Медицина қызметкерінің клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не жиырма тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
425-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 426-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу
1-тармақтың бірінші абзацы 2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді, осы абзац қолданысқа енгізілгенге дейін 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
1. Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, -
жеке тұлғаларға - жетпіс, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген, вакциналарды әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-2-бөлікпен толықтырылды
2-2. Вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізетін дәрілік заттарға сараптама жүргізу тәртібін бұзу -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, қолдану (пайдалану), жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, -
қызметтi тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдік-профилактикалық тамақ өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бiрiншi, 2-1 және үшінші бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, емдік-профилактикалық тамақ өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға алып келеді.
427-бап. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу -
заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
428-бап. Денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама
Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын таратуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 429-баптың тақырыбы өзгертілді
429-бап. АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе психотроптық заттарды тұтынушы адамдардың медициналық зерттеліп-қаралудан және емделуден жалтаруы
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден одан әрі жалтаруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе психотроптық заттарды тұтынып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық зерттеп-қаралудан және емделуден жалтаруы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
430-бап. Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болған және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрiлік заттарды қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы -
жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
431-бап. Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы
Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
432-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат беру
1. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен беру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
433-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің ақпаратты:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға - айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, уланулар жағдайлары туралы;
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға - жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға - төтенше ахуалдардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы;
ішкі істер органдарына - жаңа алған жарақаттар, жаралар, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық себебі бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді беру (шұғыл хабарлау) жөніндегі міндеттерді бұзуы -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - сертификаттан айыра отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
25-тарау. Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
434-бап. Ұсақ бұзақылық
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиісу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2023.03.01. № 187-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 434-1-баппен толықтырылды
434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 434-2-баппен толықтырылды
434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау
1. Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 436-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 436-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
436-бап. Пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану
1. 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану -
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет-
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекет-
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
437-бап. Тыныштықты бұзу
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
438-бап. Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру -
жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 439-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
439-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 440-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
1. Жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 441-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу
2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-2-бөлікпен толықтырылды; 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.