51-4-бап. Мониторинг ұйымдастыру тəртібі
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы мониторинг жүргізуге негіз болғанда, мониторинг осындай талаптардың сақталуы тұрғысынан ерекше бақылау жəне қадағалау объектісін зерттеп-қарауды білдіреді. Мониторинг əкімшілік іс жүргізу қозғалмай жүзеге асырылады.
2. Мониторинг:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жəне олардың орынбасарларының;
2) мынадай:
жаппай инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған;
интернаттық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, балаларға арналған санаторийлік-курорттық жəне сауықтыру ұйымдарының қызметтер көрсетуге дайындығын қызметтер көрсету басталғанға дейін жəне қызметтер көрсету кезеңінде бағалау қажет болған;
балаларға медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық-профилактикалық жəне санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бағалау қажет болған жағдайларда уəкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы болған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Мониторинг жүргізу туралы шешімде мыналар көрсетіледі:
1) қызмет түрі;
2) мониторинг нысанасы;
3) мониторинг тағайындалатын аумақ (Қазақстан Республикасы немесе оның жекелеген əкімшілік-аумақтық бірліктері);
4) мониторинг жүзеге асырылатын кезең.
3. Ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде жаппай инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған кезде осыған ұқсас қызметтер көрсететін ерекше бақылау жəне қадағалау объектілеріне қатысты мониторинг тағайындалады.
4. Аумақтық бөлімшелер мониторинг жүргізу туралы шешімнің негізінде мониторингті осы шешімде белгіленген кезеңде жүргізуге міндетті.
5. Мониторинг жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне осы баптың 6-тармағына сəйкес ұзартылуы мүмкін.
Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі табыс етілген күн мониторинг жүргізудің басталғаны болып есептеледі.
6. Мониторинг жүргізу мерзімі зертханалық зерттеулердің нəтижелерін алу қажет болған жағдайда аумақтық бөлімше басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) шешімі негізінде он жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
7. Мониторинг жүргізу туралы бір шешімнің шеңберінде ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне мониторинг бір реттен асырылмай жүргізілуге тиіс.
51-5-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешім
1. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру аумақтық бөлімшенің ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.
2. Тексерулерді тағайындау туралы актілер, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, олардың мерзімдерін ұзарту туралы актілер тексеру немесе мониторинг басталғанға дейін аумақтық бөлімшелердің оларды мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынуы арқылы тіркелуге тиіс.
Тексеруді немесе мониторингті мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеруді жүргізудің басталуы болып есептеледі.
4. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіндегі мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады жəне табыс етіледі.
5. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт қағаз жеткізгіште екі данада жасалады. Бірінші данасы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) табыс етіледі, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға) оларды алғаны жөнінде қол қоятын екінші данасы аумақтық бөлімшеде қалады.
Ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі жəне мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім қағаз жеткізгіште ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғызып табыс етіледі.
6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім электрондық нысанда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) «электрондық үкімет» веб-порталы немесе мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы немесе егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болса, сол мекенжайға жіберу арқылы табыс етіледі.
7. Тексеруге немесе мониторингке келген аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдары ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне:
1) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын көрсетуге міндетті.
8. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіні, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін қабылдаудан бас тартылған, тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының тексеруді немесе мониторингті жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы жəне заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға бас тартудың себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
9. Тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді алудан бас тарту ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексерудің немесе мониторингтің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
10. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
11. Тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы аумақтық бөлімшенің шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұл жөнінде ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі жəне мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган ауыстырылу себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталған күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
51-6-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу мерзімдері
1. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың, сондай-ақ қойылған міндеттердің көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне:
жоспарлы тексеру жүргізу кезінде - тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады;
жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде - тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.
2. Тексеру жүргізу мерзімдерін аумақтық бөлімшенің басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) зертханалық зерттеулердің нəтижелерін алу қажет болған жағдайда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге ұзартуы мүмкін.
3. Тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда аумақтық бөлімше қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні жəне ұзарту себебі көрсетіліп, ол мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі.
Тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда аумақтық бөлімше бұл жөнінде ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уəкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.
4. Аумақтық бөлімше тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны тексеру мерзімдері аяқталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын «электрондық үкімет» веб-порталы немесе мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы, егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болса, сол мекенжайға немесе өзге де қолжетімді тəсілмен жібереді.
51-7-бап. Тексеру жəне мониторинг нəтижелерін ресімдеу тəртібі
1. Тексеру жəне мониторинг нəтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы:
1) тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіні;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы жасайды.
2. Тексеру немесе мониторинг жүргізу барысында бұзушылықтар анықталғанда олардың нəтижелері туралы əрбір акт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.
3. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге мыналар қоса беріледі:
1) бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
2) өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) алу, тұлғаларды зерттеп-қарауға жіберу актілері, зертханалық жəне (немесе) аспаптық зерттеулердің, өлшеулердің хаттамалары (қорытындылары) жəне тексеру немесе мониторинг нəтижелерімен байланысты басқа да құжаттар (олар болған кезде) немесе олардың көшірмелері.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық жəне қаржылық мүмкіндіктердің болуы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі қосымша уақыт шығындары жəне (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда өзіне тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен аумақтық бөлімшеге жүгінуге құқылы.
Өтініште ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды жəне оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
7. Аумақтық бөлімше өтініште баяндалған дəлелдерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы немесе уəжді негіздемемен мерзімдерді ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады жəне табыс етіледі.
9. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қағаз жеткізгіште екі данада жасалады. Бірінші данасы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) табыс етіледі, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға) оларды алғаны жөнінде қол қоятын екінші данасы аумақтық бөлімшеде қалады.
10. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама электрондық нысанда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы немесе егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болса, сол мекенжайға жіберу арқылы табыс етіледі.
11. Аумақтық бөлімше тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда жібереді.
12. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етілген күн тексеру немесе мониторинг мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
13. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің басшысы не оның өкілі ескертулерді жəне (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде актіде тиісті белгі жасалады.
14. Тексеру немесе мониторинг жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда олардың нəтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі ішінде ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі аумақтық бөлімшеге анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілмеген немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда аумақтық бөлімше жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
17. Жоспардан тыс тексеру шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық шаралары қолданылады.
18. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі аумақтық бөлімшеге бұзушылықтарды жою тəртібі мен тəсілдерін егжей- тегжейлі сипаттай отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы толық ақпарат беруге міндетті. Бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру талап етілмейді.
51-8-бап. Тексерудің немесе мониторингтің жарамсыздығы
1. Мынадай негіздердің бірі болған кезде тексеру жарамсыз деп танылады:
1) тексеру жүргізу үшін негіздердің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;
4) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне тексеруді тағайындау жəне (немесе) оның мерзімдерін ұзарту (болған кезде) туралы актінің ұсынылмауы;
5) аумақтық бөлімшенің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерудің тағайындалуы;
6) тексеруді тағайындау жəне (немесе) оның мерзімдерін ұзарту (болған кезде) туралы акт белгіленген мерзімдерде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілмей, тексерудің жүргізілуі;
7) тексеру жүргізудің осы параграфта көзделген мерзімдерінің бұзылуы.
2. Мынадай негіздердің бірі болған кезде мониторинг жарамсыз деп танылады:
1) мониторинг жүргізу үшін негіздердің болмауы;
2) аумақтық бөлімшенің құзыретіне кірмейтін талаптардың бақылануы;
3) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне мониторинг жүргізу туралы шешім көшірмесінің жəне (немесе) мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімнің (болған кезде) ұсынылмауы;
4) мониторинг нысанасы шеңберінен шығатын мəселелер бойынша мониторингтің жүргізілуі;
5) мониторинг жүргізу мерзімдерінің бұзылуы.
3. Жарамсыз деп танылған, тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту, тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актілер, тексеру немесе мониторинг қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзуының дəлелдемесі бола алмайды.
4. Тексеруді немесе мониторингті жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың осы тексеру немесе мониторинг нəтижелері бойынша актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
5. Тексерудің немесе мониторингтің жарамсыздығына байланысты тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту, тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актілердің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің өтінішін жоғары тұрған мемлекеттік органның қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.»;
6) 82-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «өндірістік» деген сөз «осы Кодекстің 45-бабында көзделген талаптарды ескере отырып, өндірістік» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 102-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың пайда болу, таралу қаупі төнген жағдайда бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің қаулыларымен бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, орындауға міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық- профилактикалық іс-шаралар айқындалады.
Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің қаулыларын орындауын тексеру осы Кодекстің 5-тарауының 2-1-параграфында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.».
5. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 31-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
бесінші абзац «балаларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтетін балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац «олимпиадаларын» деген сөзден кейін «, алғашқы əскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 32-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:
он бірінші абзац «балаларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтетін балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
он екінші абзац «олимпиадаларын» деген сөзден кейін «, алғашқы əскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-1-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді жəне оларды қайта атауды келісу;»;
3-тармақтағы «сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту» деген сөздер «олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді жəне оларды қайта атауды келісу» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) жəне 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6-2) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау жəне қарау, сондай-ақ əкімшілік жаза қолдану;»;
2) 28-2-баптың 3-тармағында:
бірінші бөлікте:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адам;»;
13) тармақша алып тасталсын;
екінші бөліктегі «, 12) жəне 13)» деген сөздер «жəне 12)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 47-3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.»;
7-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 52-баптың 3, 4 жəне 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншік түріне, нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдары жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
4. Осы Заңға сəйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
5. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 52-2-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) жəне 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету жəне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;