41) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды шарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
42) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеу мен түсіруді қоса алғанда, материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын бір пункттен немесе мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымынан немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардан екінші мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын пунктке немесе мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға тасымалдау;»;
43) жəне 44) тармақшалардағы «номенклатурасы мен сақтау» деген сөздер «мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 3) тармақшасының отыз төртінші, отыз бесінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52-1) тармақша «объектілерде» деген сөзден кейін «профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
52-2) тармақша алып тасталсын;
52-3) тармақшадағы «, мемлекеттік саясатты əзірлеуді жəне іске асыруды» деген сөздер алып тасталсын;
52-4) тармақша алып тасталсын;
39-тармағы 3) тармақшасының отыз сегізінші - қырқыншы абзацтары 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
56) тармақшадағы «мемлекеттік өртке қарсы қызметтің, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің» деген сөздер «мемлекеттік, кəсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің, өрт сөндіру пункттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) өрт сөндіру пункті - жергілікті атқарушы органдардың жəне өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыскерлерін, ерікті өрт сөндірушілерін, өрт жəне арнайы техникасын, өрт-техникалық жарақтарын орналастыруға арналған аумақ, ғимарат, үй-жай жəне құрылыс;»;
61-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«61-1) салалық өртке қарсы қызмет - өрттердің алдын алуға жəне сөндіруге арналған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының, əуе, ішкі су жəне теміржол көлігі бөлімшелерінің немесе құралымдарының, мемлекеттік орман қорының объектілеріндегі штаттық немесе штаттан тыс өрт сөндіру командалары;»;
мынадай мазмұндағы 61-2), 61-3), 61-4), жəне 61-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«61-2) сараптама ұйымы - өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тəртіппен аккредиттелген ұйым;
61-3) сейсмикалық аймақтарға бөлу (аудандастыру) - Қазақстан Республикасының аумақтарын сейсмикалық қауіптілік деңгейі бойынша сыныптау;
61-4) сейсмикалық қауіпсіздік - адамдардың өмірі мен денсаулығының, ғимараттардың, құрылысжайлардың жəне инфрақұрылым объектілерінің жер сілкінісінен қорғалу жай-күйі;
61-5) сейсмологиялық мониторинг - Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық белсенділіктің өзгеруін байқау, сондай-ақ сейсмологиялық станциялардан алынатын ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне деректерді талдау;»;
62) тармақша «геологиялық,» деген сөзден кейін «гидрологиялық,» деген сөзбен толықтырылсын;
64) жəне 76) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
39-тармағы 3) тармақшасының елуінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«64) техникалық құрылғылар - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялық жабдықтар, машиналар, агрегаттар, техникалық жүйелер (кешендер);»;
«76) уəкілетті органның авиациясы - уəкілетті органның қарамағындағы, азаматтық қорғаудың негізгі міндеттерін шешу үшін əуе кемелерін пайдаланатын ұйым;»;
мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:
«77-1) уəкілетті органның теңіз ұйымы - қызметін осы Заңға сəйкес жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;»;
4) 2-баптың 2-тармағы «оқ-дəрілерді пайдалану жəне кəдеге жарату» деген сөздерден кейін «, азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 3-баптың 1-тармағында:
4) тармақша «жергілікті атқарушы органдардың,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өнеркəсіптік қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін жəне сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;»;
6) 4-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық кіші жүйелер:
өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдарда;
өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда құрылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық жəне объектілік.
Республикалық деңгейде:
39-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою жөніндегі республикалық жедел штаб (бұдан əрі - Республикалық жедел штаб);
азаматтық қорғаудың басқару органдары;
басқару пункттері, жедел-кезекші қызметтер;
консультативтік-кеңесші органдар - төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою жөніндегі комиссиялар;
азаматтық қорғау күштері мен құралдары;
байланыс, құлақтандыру жəне ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері қамтылады.
Аумақтық деңгейде:
азаматтық қорғауды басқару органдары;
басқару пункттері, жедел-кезекші қызметтер;
консультативтік-кеңесші органдар - төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою жөніндегі комиссиялар;
азаматтық қорғау күштері мен құралдары;
байланыс, құлақтандыру жəне ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері қамтылады.
Объектілік деңгейде:
азаматтық қорғаудың басқару органдары;
құлақтандыру жүйелері қамтылады.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салалық кіші жүйелерде - орталық атқарушы органдардың жəне Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары жүзеге асырады.»;
4-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салалық кіші жүйелерде орталық атқарушы органдар жəне Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар;»;
2) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«уəкілетті органның аумақтық органдары;»;
төртінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының» деген сөздер «орталық атқарушы органдардың жəне Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі 3) тармақшасының екінші бөлігінде:
төртінші абзацтағы «орталық» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «орталық» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 5-бапта:
1-тармақта:
39-тармағы 7) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) объектілік деңгейде - мыналардың:
адамдар жаппай болатын объектінің;
қауіпті өндірістік объектінің;
гидротехникалық құрылысжайдың төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын аумақ пен халықты қамти отырып жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Гидротехникалық құрылысжайларда жергілікті құлақтандыру жүйесі халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылысжайлардың тізбесіне сəйкес ұйымдастырылады, оны уəкілетті органмен келісу бойынша су қорын сақтау жəне пайдалану саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уəкілетті органның аумақтық органдарына құлақтандыру сигналдарын жəне ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді;»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі» деген сөздер «органның аумақтық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
39-тармағы 7) тармақшасының он төртінші - он бесінші абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктің 2) тармақшасы «өндірістік объектіні» деген сөздерден кейін «жəне гидротехникалық құрылысжайды» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «өндірістік объектіні» деген сөздерден кейін «жəне гидротехникалық құрылысжайды» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді, орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді;
екінші абзацтағы «төтенше жағдайлар кезінде», «төтенше жағдайлар» деген сөздер «төтенше жағдайлар қатері төнген жəне олар туындаған кезде», «төтенше жағдайлар қатері төнген жəне олар туындаған кезде,» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде», «орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер тиісінше «жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар қатері төнген жəне олар туындаған кезде», «органның аумақтың органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 7) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма екінші абзацтары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«объектілік деңгейде - төтенше жағдайлар қатері төнген жəне олар туындаған кезде адамдар жаппай болатын объектіні, қауіпті өндірістік объектіні жəне гидротехникалық құрылысжайды пайдаланатын ұйымның басшысы (ол уəкілеттік берген адам) береді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықты дереу құлақтандыруды талап ететін төтенше жағдайлар қатері төнген жəне олар туындаған кезде уəкілетті органның жəне оның аумақтық органдарының жедел-кезекші қызметі лауазымды адамдарының уəкілетті лауазымды адамдардан өкім алмай құлақтандыру жүйесін іске қосуына жол беріледі.»;
39-тармағы 7) тармақшасының жиырма бесінші абзац 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың екінші бөлігі «қауіпті өндірістік объектіні» деген сөздерден кейін «жəне гидротехникалық құрылысжайды» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 6-бапта:
1-тармақтағы «орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшелерінде» деген сөздер «органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық органдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар» деген сөздер «аумақтық органдары, ведомстволардың аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 7-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бірыңғай» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ «өз өкілеттіктерін» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы:
«оларды жою,» деген сөздерден кейін «азаматтық қорғаныс,» деген сөздермен толықтырылсын;
«бойынша» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
1) тармақша «орталық» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздер «азаматтық қорғау, оның ішінде азаматтық қорғаныс жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бойынша» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы «орталық» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардан, орталық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«орталық» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтық қорғау» деген сөздерден кейін «, оның ішінде азаматтық қорғаныс» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «органның аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 8-баптың 4-тармағы «атқарушы органдарда,» деген сөздерден кейін «арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 9-баптың 2-тармағы «атқарушы органдарда,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уəкілетті органның білім беру ұйымдары ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау мақсатында, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мамандарға қосымша білім беруді ұйымдастыру мақсатында құрылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «енгізу болып табылады.» деген сөздер «енгізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) азаматтық қорғау органдарына қызметке кіретін адамдарды бастапқы кəсіби даярлауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады.»;
13) 11-бапта:
23) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «материалдық» деген сөзбен толықтырылсын;
32) тармақша «пункттеріне» деген сөзден кейін «, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына жəне жұмылдыру тапсырмалары белгіленген ұйымдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
42) тармақшадағы «мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын» деген сөздер «мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 70), 71) жəне 72) тармақшалармен толықтырылсын:
«70) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде, бес жəне одан көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне жəне аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияны құрады;
71) бес жəне одан көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне жəне аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құру қағидаларын бекітеді;
72) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
14) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Уəкілетті орган
1. Уəкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жəне өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық етеді;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті азаматтық қорғанысты дайындау жəне жүргізу мəселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
5) уəкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін əзірлейді жəне бекітеді;
6) уəкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
7) уəкілетті органның аумақтық органдарының, азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдерінің жауынгерлік жəне жұмылдыру əзірлігін қамтамасыз етеді;
8) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілерін қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен шығаруды, əскери жəне арнаулы атақтар беру мəселелерін шешуді жүзеге асырады;
9) ведомстволық наградалармен наградтайды жəне Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыным енгізеді;
10) төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде халыққа, азаматтық қорғауды басқару органдарына алдын ала жəне (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабарлауды жəне құлақтандыруды қамтамасыз етеді;
11) адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлік пен өзге де материалдық құралдарды пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
12) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады;
13) азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уəкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
15) өз өкілеттіктері шегінде өрттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асырады;
16) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асырады;
17) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты талаптарды, жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
18) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты жəне мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
20) елді мекендердегі жəне объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске əзірлігіне бақылауды жүзеге асырады;
21) азаматтық қорғаныс жоспарларының жəне төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындайды;
22) облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын əзірлейді;
23) жаһандық жəне өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын əзірлейді жəне оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
24) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын əзірлейді жəне бекітеді;
25) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
26) азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару жəне кəдеге жарату қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
27) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайларын есепке қою жəне есептен шығару қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
28) кəсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарына қойылатын біліктілік талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
29) кəсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куəліктің үлгісін əзірлейді жəне бекітеді;
30) кəсіби өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;
31) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
32) ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын əзірлейді жəне бекітеді;
33) төтенше жағдайлар мен əскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тəсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын əзірлейді жəне бекітеді;
34) республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді;
35) ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын жəне өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды əзірлейді жəне бекітеді;
36) төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу жəне оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тəртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
37) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз етеді;
38) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жəне жұмылдыру резервтерінің құрамындағы қолда бар материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық жəне басқа да ресурстар запастарын пайдалану туралы, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу жəне жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ұсыныстар енгізеді;
39) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жəне олардың салдарын бағалау үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланады;
40) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен теңізге жəне Қазақстан Республикасының сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индекстері бар экологиялық сезімталдық картасын əзірлеуге жəне келісуге қатысады;
41) төтенше жағдайларды жою кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;
42) ұйымдардағы, елді мекендердегі жəне объектілердегі өрттердің алдын алу жəне оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына кəсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды жүргізеді;
43) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
44) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді;
45) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы мен орталық атқарушы органдар үшін қосалқы (қала сыртындағы) жəне жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
46) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төмен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын əзірлейді жəне бекітеді;
47) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;
48) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру жəне оның қызметі қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
49) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын жəне бейбіт жəне соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
50) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
51) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
52) кəсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
53) азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау жəне оларды тарту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
54) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;