55) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
56) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
57) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс əскери бөлімдерін пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
58) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кəсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
59) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
60) халыққа жəне азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
61) төтенше жағдайлардың туындауына алып келген аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
62) кəсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
39-тармағы 14) тармақшасының алпыс жетінші абзацы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
63) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
64) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
65) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері санының нормативтерін əзірлейді жəне бекітеді;
66) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізеді;
67) сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
68) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
69) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
70) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
71) зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
72) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
73) Өртке қарсы қызметтің жарғысын əзірлейді жəне бекітеді;
74) уəкілетті органның жедел резервін күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
75) ұйымдарда, елді мекендерде жəне объектілерде өрттердің алдын алу жəне сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кəсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
76) өрт қауіпсіздігі қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
77) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, əскери қызметшілерін жəне жұмыскерлерін медициналық жəне психологиялық оңалту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
78) өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы актінің нысанын əзірлейді жəне бекітеді;
79) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін жəне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің əрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
80) бейбіт уақытта эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
81) уəкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарын бөледі жəне пайдаланады;
82) уəкілетті органның теңіз ұйымының қызметін үйлестіреді;
83) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде мұнай өнімдерін тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бəсекелестік негізде дербес сатып алады;
84) Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын əзірлейді жəне оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсынады;
85) азаматтық қорғау органдарында кинологиялық қызметті дамытуды қамтамасыз етеді;
86) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін жəне азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың əрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
87) өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын əзірлейді жəне бекітеді;
39-тармағы 14) тармақшасының тоқсан екінші - тоқсан алтыншы абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
88) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау жəне оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
89) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау жəне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
90) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
91) белгіленген нормалары мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
92) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді ұсыну мерзімдерін айқындайды;
93) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай үлесті, жəрдемақыларды жəне өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
94) азаматтық қорғау органдарында бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
95) азаматтық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жəне қайта даярлауды ұйымдастырады;
96) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
97) бейбіт жəне соғыс уақытында мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғауды жəне үздіксіз шифрланған байланысты қамтамасыз етеді;
98) соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
39-тармағы 14) тармақшасының бір жүз үшінші және бір жүз төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
99) төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
100) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды əзірлейді жəне бекітеді;
101) сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
102) осы Заңның міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
103) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уəкілетті органның жалауы мен рəмізі болады. Оның аумақтық органдары мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады, азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары, шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек қызметінің рəмізі болады.
Уəкілетті органның жалауы мен рəмізінің, уəкілетті органның аумақтық органдары, білім беру ұйымдары жалауларының, азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының жəне уəкілетті органның шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек қызметі рəмізінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
15) 12-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
«8-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде мұнай өнімдерін тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бəсекелестік негізде дербес сатып алады;»;
9) тармақша «сақтау пункттерінде» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымында жəне жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша алып тасталсын;
12) тармақшадағы «мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын» деген сөздер «мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-1) тармақшадағы «мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын» деген сөздер «мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-2) тармақшада:
«жою жəне» деген сөздер «жою немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын» деген сөздер «мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-3), 17-4), 17-5) жəне 17-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-3) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тəртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімнің жобасын əзірлейді жəне оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
17-4) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жəне жаңартуды ұйымдастырады;
17-5) мемлекеттік резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын жəне номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды алушы мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органның шешімімен басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;
17-6) осы Заңның міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік резерв саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
16) 12-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) жəне 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
1-2) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
39-тармағы 16) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) бұзылуы жедел ықпал ету шараларын қолдануға алып келетін өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарының тізбесін əзірлейді жəне бекітеді, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ықпал ету шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) жəне 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
39-тармағы 16) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«9-1) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын келіседі;
9-2) өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтерін əзірлейді жəне бекітеді;
9-3) осы Заңның міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
39-тармақтың 17) тармақшасы 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
17) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:
«12-3-бап. Азаматтық қорғау органдарының міндеттері
1. Азаматтық қорғау органдары мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
1) төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою;
2) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру жəне жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігін жəне өнеркəсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік резервті қалыптастыру жəне дамыту;
5) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту;
6) азаматтық қорғау саласындағы салааралық үйлестіру;
7) төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек көрсету;
8) азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілерін кəсіби қызметтік жəне физикалық даярлау жəне оларды ұдайы əзірлікте ұстап тұру.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтық қорғау органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.»;
18) 13-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды əзірлейді, бекітеді жəне (немесе) келіседі, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді жəне осы деректерді уəкілетті органға ұсынады;»;
39-тармағы 18) тармақшасының төртінші - он төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6, 7) жəне 8) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 9-1), 11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5) жəне 11-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік материалдық резерв жəне жұмылдыру дайындығы саласындағы уəкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тəртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;»;
«11-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша жəне номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
11-2) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сəйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;
11-3) жаңарту тəртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
11-4) алушы мемлекеттік органдармен жəне мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жəне номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;
11-5) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
11-6) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жəне жаңартуды ұйымдастырады;»;
14) тармақша «тұруын» деген сөзден кейін «ішкі» деген сөзбен толықтырылсын;
15) жəне 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) уəкілетті органмен келісу бойынша жаһандық жəне өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын əзірлейді жəне бекітеді;
16) қосалқы (қалалық) жəне көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;»;
39-тармағы 18) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындайды;»;
19) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс жоспарын əзірлейді жəне бекітеді;
2) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді (қажет болған кезде), сондай-ақ білімді насихаттауды жəне мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
39-тармағы 19) тармақшасының алтыншы - он үшінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдері бойынша жəне номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
4) мемлекеттік материалдық резерв жəне жұмылдыру дайындығы саласындағы уəкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тəртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
5) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдеріне сəйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;
6) жаңарту тəртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
7) алушы мемлекеттік органдармен жəне мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жəне номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;
8) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
9) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жəне жаңартуды ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын қалыптастыру жəне сақтау бойынша шығыстардың көлемі мен құрылымы бойынша ұсыныстар енгізеді;
11) азаматтық қорғаудың салалық кіші жүйелеріне басшылықты жүзеге асырады;
12) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады жəне олардың сақталуына, жаңартылуына жəне оларды қолдануға əзірлікте ұстап тұруға ішкі бақылауды жүзеге асырады;
13) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші жəне жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
20) 14-баптың 1) тармақшасындағы «орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін» деген сөздер «органның аумақтық органдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 15-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жергілікті атқарушы органдар тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың жəне олардың салдарының алдын алу, жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.»;
3-тармақта:
39-тармағы 21) тармақшасының бесінші абзацы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшадағы «өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру» деген сөздер «өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «құқықтары мен» деген сөздерден кейін «заңды» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) жəне 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте сейсмикалық қауіптілікті бағалауды жəне сейсмикалық аймақтарға бөлуді (аудандастыруды) жүргізуді ұйымдастыру;
10-2) сейсмологиялық станциялар желісін жəне ерте құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін кеңейту жəне жаңғырту;
10-3) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) əртүрлі ауқымды карталарын жəне сейсмикалық қауіп-қатер карталарын бекіту;»;
11) тармақшадағы «құлақтандыру мен хабар берудің» деген сөздер «құлақтандырудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) тармақша алып тасталсын;
39-тармағы 21) тармақшасының он төртінші және он бесінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) əлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау;»;
мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2), 22-3) жəне 22-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-1) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді жою үшін тартылатын күштер мен құралдарды жанар-жағармай материалдарымен жəне тамақпен қамтамасыз ету;
39-тармағы 21) тармақшасының он сегізінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
22-2) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындау;
22-3) тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныс жоспарын бекіту;
22-4) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді (қажет болған кезде), білімді насихаттауды ұйымдастыру, халықты жəне мамандарды оқыту;»;
4-тармақта:
3) тармақшадағы «ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен оның ведомствосына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, салуға, реконструкциялауға жəне жөндеуге жəрдем көрсетуге құқылы.» деген сөздер «аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен құрылыстарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, салуға, реконструкциялауға жəне жөндеуге жəрдем көрсетуге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) жəне 5) тармақшаларымен толықтырылсын:
«4) уəкілетті органның аумақтық органдарына азаматтық қорғау саласында халықты оқыту жəне даярлау орталықтарын құруға жəне жарақтандыруға жəрдем көрсетуге;
5) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) əртүрлі ауқымды карталарын жəне сейсмикалық қауіп-қатер карталарын əзірлеу үшін жергілікті бюджеттен ақша бөлу туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
22) 16-бапта:
2-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
39-тармағы 22) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
11) тармақшадағы «асыруға міндетті.» деген сөздер «асыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуге міндетті.»;
3-тармақта:
39-тармағы 22) тармақшасының жетінші - он үшінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша «жол берілген» деген сөздерден кейін «, қауіпті өндірістік объектілерде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «ұйымдастыруға жəне» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынатын өндірістік бақылау қызметін құруға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қауіпті техникалық құрылғыларға жəне техникалық құрылғыларға техникалық куəландыру жүргізуге;»;
5) тармақша «мерзімі біткен» деген сөздерден кейін «қауіпті техникалық құрылғыларға жəне» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшада:
«орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне» деген сөздер «органның аумақтық органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 22) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді