Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым, осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеуге жіберілген ақшаны қоспағанда, өзінің қызметінен алынған ақшаны осы ұйымның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысында бекітілетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тәртіппен және мөлшерде өзінің қатысушыларына (акционерлеріне) аударуға міндетті.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын ұйым:
1) банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге және өткізуге;
2) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иеленуге және өткізуге;
3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда, оларды иеленуге және өткізуге;
4) мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл нысанасы, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе банктен иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;
5) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға берілетін өтінішке осы Заңның 11-1-бабының 4) тармағының 2), 3), 7) 10) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым банктік қарыз шарттары бойынша банк берген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және банк талап ету құқықтарын ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шартында белгіленген банктің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады.»;
8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
6) 14-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банк қорларын пайдалану түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;»;
7) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банк, егер акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келген жағдайда, шығару проспектісімен банктің атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.»;
8) 2-тарау мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Субординарлық борыш
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты туындаған кезінен бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келетін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері - акционерлері талап еткенге дейін осы Заңның 74-2-бабында айқындалған сегізінші кезекте қанағаттандырылады.»;
9) 17-1-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің бұрын иеленген акцияларының құны шегеріле отырып) банктің бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.»;
3-тармақтағы «4,» деген цифр «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтінішті оның беруі кезінде, мыналар:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, банктің акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.
Банктің ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде банктің акцияларын иеленген жеке тұлға банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге мынадай талаптарды қосымша орындайды:
1) жеке тұлғаға меншік құқығымен тиесілі мүліктің құны (банк бұрын иеленген акциялардың құны шегеріле отырып) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және ол бұрын иеленген банк акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақысы төленетін қызметтен алынған кірістері, сондай-ақ оның құжаттамалық расталған ақшалай жинақтары бағалаушы айқындаған, сыйға тартылған банк акциялары құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.»;
9-тармақтың екінші абзацындағы «20-бабы 2-тармағының 3), - 5) тармақшалары» деген сөздер «20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк холдингі болғысы келетін тұлға осы баптың 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа:
1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты құжаттарды;
2) егер өтініш берушінің банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератын қалыптастыруға алып келетін болса, банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есеп-қисабын ұсынады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган тұлғаның банк холдингі мәртебесін иеленуіне келісім берген кезде, бір мезгілде банк капиталына қомақты қатысуына не еншілес банк құруына (иеленуіне) рұқсат береді.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган банк холдингі, банктің ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаға келісім беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілген тұлға жазбаша хабарлама алған кезден бастап алты айдың ішінде өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялар санын банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк иеленген акциялар шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына дейін ұлғайтқан жағдайда, құжаттарға қосымша ретінде және осы тармақта көрсетілген мерзімдерде таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.»;
10) 20 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Банктің және банк холдингінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Банктің басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де басшылары банктің басшы қызметкерлері болып танылады.
Банктің бас бухгалтерін қоспағанда, банктің оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшылары және олардың бас бухгалтерлері, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар және бір ғана құрылымдық бөлімшенің қызметін бақылауды жүзеге асыратын адамдар банктің басшы қызметкерлері болып табылмайды.
2. Банк қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға банктің қаржы жылы ішінде банктің барлық басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Банктің басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ оларға материалдық көтермелеудің басқа түрлерін есебіне жазу бойынша банктің ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
3. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер саласында еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның талаптары көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
4. Банктің ірі қатысушысы банктің атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
Атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
1) бас банктің атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, банктің атқарушы органының басшысы, бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
2) банктің басқару органының басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар банктің өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Банктің тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
8. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкерлердің осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестің теріс нәтижесі.
Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынған жағдайда) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;
3) банктің уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе банктің уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;
4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өз лауазымын атқарып отырған осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы;
5) уәкілетті орган кандидатқа қолданған санкциялардың және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларының болуы.
Осы талап банк, банк холдингі кандидатты келісу туралы өтінішхатты беру күніне дейінгі бір жыл ішінде қолданылады;
6) кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат басшы қызметкердің не басшы қызметкердің міндетін атқарушы лауазымын атқарып отырған (атқарған) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және уәкілетті орган сол үшін осы қаржы ұйымына, осы банк немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы уәкілетті органда мәліметтердің болуы.
Осы талап уәкілетті органның бұзушылықты анықтаған күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады;
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдер түсініледі.
9. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол банктің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе осы банктегі өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны осы банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін осы банктің басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
11. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) қолдануы;
3) банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттетуі;
4) банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті органның осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерді орындаудан шеттеткенге дейін банк, банк холдингі оларды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайларда, уәкілетті органның осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуі;
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алады.
Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган банктің басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, банк осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
12. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен банкті консервациялауды жүргізу немесе оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы шешім қабылдаған жағдайларда, банк басқарушы органның басшысы, атқарушы органның басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен жасалған еңбек шартын бұзуға міндетті. Еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы банктің атқарушы органының басшылары үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басшы лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың талаптарына атқарушы органның басшысы сай келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.
14. Банк холдингінің басқару органдарының, атқарушы органның басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, еншілес (ұйымның) ұйымдардың және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын (ұйымның) ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.