15) жетім балаларға жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын жəне педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату тəртібін сақтау;
16) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
17) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
18) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
19) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке жəне шарттарға сəйкес кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
20) тиістi кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды жəне одан алып қайтуды ұйымдастыру.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24) жəне 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету жəне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
20) жетім балаларға жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату тəртібін сақтау;
21) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
22) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
23) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
24) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке жəне шарттарға сəйкес кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
25) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғынжаймен қамтамасыз ету.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) жəне 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
15) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
16) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
17) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғынжаймен қамтамасыз ету.»;
7-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі
6) мынадай мазмұндағы 52-4-баппен толықтырылсын:
«52-4-бап. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі
1. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) қатысты баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
2. Мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы алдыңғы мемлекеттік бақылауды;
2) мемлекеттік бақылау субъектілері, оның ішінде «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесі жəне Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жəне балаларды өз отбасына тəрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі арқылы ұсынатын есептілік пен мəліметтердің мониторингін;
3) мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың интернет-ресурстарының жəне өзге де ашық дереккөздердің деректерін;
4) күнтізбелік бір жыл ішінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған жолданымдардың санын талдау нəтижелері бойынша тəуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тағайындайтын тексеру жоспарлы тексеру болып табылады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүргізіледі.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі осындай мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тəуекелдерді басқару мақсаттары үшін жоспарлы тексеру нысанындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тəуекел дəрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тəуекел;
2) орташа тəуекел;
3) төмен тəуекел.
Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тəуекелдің орташа дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Жоспарлы тексеруді жүргізу үшін қолданылатын тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарын жəне тексеру парақтарын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы бекітеді жəне өзінің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Жоспарлы тексерулердің жылдық тізімі (бұдан əрі - тексерулердің жылдық тізімі) мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспарлы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.
Тексерулердің жылдық тізімі тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тексерулердің жылдық тізімін өзінің интернет-ресурсында жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде орналастырады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде тексерулердің жылдық тізімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының бірінші басшысы осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде бекітеді.
Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік бақылау субъектілері таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгертілген, олардың арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралуы жəне оларға байланысты шектеулер туындаған немесе туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы жəне қайта басталуы мүмкін.
5. Жоспарлы тексерулер тексерулердің жылдық тізіміне сəйкес тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
6. Мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) егер мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермесе жəне (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, мемлекеттік бақылау нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары;
4) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;
6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы.
Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
7. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталған күнін көрсете отырып, жоспарлы тексеру жүргізудің басталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау субъектісіне хабарламастан жүргізіледі.
8. Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген тексеруді тағайындау туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексерудің басталуы болып есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы жəне мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
Тексеруді тағайындау туралы актіде аталған лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
9. Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органына оларды электрондық нысанда ұсыну арқылы тексеру басталғанға дейін тіркеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
5) мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
9) тексеру жүргізілетін кезең;
10) тексеру субъектісінің осы баптың 21-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы жəне мемлекеттік органның мөрі;
12) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Тексеруді тағайындау туралы актілерді, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, тіркеуден бас тартудың жəне олардың күшін жоюдың, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту жəне тексеру мен оның нəтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламалар жасау тəртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
10. Тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне:
жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;
жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде - он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.
Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі жəне оларды ұзарту себебі көрсетіледі.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні міндетті түрде ресімдейді жəне бұл туралы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер мемлекеттік бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына электрондық пошта мекенжайын бұрын ұсынған болса, осы мемлекеттік бақылау субъектісінің осындай мекенжайы бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тəсілмен жіберіледі.
11. Тексерулер мемлекеттік бақылау субъектілерінің (объектілерінің) жұмыс регламентінде белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының тексеруге келген лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
12. Тексеру нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамы:
1) тексеру нəтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актіге қажет болған кезде тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
13. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы;
6) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;
7) тексерудің түрі мен нысанасы;
8) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мəліметтер;
9) талаптарды орындау жəне бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
10) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
11) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
14. Тексеру нəтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда тексеруді жүргізу кезінде қатысқан оны алмастыратын адамның лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
5) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;
6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;
8) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
15. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен қоса, мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органында қалады.
16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, олар бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.
17. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін нұсқамада белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.
18. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісіне нұсқаманы орындау жөнінде ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салуды екі жұмыс күні ішінде жібереді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
19. Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
20. Осы бапта белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
21. Мемлекеттік бақылау субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;
осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде (болған кезде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы акт болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының тексеру нəтижелері туралы актісіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
22. Мемлекеттік бақылау субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау субъектісінің аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;