мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейі туралы өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға;»;
12) жəне 12-1) тармақшалардағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 22) тармақшасының жиырмасыншы - отызыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) тармақша «мерзімі біткен» деген сөздерден кейін «қауіпті техникалық құрылғыларды,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге;»;
17) тармақшадағы «саласындағы мамандардың, жұмыскерлердің даярлығын, қайта даярлығын жəне білімін тексеруді» деген сөздер «саласында басшыларды, мамандарды жəне жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды жəне олардың білімін тексеруді (емтихандар өткізуді)» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы өз кəсіби авариялық-құтқару қызметтерін құруға немесе өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы кəсіби авариялық-құтқару қызметтерімен шарттар жасасуға;»;
20) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектілерді» деген сөздер «қауіпті техникалық құрылғылар мен қауіпті өндірістік объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын,» деген сөздер «қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар), эскалаторлар, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштер пайдаланылатын жұмыстарды;»;
23) 17-баптың 3-тармағындағы «ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздер «аумақтық органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 24) тармақшасы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
24) 18-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «қарауға міндетті.» деген сөздер «қарауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) саяхат басталғанға дейін уəкілетті органның аумақтық органына өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлер, су, таулы жəне спелеологиялық объектілер бойынша саяхат кезінде жүру маршруттары туралы хабарлауға міндетті.
Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы жəне спелеологиялық объектілердің тізбесін жəне уəкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау тəртібін уəкілетті орган айқындайды.»;
25) 19-бапта:
3-тармақ «органдарда жəне» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «органның аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші бөліктің 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уəкілетті органға жəне оның аумақтық органдарына;
2) орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жəне жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.
Бұл ретте азаматтық қорғанысты ұйымдастыру жəне жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік органның жұмылдыру органдарымен ұйымдық түрде біріктірілуі мүмкін;»;
екінші бөліктегі «, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерде» деген сөздер «жəне оның аумақтық органдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 20-бапта:
2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын міндеттердің көлеміне байланысты қалалар үшін мынадай: ерекше, бірінші жəне екінші топтар айқындалады.
Қалаларды топтарға жатқызу мынадай өлшемшарттар бойынша белгіленеді:
1) ерекше топқа астана жатады;
2) бірінші топқа республикалық маңызы бар қалалар жатады;
3) екінші топқа облыстық маңызы бар қалалар жатады.
39-тармағы 26) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
3. Əлеуетті қауіптілікке, жаһандық, өңірлік жəне жергілікті ауқымдағы ықтимал төтенше жағдайлардың əлеуметтік-экономикалық салдарының шамасына жəне ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерге байланысты ұйымдар азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттарға бөлінеді: аса маңызды жəне санатталған.
Жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар аса маңызды санатқа жатады.
Санатталған ұйымдарға:
аса маңызды мемлекеттік меншік объектілері;
стратегиялық объектілер;
өнеркəсіптің, көлік-коммуникация кешенінің жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын жəне жобаланатын қауіпті өндірістік объектілері бар, маңызды мемлекеттік жəне экономикалық мəні бар ұйымдар;
уларды өндірумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, өткізумен, пайдаланумен жəне жоюмен, патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеумен айналысатын ұйымдар;
жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын жəне жобаланатын тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жатады.»;
5-тармақта:
«аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздер «аумақтық органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбелерді дайындайды, оларды» деген сөздер «ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбені дайындайды, оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 21-бапта:
бірінші абзац «мақсатында» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар,» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшаның үшінші абзацындағы «басқару,» деген сөз «, қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша жəне жылжымалы басқару пункттерін,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«азаматтық қорғаныс жоспарларын қолданысқа енгізу, қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша жəне жылжымалы басқару пункттерін іске қосу;»;
үшінші абзац «қорғаныстың» деген сөзден кейін «ең қарапайым жасырын паналары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацтағы «басқару, құлақтандыру жəне байланыс пункттерін» деген сөздер «басқару пункттерін, құлақтандыру жəне байланыс жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «басқару,» деген сөз алып тасталсын;
28) 22-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«төтенше жағдай енгізілген жəне терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, əскери қызметшілері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ азаматтық қорғау құралдарын қорғау;
төтенше жағдай енгізілген жəне терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде күзетілетін қарауылдарға, объектілерге, азаматтық қорғаныс əскери бөлімдерінің, уəкілетті органның аумақтық органдарының, оның ведомстволарының, өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының үй-жайлары мен құрылысжайларына қарулы шабуылды тойтару;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарында көрсетілген міндеттерді орындау үшін арнаулы мақсаттағы бөлімшелер құрылады.»;
29) 23-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «басқару пункттері, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы» деген сөздер «қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары, ең қарапайым» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 29) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларына паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын паналар және мобильді қорғаныш құрылысжайлары жатады.
Азаматтық қорғаныстың жылжымалы қорғаныш құрылысжайларын қоспағанда, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Ғимарат пен құрылыстың құрамында азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайы (жеке тұрған немесе қосып салынған) дербес кадастрлық нөмір бере отырып, жеке жылжымайтын мүлік объектісі ретінде қаралады.
3-2. Уәкілетті органның аумақтық органдарының ұсынуымен мемлекеттік меншік болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуші органда жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге жататын азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларының тізбесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен бекітіледі.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары көрсетілген ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары неғұрлым үлкен жұмыс істейтін ауысымға есептелуге және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылуға тиіс.»;
30) 3-бөлімнің тақырыбы «авиациясы» деген сөзден кейін «және теңіз ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 24-бапта:
3) тармақшадағы «, оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің,» деген сөздер «және оның аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшадағы «ұшуды орындайды.» деген сөздер «ұшуды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын;
«20) төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөніндегі ұшуды орындау үшін олардың тұрақты әзірлігі мақсатында әуе кемелерінің кезекшілігін;
21) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алуды орындайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның авиациясы уәкілетті органның және оның аумақтық органының өтінімдері бойынша ұшуды орындайды.»;
32) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Уәкілетті органның теңіз ұйымы
1. Уәкілетті органның теңіз ұйымының қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Уәкілетті органның теңіз ұйымы:
уәкілетті органды мұнайдың төгілуі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізеді, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою бойынша жедел іс-қимылдарды жүзеге асырады;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнайдың авариялық төгілуінің және қауіпті жүктердің ластауын жоюды жүзеге асырады;
Каспий теңізінің қазақстандық секторында авариялық жағдайлар кезінде көмек көрсетуді жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.»;
33) 25-бапта:
39-тармағы 33) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
39-тармағы 33) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері құтқарушылармен жасақталады, өзінің ғимараттар мен құрылысжайлардың мамандандырылған кешені, оқу-жаттығу полигоны, шаң, газ талдау зертханасы, орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшелігін ескере отырып, арнаулы техникасы, жабдығы мен аппаратурасы болады, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келеді.»;
39-тармағы 33) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі арнаулы техникамен, жабдықпен, аппаратурамен, жарақтармен, керек-жарақпен және құралдармен қамтамасыз етіле отырып, әзірлікте ұсталады.»;
39-тармағы 33) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) 27-1-бапта:
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «қайта,» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтағы «куәлік» деген сөз «аттестат» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған, оның ішінде біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
7. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын және бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамауы;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ерікті түрде жүгіну;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
8. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын және бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру оларды тоқтата тұру кезеңінде жүргізуге тыйым салуға алып келеді.
9. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылуын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жолданымы бойынша жүзеге асырылады.
10. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
11. Қауіпті өндірістік объектіде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын және бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат мынадай жағдайларда:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде жүгінгенде;
2) аттестаттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;
3) заңды тұлға таратылғанда;
4) аттестаттан айырғанда қолданысын тоқтатады.
12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталған кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және аттестаттарының қолданысы тоқтатылған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
35) 36-бапта:
39-тармағы 35) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «қадағалауға бөлінеді.» деген сөздер «қадағалауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылауға бөлінеді.»;
39-тармағы 35) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақта:
бірінші бөлік «Кәсіпкерлік кодексіне» деген сөздерден кейін «және осы Заңға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Заңға сәйкес жедел ықпал ету шараларын қолдану және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғау арқылы жүзеге асырылады.»;
36) 37-бапта:
1-тармақта:
«мемлекеттік бақылау» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
«жатқызылған, базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған» деген сөздер «жатқызылған ұйымдардың, базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтардың» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1), 2) және 3) тармақшалардағы «құрылымдық бөлімшесінің», «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер тиісінше «ведомствосының», «ведомствосы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4), 5) және 6) тармақшалардағы «орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің», «орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі» және «орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер тиісінше «органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органының», «органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органы» және «органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтың органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 37-1-бапта:
2-тармақтың жетінші бөлігінде:
«құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
(түпнұсқаға сәйкес)
«құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші бөліктегі «құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздер «ведомствосының немесе аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерудің басталатыны туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға табыс етілген немесе оның электрондық құжаты арқылы тексерілетін мемлекеттік органның электрондық поштасының мекенжайы бойынша жолданған күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.»;
4-тармақта:
бірінші және екінші бөліктердегі «құрылымдық бөлімшесі», «құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздер тиісінше «ведомствосы немесе аумақтық органы», «ведомствосының немесе аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздер «ведомствосының немесе аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«поштамен не» деген сөздерден кейін «тексерілетін мемлекеттік органның электрондық поштасының мекенжайы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «дәлелді» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөліктегі «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «актінің» деген сөзден кейін «(болған жағдайда мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің)» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы «құрылымдық бөлімшесінде», «құрылымдық бөлімшесіне», «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер тиісінше «ведомствосында немесе аумақтық органында», «ведомствосына немесе аумақтық органына», «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі «құрылымдық бөлімшесіне», «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер тиісінше «ведомствосына немесе аумақтық органына», «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтағы «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы, екінші бөліктің бірінші абзацындағы және үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «құрылымдық бөлімшесі», «құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздер тиісінше «ведомствосы немесе аумақтық органы», «ведомствосының немесе аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштер жасауға тыйым салынады.»;
18-тармақта:
2) тармақшадағы «құрылымдық бөлімшесіне» деген сөздер «ведомствосына немесе аумақтық органына» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
3), 4) және 5) тармақшалардағы «құрылымдық бөлімшесі» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «құрылымдық бөлімшесі», «құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздер «ведомствосы немесе аумақтық органы», «ведомствосының немесе аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы «құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздер «ведомствосының немесе аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 38-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінің, мекемелерінің аумағында - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларындағы «аумақтық бөлімшесінің», «аумақтық бөлімшесі» деген сөздер тиісінше «аумақтық органының», «аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 38) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі объектілерде, кәсіби өртке қарсы қызметте, сондай-ақ биіктігі 50 метр және одан жоғары объектілерде өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге тыйым салынады.»;
39-тармағы 39) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - бақылау және қадағалау органы) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарының тәуелсіздігі, объективтілігі, бейтараптығы, анықтығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекет бақылау және қадағалау органының есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен бақылау және қадағалау органының өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында бақылау және қадағалау органы жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күніне қатысады.