1) уәкілетті органның ведомствосына аттестаттың қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде жүгіну;
2) заңды тұлғаның таратылуы;
3) аттестаттан айыру.»;
57) 68-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өртке қарсы ерікті құралымдар ерікті өрт сөндірушілерден жасақталады.
Ерікті өрт сөндірушілерге ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасына сәйкес он сегіз жасқа толған және ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ерікті өрт сөндірушілер бола алмайды.
Ерікті өрт сөндірушілерге қабылданған азаматтар ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркеледі, оларды жүргізуді уәкілетті органның аумақтық органы жүзеге асырады.
Ерікті өрт сөндірушілерді кейіннен даярлау өрт сөндіру пункттерінде жүзеге асырылады.
Ерікті өрт сөндірушілердің кейінгі даярлық бағдарламасын өртке қарсы ерікті құралымның басшысы әзірлейді және оны уәкілетті органның аумақтық органының басшысы бекітеді.»;
4-тармақта:
«орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «органның аумақтық органымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өрт сөндірушілерді» деген сөздерден кейін «өрт сөндіру пункттерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Ерікті өрт сөндіруші жұмыс уақытында жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, оны дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға тартылған кезеңіне еңбек міндеттерін орындаудан босатылады.»;
5-тармақта:
«, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген сөздер алып тасталсын;
«авариялық-құтқару жұмыстарын» деген сөздер «дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Егер ерікті өрт сөндіруші еңбек қатынастарында болмаған жағдайда, 5, 6 және 7-тармақтарда көзделген төлемдер тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы ескеріле отырып жүргізіледі.»;
9-тармақ алып тасталсын;
58) 69-баптың 2-тармағында:
4) тармақшадағы «қауіпті» деген сөз «осы Заңда айқындалған қауіпті» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 58) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізе отырып, тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын және бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуі;»;
39-тармағы 59) - 63) тармақшалары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
59) 70-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық құрылғылар пайдаланылмайтын геологиялық барлау объектілерін қоспағанда, тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды, жерасты жағдайларындағы жұмыстарды жүргізу болып табылады.»;
60) 71-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қауіпті өндірістік объектілерге, жылжымалы жүк көтергіш крандарды және көтергіштерді (мұнараларды), мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді қоспағанда, қауіпті техникалық құрылғылар да жатады.»;
61) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау
1. Заңды тұлғалар:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;
3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
5) газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
6) сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
7) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталуға жатады.
2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға (бұдан әрі - аттестатталған ұйым) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беріледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
3. Аттестатталған ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып қызметті жүзеге асырған, оның ішінде біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталған ұйымдар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданысын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталмауы;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ерікті түрде жүгіну;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданысын тоқтата тұру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге тоқтата тұру кезеңіне тыйым салуға алып келеді.
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданысын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аттестатталған ұйымның жолданымы бойынша жүзеге асырылады.
7. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу құқығына аттестаттан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат мынадай жағдайларда қолданысын тоқтатады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға аттестаттың қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде жүгіну;
2) аттестаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
3) заңды тұлғаның таратылуы;
4) аттестаттан айыру.
9. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестатталған ұйымдар мен аттестаттарының қолданысы тоқтатылған ұйымдар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.»;
62) 73-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген» деген сөздер алып тасталсын;
63) 74-бабының 6-тармақтың екінші бөлігіндегі «Техникалық құрылғылардың», «техникалық құрылғыларға» деген сөздер тиісінше «Қауіпті техникалық құрылғылардың», «қауіпті техникалық құрылғыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 75-баптың 4-тармағындағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 65) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
65) 76-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі «өзгертілуге» деген сөзден кейін «немесе тіркеуден шығарылуға» деген сөздермен толықтырылсын;
66) 77-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 66) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қауіпті өндірістік объектіні және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналдарына тиісті жазба жүргізіледі.»;
39-тармағы 67) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
67) 78-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «, сондай-ақ стратегиялық объектілерді» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Өзге де» деген сөздер «Стратегиялық объектілерді және өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 68) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
68) 79-бапта:
тақырыптағы «ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін» деген сөздер «ұйымдардың басшыларын, мамандарын және жұмыскерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «мамандарын, жұмыскерлерін» деген сөздер «басшыларын, мамандарын және жұмыскерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«мамандарын, жұмыскерлерін» деген сөздер «басшыларын, мамандарын және жұмыскерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мамандарды, жұмыскерлерді» деген сөздер «басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «мамандарды, жұмыскерлерді» деген сөздер «басшыларды, мамандарды және жұмыскерлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «техникалық басшылар» деген сөздер «басшылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «техникалық басшылар» деген сөздер «басшылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші абзацтағы «техникалық басшылар» деген сөздер «басшылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер жаңа міндеттер басшыдан, маманнан және жұмыскерден өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қосымша білуді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;»;
5) тармақшадағы «орган» деген сөз «органның ведомствосы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«мамандарының, жұмыскерлерінің» деген сөздер «басшыларының, мамандарының және жұмыскерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Білімі тексерілуге» деген сөздерден кейін «(емтихандарға)» деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақтағы «мамандарының, жұмыскерлерінің білімін тексеруді» деген сөздер «басшыларының, мамандарының және жұмыскерлерінің білімін тексеруді (емтихандарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ «білімді тексеруіне» деген сөздер кейін «(емтихандар өткізуіне)» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ «Білімді тексеру» деген сөздер кейін «(емтихандар)» деген сөзбен толықтырылсын;
69) 81-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі «органның» деген сөзден кейін «ведомствосы» деген сөзбен толықтырылсын;
39-тармағы 70) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70) 15-тараудың тақырыбы «өндірістік объектілердегі» деген сөздерден кейін «, қауіпті техникалық құрылғылардағы» деген сөздермен толықтырылсын;
71) 82-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасында:
«орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне» деген сөздер «органның аумақтық органына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 72) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
72) 83-бапта:
тақырып «міндеттері» деген сөзден кейін «мен негізі» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қауіпті өндірістік объектілердегі, қауіпті техникалық құрылғылардағы авария немесе оқыс оқиға тиісті комиссия жүргізетін тергеп-тексеруге негіз болып табылады.»;
73) 84-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «оның аумақтық бөлімшесі» деген сөздер «оның ведомствосының аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 73) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктің төртінші абзацындағы «немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөліктегі «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақтағы «оның аумақтық бөлімшесі» деген сөздер «оның ведомствосының аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 85-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «заңнамасында» деген сөз «нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 75) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
75) 86-бапта:
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Аварияларды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оларды орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады.
Аварияларды тергеп-тексеру актісінде көзделген мерзімдер өткенге дейін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін растайтын материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынады.
Белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбау немесе анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жоймау осы Заңның 39-2-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын, бұзушылықтарға жол берген ұйымдарға қатысты аварияларға тергеп-тексеру жүргізу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген шаралар қабылданады.»;
76) 87-бапта:
2 және 3-тармақтардағы «органның» деген сөз «орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «оның аумақтық бөлімшесіне» деген сөздер «оның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 77) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
77) 15-тарау мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:
«88-1-бап. Қауіпті техникалық құрылғылардың авариясын немесе оқыс оқиғасын тергеп-тексеру
Қауіпті техникалық құрылғылардың авариясын немесе оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру осы тарауға сәйкес жүргізіледі.»;
78) 91-баптың 2-тармағы «орналастырылған», «басқа» деген сөздерден кейін тиісінше «мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
79) мынадай мазмұндағы 91-1-баппен толықтырылсын:
«91-1-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және оларды сақтау көлемдері
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және оларды сақтау көлемдері:
39-тармағы 79) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарына сәйкес жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;
2) төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою бойынша шараларды қабылдау үшін уәкілетті органның;
3) нарыққа реттеушілік ықпал ету, гуманитарлық көмек және босқындарға көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.»;
80) 92-бапта:
39-тармағы 80) тармақшасының екінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2-тармақтағы «осы Заңның 96-1-бабының 2-тармағында көзделген ережені» деген сөздер «осы Заңның 13-бабының 11-2) тармақшасында және 13-1-бабының 6) тармақшасында көзделген ережелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-бапта:
39-тармағы 80) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар берілетін және жұмылдыру резервінде сақтаудағы материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастырады.»;
екінші бөлік «саламаттылығы» деген сөзден кейін «және (немесе) ветеринария» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік «Материалдық құндылықтарды» деген сөздер «Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы әзірлейді және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
39-тармағы 80) тармақшасының оныншы абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар әзірлейді және оларды жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар бекітеді.»;
81) 93-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде» деген сөздер «мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және шарт негізінде жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері» деген сөздер «Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру және сақтау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне қойылатын өлшемшарттар мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында белгіленеді.»;
3-тармақтағы «Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі, осы құндылықтардың атауы мен оларды сақтау көлемі», «номенклатурасына және сақтау көлемдерінде айқындалады» деген сөздер тиісінше «Жұмылдыру тапсырыстары орналастырылған ұйымдар», «номенклатурасында және сақтау көлемдерінде көрсетіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «мемлекеттік резервтің» деген сөздер «жұмылдыру резервінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды кейіннен жұмылдыру резервіне сала отырып, жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жаңартуды шарт негізінде жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттің резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және олардың қозғалысы туралы есептер береді.
39-тармағы 81) тармақшасының он үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға тиісті саланың жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының бар-жоғы мен қозғалысы туралы есептерді ұсынады.»;
82) 94 және 94-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«94-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану негіздері
1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтажы үшін пайдалану Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
39-тармағы 82) тармақшасының бесінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін пайдалану уәкілетті органның шешімі бойынша, ал жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары пайдаланылған жағдайда - жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша жүзеге асырылады.
94-1-бап. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі
1. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
1) жаңарту;
2) қарызға беру;
3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару тәртібі номенклатура өзгерген кезде, жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларымен реттелетін жаңарту және броньнан шығару тәртібімен шығаруды қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында белгіленеді.
3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейіннен сала отырып, шарт негізінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңартуды жүзеге асырады.
4. Қарызға беру тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығарылған кезде алушы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен екінші деңгейдегі банктерден кепілдіктер береді.
5. Номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімі негізінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
39-тармағы 82) тармақшасының он бесінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімі негізінде жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару, номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығаруды қоспағанда, кейіннен сала отырып жүзеге асырылады.
6. Жаңарту тәртібімен басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде берілген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары, сондай-ақ номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығарылғандарды қоспағанда, броньнан шығарылған материалдық құндылықтар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
7. Гуманитарлық көмекті жеткізу және беру жөніндегі шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.