2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Клиентке «эскроу-шот» режимінде банктік шот ашуға рұқсат етіледі.
Атына эскроу-шот ашылған тұлға клиент айқындаған шарттарды орындамаған және банктік шот шарты бойынша мұндай талаптардың басталу немесе орындалу мерзімі аяқталған жағдайларда, банк эскроу-шот ашқан клиентке ақшаны қайтарады.
Эскроу-шоттағы ақшаға эскроу-шот шартының талаптарына байланысты іс жөніндегі сот актісі бойынша ғана тыйым салуға және өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді
10. Клиенттердің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасына өндіріп алу қолданылған жағдайда, мұндай өндіріп алу клиенттердің банктік шоттарынан ғана жүргізіледі.
Банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолдану банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өз міндеттемелері бойынша ғана жүргізіледі.
Мыналарға:
1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;
3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға;
4) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) төлем талаптары негізінде банктік қарыздар бойынша клиенттердің алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшасына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігі 6) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы тиісті шешімдері және (немесе) өкімдері не терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы уәкілетті органның ақпараты негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, сондай-ақ мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер негізінде мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің ақшасына тыйым салу туралы актілер негізінде ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттар бойынша, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға жол берілмейді.
12. Клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операциялары уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды адам банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін және (немесе) өкімін, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актіні кері қайтарып алғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта басталады.
Клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғаның ақшаға тыйым салу туралы бұрын өзі қабылдаған актінің күшін жою туралы тиісті жазбаша хабарламасы негізінде не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін берілген инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда алынады.
Ақша жөнелтушінің банкі осы Заңда айқындалған тәртіппен клиенттің банктік шоты жабылған кезде банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптарды, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін және (немесе) өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салу құқығы бар тұлғалардың клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілерін орындамастан қайтарады.
13. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және(немесе) өкімдері, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер келіп түскен кездегі банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның әрекет ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
28-бап. Банктік шотты жабу
1. Клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында көзделген тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзі дербес жүзеге асырады.
Осы Заңның 29-бабының 3-тармағында көзделген, банктік шотқа қойылған орындалмаған талаптар болған кезде клиенттің өтініші бойынша банктік шотты жабуға жол берілмейді.
2. Банктік шот шартының және банктік салым шартының қолданылуы клиенттің - заңды тұлғаның таратылуына байланысты оның қызметі тоқтатылған жағдайда тоқтатылады. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттің заңды тұлғаның банктік шотын жабуды Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы енгізілген мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
29-бап. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тарту негіздері мен тәртібі
1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) клиенттің банктік шотында (жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) бір жылдан астам ақша қозғалысы болмаған;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шартта көзделген жағдайларда, банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заңда және «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тартады.
3. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның:
1) банктік шотқа қойылатын орындалмаған талаптар немесе мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы алынбаған актілер, уәкілетті мемлекеттік органдардың және (немесе) лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері, сондай-ақ клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы актілер;
2) клиенттің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ұсынатын, экспортты (импортты) көздейтін валюталық шарт бойынша орындалмаған талаптар болған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартуына жол берілмейді.
4. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде клиенттің банктік шотында бір жылдан астам ақша болмаған және (немесе) клиент - заңды тұлға таратылған кезде банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі.
5. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда клиенттің банктік шотын жабуына рұқсат етіледі.
6. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тәртіп көзделмесе, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарламаны банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда бар мекенжай бойынша электрондық нысанда не оны алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жібереді.
7. Егер банктік шот шартында немесе банктік салым шартында өзгеше тәртіп көзделмесе, клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиентке банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады және клиенттің банктік шотын жабуды жүзеге асырады.
8. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы тиісті актілерді, уәкілетті мемлекеттік органдардың және (немесе) лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін және (немесе) өкімдерін, сондай-ақ банктік шоттағы ақшаға тыйым салу құқығы бар тұлғалардың актілерін осы баптың 4-тармағына сәйкес банктік шот жабылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы талаптарды қойған уәкілетті тұлғаларға қайтаруға тиіс.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Клиенттің банктік шотында (мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған шоттарды қоспағанда) ақша қалдығы болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша қалдығын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариус депозитіне аударуға және банктік шотты жабуға құқылы.
10. Осы бапта көзделген жағдайларда, банктің банктік шотты жүргізгені үшін алатын комиссиясының мөлшері, банктің басқа клиенттердің банктік шотын жүргізгені үшін алатын комиссиясының ең жоғары мөлшерінен аспауға тиіс.
11. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тартылған кезде банк шарттардың өзінде белгіленген сыйақы туралы талаптарды ескере отырып, көрсетілген шарттарды орындаудан біржақты бас тартылған күнге сыйақы төлейді.
12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, осы баптың қағидалары корреспонденттік шот шарттарына қолданылады.
6-тарау. ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
30-бап. Төлем құралдарының түрлері
Қазақстан Республикасының аумағында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құралдарының мынадай түрлері пайдаланылады:
1) төлем тапсырмасы;
2) төлем талабы;
3) чек;
4) вексель;
5) инкассолық өкім;
6) төлем ордері;
7) төлем хабарламасы;
8) электрондық төлем құралы.
31-бап. Төлем тапсырмасы
1. Төлем тапсырмасын пайдалануға байланысты ақша жөнелтушімен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы құқықтар мен міндеттер олардың арасындағы жасалған шартта белгіленеді, ал олардың нақты іске асырылуы ақша жөнелтушінің банкіне төлем тапсырмасын ұсынған кезден бастап туындайды.
2. Ақша жөнелтушінің банкі төлем тапсырмасын онда көрсетілген үзінді көшірме жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылдайды. Төлем тапсырмасында валюталау күні көрсетілуі мүмкін.
3. Бір ақша жөнелтушіден бір банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйымда қызмет көрсетілетін бірнеше бенефициардың пайдасына төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылған не ақша жөнелтушінің банкі бір бенефициардың пайдасына бірнеше ақша жөнелтушінің нұсқауларын орындаған кезде жиынтық төлем тапсырмасын пайдалануға жол беріледі.
4. Қағаз жеткізгіште ресімделген жиынтық төлем тапсырмасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ақша жөнелтуші тұлғалардың не бенефициарлардың тізілімі қоса беріледі.
32-бап. Төлем талабы
1. Төлем талабын пайдалана отырып жасалатын төлемдер кезіндегі құқықтар мен міндеттер оны ақша жөнелтушінің банкіне ұсынған кезден бастап туындайды.
2. Төлем талабы, осы Заңның 26-бабында көзделген тәртіппен оны берген жағдайларды қоспағанда, бенефициардың банкіне немесе ақша жөнелтушінің банкіне онда көрсетілген үзінді көшірме жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде беріледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Банктердің, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою жағдайларын қоспағанда, бенефициардың төлем талабын қою құқығы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жасалған қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін банктердің, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем талабын пайдалануына жол беріледі.
Банктер, ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары ақша жөнелтушінің банкіне төлем талабын ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны алып қоюға оның келісімі қамтылған құжаттың негізінде қояды.
Қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою тәртібі, сондай-ақ оған ақшаныалып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берудің қажеттілігі туралы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Ақшаныалып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін банктер арасында орнатылған электрондық байланыс арналары арқылы жіберуге жол беріледі.
Қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қоюдың негізділігіне өндіріп алушы жауапты болады.
5. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушінің:
1) ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта;
2) қарыз шартында, кредиттік желіні ашу туралы келісімде немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатта қамтылған банктік шотынан ақша алып қоюға келісімі болған кезде төлем талабын ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы орындайды.
6-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде оның банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын орындау ақшаның банктік шотқа түсуіне қарай жүзеге асырылады.
Осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен ақша жөнелтуші жеке тұлғаның ағымдағы шотына қойылған төлем талабы оның ағымдағы шотын ондағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен оның ағымдағы шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде, төлем талабында көрсетілген барлық соманың түсуін күтпестен, тікелей дебеттеу арқылы орындалады. Бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Көрсетілген шектеу жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшасына қолданылмайды.
33-бап. Чек
1. Чек берушi мен банктiң чектi пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi чек берушi мен банк арасындағы чектердi пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайды. Чек ұстаушының құқықтары чек берушiден чекті алған кезден бастап туындайды.
2. Чек ұстаушы чекті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімде қабылдайды және чек ұстаушы чек берушінің банкіне не чек ұстаушының банкіне береді.
3. Чек берушiнiң чекті беруі орындау үшін осындай чек жазылып берiлген төлемнің аяқталуы болып табылмайды. Чек берушінің ақшалай міндеттемесі чек ұстаушы чек бойынша ақшаны алған кезде түпкілікті орындалады.
4. Чек ұстаушыда чекте көрсетiлген сомадағы чек берушiнiң банкiне қойылатын ақшалай талабының құқығы туындайды. Чек берушiнiң банкi чек ұстаушы ұсынған чектi төлейдi не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген негіздер бойынша оны төлеуден уәжді түрде бас тартады.
5. Чектер жабылған және жабылмаған болып бөлiнедi. Ақшамен алдын ала қамтамасыз етiлмеген чектер жабылмаған чектер болып табылады. Чек берушi алдын ала банкке енгiзген ақшамен қамтамасыз етiлген чектер жабылған чектер болып табылады.
34-бап. Вексель
Вексельдердi қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін қолдану Қазақстан Республикасының вексель заңнамасымен реттеледi.
35-бап. Инкассолық өкім
1. Клиенттiң банктік шотынан ақшаны оның келісімiнсiз алып қою Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша және кезектiлiктiң сақталуы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде белгiленген тәртiппен инкассолық өкiм пайдаланыла отырып жүргiзiледi.
2. Төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының құқықтары мен мiндеттерi ақша жөнелтушiнiң банкiне инкассолық өкiм берілген кезден бастап туындайды.
3. Инкассолық өкімді мемлекеттік кіріс органдары және сот орындаушылары береді.
4. Сот орындаушыларының инкассолық өкімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалардың негізінде осы өндіріп алудың негізділігін растайтын атқарушылық құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда қоса беріле отырып, ақша жөнелтушінің банкіне беріледі.
5. Егер атқарушылық құжаттың мәтінінде өзгеше белгіленбесе, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қоюдың негізділігін растайтын атқарушылық құжат банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға сот орындаушысының бір ғана инкассолық өкімін беру үшін негіз болып табылады. Борышкер борышты өзі дербес ішінара төлеуді жүргізген және атқарушылық құжатта сот орындаушысының бұл жөнінде белгісі болған не бір атқарушылық парақтың негізінде бірнеше бенефициардың пайдасына борыштыортақ өндіріп алу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжатта көрсетілген төлем және (немесе) ақша аударымы сомасы (ол бар болса) инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сәйкес келуге тиіс.
6. Мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері осы өндіріп алудың негізділігін растайтын құжаттар қоса тіркелместен беріледі.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында айқындалған тиісті тізімдер қоса беріле отырып, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға мемлекеттік кіріс органдарының:
мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар;
6-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және(немесе) жарналар;
6-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға арналған инкассолық өкiмдерi беріледі.
7. Инкассолық өкiмде төлемнің мақсаты және ақша жөнелтушiнiң банктік шотынан ақшаны оның келісімінсіз алып қою құқығы көзделетiн Қазақстан Республикасы заңының нормасына сілтеме көрсетіледі.
8. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде салық берешегін өндіріп алу туралы мемлекеттік кіріс органдарының және атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының инкассолық өкімдерін орындау осындай шотқа ақшаның түсуіне қарай жүргізіледі.
9. Ақша жөнелтушiнiң банктік шотынан оның келісімiнсiз ақшаны алып қоюдың негiздiлiгi үшiн инкассолық өкімнің бастамашысы жауаптылықта болады. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақша жөнелтушілердің банктік шоттарынан ақшаны олардың келісімінсіз есептен шығаруға қарсы білдірген қарсылықтарын мәні бойынша қарамайды.
36-бап. Төлем ордері
1. Ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы, оның ішінде ақша жөнелтушінің банкі мен бенефициар бір тұлға болып табылғандағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайлардағы қолма-қол ақшасыз төлем және (немесе) ақша аударымы төлем ордері негізінде жүзеге асырылады.