
Жақсыбаева Шолпан Ахметқызы | - Қазақстан телерадио хабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры |
енгізілсін;
мына:
«Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы | - Қазақстан Азаматтық альянсының президенті» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан азаматтық альянсының президенті (келісім бойынша)» |
көрсетілген құрамнан Шалахметов Ғаділбек Мінажұлы шығарылсын.
5. «Шетелде тұратын отандастардың істері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 142-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жалмағамбетова Светлана Жақиянқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Есім Ғарифолла | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Сәдуақасов Қайрат Құтымұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; |
мына:
«Қоңырбаев Уәлихан Сиянбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры |
Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоңырбаев Уәлихан Сиянбекұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)» |
көрсетілген құрамнан Аяшев Оңалбай, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы шығарылсын.
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 440-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Есім Ғарифолла | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Сабилянов Нұртай Салихұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Котенко Наталья Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімнің меңгерушісі |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
мына:
«Шаханов Мұхтар Шаханұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, төрағаның орынбасары» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаханов Мұхтар Шаханұлы | - «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы, Қазақстанның халық жазушысы, төрағаның орынбасары» |
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Айталы Амангелді Әбдірахманұлы, Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Баймұхамбетова Кәмила Мақсұтқызы, Медеу Ахметқал шығарылсын.