1. Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Республикалық жедел штаб құрылады.
2. Республикалық жедел штаб Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою кезінде жалпы басшылықты жүзеге асыратын жұмыс органы болып табылады.
Республикалық жедел штаб туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Республикалық жедел штаб Республикалық жедел штабтың басшысынан, басшысының орынбасарларынан және мүшелерінен тұрады.
Республикалық жедел штабтың құрамына басшы ретінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, басшының орынбасарлары ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және уәкілетті органның басшысы, сондай-ақ мүшелері ретінде өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.
4. Республикалық жедел штабтың міндеттері:
1) жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
2) жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
3) жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою үшін орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;
4) жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою кезеңінде жүргізілетін іс-шаралардың орындалуын бақылау болып табылады.
5. Республикалық жедел штабтың өкілеттіктері:
1) жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөнінде, оның ішінде жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай аймағынан тыс орналасқан азаматтық қорғаудың және өзге де ұйымдардың қосымша күштері мен құралдарын тарту жөнінде шешімдер қабылдау;
2) жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін пайдалануға ұсыныстар енгізу;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
6. Республикалық жедел штабтың шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған Республикалық жедел штабтың басшысы немесе басшысының орынбасарлары қол қояды және ол орталық және жергілікті атқарушы органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
7. Республикалық жедел штаб өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.»;
48) 50-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы «жергілікті ауқымдағы» деген сөздерден кейін «немесе объектілік ауқымдағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің» деген сөздер «немесе оның аумақтық органының» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 48) тармақшасының төртінші абзацы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақтың 8) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Үкіметіне,» деген сөздерден кейін «Республикалық жедел штабқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармағы 49) тармақшасы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
49) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
«53-1-бап. Төтенше жағдайларды жою кезінде көлікті пайдалану
1. Төтенше жағдайларды жою кезінде төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігі (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) пайдаланылуы мүмкін. Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар төтенше жағдайларды жою басшысына көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне және агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне шектеулі қолжетімділіктің берілуін қамтамасыз етеді.»;
39-тармағы 50) тармақшасы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
50) 57-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде басшылық осы Заңның 49-1-бабында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде көлікті пайдалану Республикалық жедел штабтың шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
51) 59-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, оның ведомствосынан, аумақтық органдарынан және уәкілетті органның білім беру ұйымдарынан тұрады.»;
52) 60-баптың 2-тармағы «мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын» деген сөздерден кейін «, салалық өртке қарсы қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармағы 53) тармақшасы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
53) мынадай мазмұндағы 62-1 және 62-2-баптармен толықтырылсын:
«62-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы сақтандыру
1. Өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілер тізбесіне кіретін объектінің иесі үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты болмаған кезде өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілер тізбесіне кіретін объектілердің қызметіне жол берілмейді.
2. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты сақтандырушы мен адамдар жаппай болатын объектінің иесі арасында осы Заңның талаптарына сәйкес және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шарты негізінде жазбаша түрде жасалады.
3. Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру объектісі болып табылады.
Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап он екі ай мерзімге жасалады.
4. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіруге алып келген адамдар жаппай болатын объектіде өрт шығу ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.
5. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оны төлеу тәртібі мен мерзімдері адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шартында айқындалады.
6. Адамдар жаппай болатын объектідегі өрт салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады.
Сақтандыру жағдайының басталу фактісі тараптардың келісімімен немесе соттың шешімімен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартының талаптарына сәйкес белгіленеді.
7. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімімен айқындалады және адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шарты жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жетпіс бес мың еселенген сомасын құрауға тиіс.
8. Әрбір үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері (сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді және кемінде мыналарды құрайды:
1) әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген және мыналарға алып келген зиян үшін:
өлім - бес мың;
мүгедектікті белгілеу:
бірінші топ - төрт мың;
екінші топ - үш мың;
үшінші топ - бір мың бес жүз;
бала - үш мың;
мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жеті жүз елуден көп емес;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ бір мың бес жүзден көп емес;
3) бір мезгілде екі және одан көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге бір мың бес жүзден көп емес. Барлық жәбірленуші бойынша мүлік жөнінде сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері он мың айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Жәбірленушілердің мүлкіне келтірілген зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиян дәрежесіне мөлшерлес жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру төлемі жүзеге асырылған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартында белгіленеді.
9. Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың өзге де шарттары үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
62-2-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін сараптама ұйымында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның ведомствосы берген аккредиттеу аттестаты болуға тиіс.
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит дара кәсіпкер немесе заңды тұлға мен сараптама ұйымы арасында жасалған өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.
4. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу мерзімі үш айдан аспайды.
5. Сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттің нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қорытынды жасайды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қорытындысының көшірмесі берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық органына ұсынылады.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қорытындысының көшірмесін ұсынбау, уақтылы ұсынбау, анық емес ақпаратты қамтитын өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қорытындысының көшірмесін ұсыну, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиттің көрінеу жалған қорытындысын ұсыну Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
6. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Аккредиттеу аттестаты мынадай жағдайларда қолданысын тоқтатады:
1) уәкілетті органның ведомствосына аттестаттың қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде жүгіну;
2) заңды тұлғаның таратылуы;
3) дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуы;
4) аккредиттеу аттестатынан айыру.»;
54) 63-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы және қорғаныс, әуе, ішкі су және теміржол көлігі объектілеріндегі өрттерді сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту және салалық өртке қарсы қызметтермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті орган мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы келісімдермен регламенттеледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орман өрттерін сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметті тарту тәртібі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 65-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақтағы «мемлекеттік және мемлекеттік емес» деген сөздер «мемлекеттік, кәсіби және салалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасындағы «мемлекеттік емес» деген сөздер «кәсіби, салалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармағы 55) - 57) тармақшалары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
55) 12-тарау мынадай мазмұндағы 66-1, 66-2 және 66-3-баптармен толықтырылсын:
«66-1-бап. Арнаулы техникалық шарттарды келісу
1. Белгіленген нормалары мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттар уәкілетті органның ведомствосымен келісіледі.
2. Белгіленген нормалар мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарда, сондай-ақ белгіленген нормалары мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларында реттеледі.
66-2-бап. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру
1. Адамдар жаппай болатын және биіктігі жиырма сегіз метрден асатын салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру алдында тапсырыс беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндетті.
2. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беруді уәкілетті органның аумақтық органы жүзеге асырады.
3. Уәкілетті органның аумақтық органы тапсырыс беруші ұсынған өтініш негізінде адамдар жаппай болатын және биіктігі жиырма сегіз метрден асатын салынған объектіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім дерде өрт-техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырады.
4. Уәкілетті органның аумақтық органы адамдар жаппай болатын және биіктігі жиырма сегіз метрден асатын салынған объектіге өрт-техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды береді.
Тиісті қорытындының көшірмесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы органдарына жіберіледі.
5. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындымен келіспеген жағдайда, тапсырыс беруші оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқылы.
66-3-бап. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет
1. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет уәкілетті органның ведомствосы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берген өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат дара кәсіпкер немесе заңды тұлға уәкілетті орган белгілеген рұқсат беру талаптарына сәйкес келген жағдайда беріледі.
2. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес шарт негізінде қызмет көрсетілетін объектіде өрт автоматикасы жүйелерінің жұмыс істеп тұрған жағдайын және олардың жобалау құжаттамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Объектіде өрт автоматикасы жүйелерінің жобалау құжаттамасына сәйкес келмейтіні және (немесе) олардың жұмыс істемейтін жағдайда екендігі анықталған кезде уәкілетті органның аумақтық органы өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға өрт қауіпсіздігі талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы хабар береді.
Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген ақпаратты алғаннан кейін шарттық міндеттемелер шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның кінәсінен болған өрттің фактісі бойынша анықталған өрт автоматикасы жүйелерінің жұмыс істемейтін жағдайы және (немесе) олардың жобалау құжаттамасына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
4. Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
5. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат мынадай жағдайларда қолданысын тоқтатады:
1) уәкілетті органның ведомствосына рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде жүгіну;
2) заңды тұлғаның таратылуы;
3) дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуы;
4) рұқсаттан айыру.»;
56) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«67-бап. Кәсіби өртке қарсы қызмет
1. Кәсіби өртке қарсы қызметтің жұмысы ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның ведомствосы берген аттестат негізінде жүзеге асырылады.
Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын, ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кәсіби өртке қарсы қызметтің міндеттері болып табылады.
2. Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын елді мекендердің, сондай-ақ ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігі кәсіби өртке қарсы қызмет құру немесе кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызмет көрсетуіне арналған шарттар жасасу жолымен қамтамасыз етіледі.
Кәсіби өртке қарсы қызметтің қызмет көрсетілетін ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге жұмсалған шығындарын өтеу орындалған жұмыстар актісі бойынша жүзеге асырылады.
3. Кәсіби өртке қарсы қызмет өрттерді сөндіру жөніндегі міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдем көрсетуге міндетті.
4. Кәсіби өртке қарсы қызметке жұмысқа он сегіз жасқа толған және арнайы даярлық пен оқыту курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кәсіби өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылдана алмайды.
5. Кәсіби өртке қарсы қызмет өрт техникасымен, жабдықтармен, өртке қарсы жарақтармен, өрт сөндірушінің арнаулы қорғаныш киімімен жарақтандырылуға және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Кәсіби өртке қарсы қызметті материалдық-техникалық жарақтандыру кезінде қызмет көрсетілетін ұйымдар мен объектілер қызметінің ерекшелігі ескеріледі.
6. Кәсіби өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып қызметті жүзеге асырған, оның ішінде кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, кәсіби өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7. Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданысын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарының сақталмауы;
2) уәкілетті органға ерікті түрде жүгіну;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданысын тоқтата тұру кезеңінде кәсіби өртке қарсы қызмет ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу мен сөндіруден, өрт қауіп сіздігін қамтамасыз етуден және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуден босатылмайды.
8. Кәсіби өртке қарсы қызмет анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды орындамаған жағдайда, ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
9. Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат мына жағдайларда қолданысын тоқтатады: