Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 Қаулысы
(2016.04.02. берілген өзгерістермен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 662 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2014.24.02. № 129 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 43, 394-құжат):
1-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қызметпен» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:»;
6-тармақтағы «Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
мәтініндегі «мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің» деген сөздер«» өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының « деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде:
6-тармақтың 3) тармақшасындағы «мемлекеттік өртке қарсы» деген сөздер «өртке қарсы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қадағалау» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің бірыңғай нысанында:
«мемлекеттік өрт қадағалау органдары» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2008.12.03 № 243 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2012.15.05. № 622 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. ҚР Үкіметінің 2007.13.08 № 692 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
9. ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 173 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2015.12.10. № 821 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. ҚР Үкіметінің 2015.12.10. № 821 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
12. ҚР Үкіметінің 2007.23.02. № 138 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
13. ҚР Үкіметінің 2006.05.05. № 371 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
14. ҚР Үкіметінің 2014.03.12. № 1272 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
15. ҚР Үкіметінің 2007.08.09. № 781 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
16. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 25 шілдедегі № 628 Қаулысымен алып тасталсын (бұр. ред. қара)
17. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 84 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
18. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:
7-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын.
19. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
20. «2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1347 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 50, 644-құжат):
мәтіндегі «мемлекеттік» деген сөз алынып тасталсын.
21. ҚР Үкіметінің 2009.26.01 № 45 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 662 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. ««Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1345 қаулысының 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 45, 433-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 505 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 15, 121-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әpi реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1143 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 33, 305-құжат) 3-тармағы және 7-тармағының екінші - қырық екінші абзацтары.
5. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы №1788 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 56, 507-құжат) 2-тармағының екінші және үшінші абзацтары.
6. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 қаңтардағы № 10 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 616 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 20-21, 213-құжат).