Прокуратура туралы
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы № 2709 Заңы
(2015.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен осы Заң өзгертілді
1-тарау Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
2. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртібі және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актілерімен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметiнiң принциптерi
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынатын органдардың, ведомстволардың, мекемелердiң және білім беру ұйымының бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы өз қызметiн басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береді.
3. Өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады.
4. Заңда белгiленген негiз бен тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi.
5. Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,сондай-ақ мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1 Заңымен 4-бап толықтырылды; ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 4-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан:
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
11) заңда белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
12) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыруды жүзеге асырады;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіреді және жүргізеді;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-бап. Прокуратура органдарының жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметi
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалау тексерулер және (немесе) заңдылықтың жай-күйін талдау жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына;
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесіне;
4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келісімiмен оны жүргiзу мерзiмiн ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi мен прокурорлық қадағалау актілері, егер олар осы Заңда және басқа нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп пен нысандарда жасалған болса, заңда белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi
6-бап. Прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлдiгi
1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
2. Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;
2) тексерiске қатысу және қорытынды беру үшiн мамандар бөлуге.
3) прокурорлардың қадағалау қызметiн қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген талаптары (сұрау салулары, тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттік органдардың, лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi.
4. Талап етiлген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде берiледi.
5. Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткізуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бap.
6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.
7. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талабы бойынша дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.
8. Прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
7-бап. Арыздарды қарау
1. Прокуратура органдары заңдарда белгiленген тәртiппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келiп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтiру шараларын қолданады.
2. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту шараларын қолданады.
4. Прокуратура органдарына қол қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi, бiрақ прокурор азаматтың мүддесi тұрғысында ақпарат көзiн жария етпеуге хақылы.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актілеріне шағымдану
1. Прокурордың iс-әрекеттерi мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актілеріне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актілерінiң күшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру
1. Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олардың іс-әрекеттерін үйлестіру арқылы жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетілген қызметті Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңестерінің шеңберінде жүзеге асырады.
2. Үйлестіру кеңестері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2-тарау Прокуратура органдарының жүйесi және оларды Ұйымдастыру
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымы құрылуы мүмкін.
Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1 Заңымен 10-бап өзгертiлдi
10-бап. Республиканың Бас прокуроры және оның орынбасарлары
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 1-тармағы бірінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді
1. Республиканың Бас Прокурорын:
1) Парламент Сенатының келісімiмен Республика Президентi бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;
2) қызметтен Республика Президентi босатады;
3) ол Республика Президентiне есеп бередi;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, Сенаттың келiсiмiнсiз өз өкiлеттiктерi мерзiмi iшiнде ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Республика Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Республика Бас Прокурорының орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның тиiстi департаменттерiнiң бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.
10.10.01 ж. № 247-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 374-IV (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi
Республиканың Бас Прокуроры:
1) Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың қызметiне басшылық етедi;
2) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
3) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері орындауға мiндеттi, Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру және оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын іске асыру тәртiбiн реттейтiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;
4-1) өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша;
құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;
осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4-2) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдар шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;
5) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды, мекемелерді және білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыну енгізеді;
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен қамтылған жекелеген мемлекеттік органдарының штат санын қараңыз
6) Республика Президентiне жоғары сыныпты шендер мен әскери атақтар беру үшiн кандидатуралар ұсынады;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) ведомстволар, мекемелер және білім беру ұйымы басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ, аудандар, қалалар прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
8) елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметi туралы Республика Президентi алдында есеп бередi;
9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;
10) прокуратура органдарының қызметкерлерiн және жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметтi атақтар беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен наградтайды;
10-1) «Прокуратураның құрметтi қызметкерi» атағын бередi, осы атақты беру тәртібі туралы Ереженi бекiтедi;
11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қару мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртібін айқындайды;
11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) прокуратураның білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың тәртібін айқындайды;
12) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен; 2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертiлдi
12-бап. Бас прокуратура
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Республиканың Бас Прокуроры басшылық етедi.
2. Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.
3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.
4. Департаменттердің, басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшiлердi, көмекшiлердi, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшiлердi, департаменттердің, басқармалар мен бөлiмдердiң аға прокурорлары мен прокурорларын Республиканың Бас Прокуроры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
5. Бас прокуратура:
1) Республика прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi;
2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды;
3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;
5) жедел-iздестiру қызметiн, жасырын тергеу әрекеттерін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;
6) кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi;
7) норма шығарушылық қызметiне қатысады;
8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 6-тармақпен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.
13-бап. Облыстардың прокурорлары
Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:
1) облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылық жасайды;
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)