55) жануарларды реинтродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру;
56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту - жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру;
57) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
58) жолдама - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (біржолғы немесе маусымдық);
59) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды
59-1) ихтиологиялық байқаулар - балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;
60) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 60-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
60-1) кәсіпшілік күш-жігер - балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялар көлемі, оның ішінде ол кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдардың, жүзу құралдарының, балықшылардың рұқсат берілетін санын қамтиды;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 60-2) тармақшамен толықтырылды
60-2) кәсіпшілік күш-жігер - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялардың, оның ішінде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдарының, жүзу құралдарының, балықшылардың жол берілетін санын қамтитын көлемі;
61) кәсіпшілік қор - дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;
62) кездейсоқ ауланым - рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 62-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62-1) кинологиялық қызмет - қазақы тұқымды иттерді машықтандыруға, баулуға, айтақтауға және оларды практикалық пайдалануға, оның ішінде спортта және аң аулауда пайдалануға өзге де даярлауға, қазақы тұқымды иттерді пайдалана отырып, зоотехникалық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қазақы ит тұқымдарымен жұмыс істеу бойынша сарапшыларды оқытуға және мамандарды даярлауға байланысты қызмет.
Қазақы тұқымды иттерді машықтандыру, баулу, айтақтау және оларды практикалық пайдалануға өзге де даярлау деп қазақы тұқымды иттерді жұмысқа қалыптастыру мен үйретуді және (немесе) аң аулауға, спортқа және далалық сынақтарға даярлауды түсінген жөн;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 62-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
62-2) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы - табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
63) криоконсервіленген жыныс клеткалары - жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөліп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 63-1) тармақшамен толықтырылды
63-1) күріш атызы - су жіберілген күріш немесе басқа да дақылдарды өсіруге арналған, балық өсіру үшін пайдаланылуы мүмкін жер учаскесі;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 63-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
63-3) қазақы ит тұқымдары - ежелгі тұқымдар - қазақы ит тұқымдарының бекітілген стандартына сәйкес келетін қазақы тазы мен қазақы төбет;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 63-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
63-4) қазақы ит тұқымдарының стандарты - қазақы тұқымды иттердің сыртқы тұрпаттық-бітімдік сипаттары мен пайдаланушылық қасиеттері бойынша сипаттамасы;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 63-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
63-5) Қазақы тұқымды иттердің бірыңғай тұқым-тегі кітабы (бұдан әрі - Бірыңғай тұқым-тегі кітабы) - шығу тегі, тұқымдылығы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік сипаттамалары мен өзге де қасиеттері туралы мәліметтер көрсетілген қазақы тұқымды иттер туралы деректер жинағы;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 63-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
63-6) қазақы тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлік (бұдан әрі - шығу тегі туралы куәлік) - оның тұқым-тегі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
64) қорықшы - бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы;
65) қорықшы куәлігі - қорықшының құқықтарын куәландыра-тын, белгіленген нысандағы құжат;
66) қорықшылық қызмет - аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
67) қыстау шұңқыры - қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
68) өзен (теңіз, көл) бассейні - су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 69) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69) рекреациалық балық аулау аймағы - әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
70) сервитут - аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 71) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
71) су айдындарына балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 71-1) тармақшамен толықтырылды
71-1) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы - сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 71-2) тармақшамен толықтырылды
71-2) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы - сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсіруге байланысты шаруашылық қызмет түрі;
72) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау - су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;
73) сүзу - жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 73-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 73-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
73-1) тоғанда балық өсіру шаруашылығы - балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалана отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 73-2) тармақшамен толықтырылды
73-2) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы - табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 73-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
73-3) тұқымы таза қазақы тұқымды ит - қазақы ит тұқымдарының бекітілген стандартына сәйкес келетін және сол тұқымға жататын тегінің кемінде үздіксіз үш буыны туралы мәліметтер қамтылған шығу тегі туралы куәлігі бар қазақы тазы немесе қазақы төбет тұқымдас ит;
74) тыныштық аймағы - жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар, шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру қызметі айқындайтын, оның шеңберінде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 75) тармақша жаңа редакцияда
75) уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) - жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер және жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
76) уылдырық шашу - балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;
77) уылдырық шашатын орын - балықтардың уылдырық шашатын орны;
78) ұйық (ұйықтық учаске) - су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 78-1) тармақшамен толықтырылды
78-1) фермерлік аңшылық шаруашылығы - жеке меншіктегі жануарларды аңшылық мақсатында қолдан өсіруге маманданатын аңшылық шаруашылығы;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 79) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
79) шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру - жобаланатын аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық шаруашылығының шекарасы мен санаттарын айқындау, оның алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен ол мекендейтiн ортаның жай-күйiн, жануарларды есепке алу әдістемелерін, жануарларды есепке алудың бақылау маршруттары мен алаңқайларын айқындау;
80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешені.
2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Жануарлар дүниесiнiң санаттары
1. Жануарлар дүниесi мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi;
2) жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
3) жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерi;
5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;
6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар түрлерiн санаттарға жатқызу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында биологиялық негіздеме негізінде ведомствоаралық зоологиялық комиссияның ұсынымы бойынша жүргiзiледi.
4-бап. Жануарлар дүниесiне және жануарлар дүниесi объектiлерiне меншiк
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жануарлар дүниесі Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.
2. Мекендейтiн ортадан осы Заңда белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерi оларды аулаған, өсiретiн және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншiгi болып табылады.
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қатынастар субъектiлерi
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қатынастар субъектiлерi болып табылады.
2-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқару
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар:
1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттік монополияға жатқызылған өнімнің басқа түрлерін өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөніндегі қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;
4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;
5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;
7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар:
1) қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету;
2) қазақы ит тұқымдарының таза тұқымдылығын қорғау болып табылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесі
1. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мамандандырылған ұйымдар;
6) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері кіреді.
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2. Қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне:
1) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;
2) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
3) Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы;
4) кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-2-бап өзгертілді
6-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдар
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшелiктерi
Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттік есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттік басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бассейндiк принцип бойынша, сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарында жүзеге асырылады.
Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі заңсыз пайда болған балықтар мен басқа да су жануарларын уақтылы анықтау және олардың өткізілуін болғызбау мақсатында ауланған, сатып алынған, қолдан өсірілген балықтар немесе басқа да су жануарлары, балықтар мен басқа да су жануарларының көтерме және бөлшек саудада өткізілуі, экспорты және импорты туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуге қабілетті жүйені білдіреді.
Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) - 5) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету туралы шешім қабылдайды;
7) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;
8) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгiзедi;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
12) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті