6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық органының лауазымды адамы жатқызылады.
40-2-бап. Төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Жоспарлы тексеру уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін жүргізіледі.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның атауы, оның орналасқан жері;
4) тексеру нысанасы;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уәкілетті адамның қолы.
Жоспарлы тексеру жүргізу туралы хабарлама жоспарлы тексерулердің жартыжылдық жоспары болып табылады және ол тексеру жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін орталық және жергілікті атқарушы орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органдар арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және солармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Жоспарлы тексерулерді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Жоспарлы тексеруді жүргізу мерзімі жоспарлы тексеру жүргізу тоқтатыла тұрған кезде үзіледі және жоспарлы тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
Жоспарлы тексерулерді жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспарлы тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органды хабардар ете отырып, жоспарлы тексерулер мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексерулерді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Жоспарлы тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы табыс етілгені туралы хабарламамен қоса, ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға табыс етеді.
3. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде бару арқылы жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
5) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның осы баптың 18 және 19-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолы;
13) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы.
Тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілерге уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының басшысы қол қояды.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға табыс етілген күн немесе тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайы бойынша оған электрондық құжат арқылы жіберілген күн тексеру жүргізудің басталғаны деп есептеледі.
4. Тексеруді тағайындау туралы актімен танысудан бас тартылған, уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі жасалған жағдайларда тиісті акт жасалады.
Бас тарту туралы актіге уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы және тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның басшысы не оның уәкілетті адамы қол қояды.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тартылған кезде уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамы тексеру жүргізуді бастауға негіз болып табылатын тексеруді тағайындау туралы актіні хабарламасы бар тапсырысты хатпен - поштамен не электрондық құжат арқылы жібереді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
5. Тексерілетін орталық немесе мемлекеттік атқарушы органға қатысты жоспарлы тексеру төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жыл сайын жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс тексеруге:
1) бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптардың орындалуын бақылау (тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайларда);
2) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға қатысты негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің не нұқсан келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокурордың талаптары;
4) жеке және заңды тұлғалардың төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары негіз болып табылады.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын хабарлауға міндетті.
7. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган хабардар етіле отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексерулерді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама табыс етілгені туралы хабарламамен қоса, ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға табыс етіледі.
8. Анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексерілуге жатады.
9. Тексеру бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың жасалу мән-жайларын анықтау қажеттілігіне байланысты болған жағдайларды (демалыс, мереке күндері немесе тәуліктің түнгі уақытында) қоспағанда, тексерулер ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
10. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (болған кезде мерзімін ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексеру жүргізу үшін тартылған мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
6) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексерудің түрі;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
11) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;
12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолы.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындының негізінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) нұсқаманың жасалған күні, нөмірі және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның атауы, оның орналасқан жері;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
10) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;
11) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолы.
Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға болған кезде тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
Тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы қорытынды шығарылады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғай отырып бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
11. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың электрондық нысандағы бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға (басшыға не оның уәкілетті адамына) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін тапсырылады, үшінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе аумақтық органында қалады.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган оларды жазбаша түрде баяндайды және тексеру нәтижелері туралы қорытынды, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе аумақтық органына жібереді. Тексеруді жүргізген лауазымды адам тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға тиісті жазба жасайды.
Уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарайды және он жұмыс күні ішінде уәжді жауап береді.
12. Тексеру жүргізу кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.
13. Тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы қорытынды, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталғаны болып есептеледі.
14. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның орындауы үшін міндетті болып табылады.
Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген мерзім ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе аумақтық органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды және әкімшілік жауаптылыққа тартады.
Тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру талап етілмейді.
15. Егер уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы тексерулерді осы бапта белгіленген тексерулер жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
16. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы орган уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым жасауға құқылы.
17. Уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы қорытындыға, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) тексеру жүргізу үшін мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
4) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) тексерудің нысанасына жататын техникалық байқау, өлшеу және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратуралардың жазбаларын пайдалануға;
6) лауазымды адамдардан тексеру нысанасы бойынша жазбаша және (немесе) немесе ауызша түсініктемелер алуға құқығы бар.
Уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюына және өтініштермен жүгінуіне тыйым салынады.
Уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және қатаң түрде соған сәйкес жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның не оның уәкілетті адамының тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша ауызша және (немесе) жазбаша түсініктемелер беруге;
5) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органдарға тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпарат беруге;
6) тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға тексеру нәтижелері туралы қорытындыны, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы тексеру тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей табыс етуге;
7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.
Уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдары тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін (сәйкестендіру картасын);
3) қажет болған жағдайда - құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
18. Тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның тексеру жүргізу кезінде:
1) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына немесе аумақтық органына бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге;
3) тексеру нәтижелері туралы қорытындыға, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;
6) уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 17-тармағының төртінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайда тексеруге жібермеуге құқылы.
19. Тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органдар не олардың уәкілетті адамдары тексеру жүргізілген кезде:
1) уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органы лауазымды адамдарының рұқсаттамалық және объектішілік режимдердің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтай отырып, уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні, аяқталған күні тексерудің нәтижелері туралы қорытындыны және бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаны туралы белгі жасауға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уәкілетті адамының тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша тексерудің белгіленген мерзімдерінде болуын қамтамасыз етуге;
6) уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамының талабы бойынша тексеру нысанасы бойынша ауызша және (немесе) жазбаша түсініктемелер беру міндетті.
20. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін орталық немесе жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу (орындамау) фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уәкілетті орган ведомствосының немесе аумақтық органының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.»;
43) 41-баптың 2-тармағында:
2) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
39-тармағы 43) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындау;»;
15) тармақшадағы «қауіпті» деген сөз «осы Заңда айқындалған қауіпті» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:
«8-1-тарау. Сейсмикалық қауіпсіздік
44-1-бап. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік сейсмикалық қауіпті және сейсмикалық қауіп-қатерге бағалауды жүзеге асыру мен сейсмологиялық мониторинг жүргізуді қоса алғанда, жер сілкінісінен қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.
44-2-бап. Жер сілкінісінен қорғау жөніндегі іс-шаралар
Адамдардың өмірі мен денсаулығын, инфрақұрылым объектілерін, ғимараттар мен құрылысжайларды жер сілкінісінен қорғау мақсатында мыналар жүргізіледі:
1) сейсмологиялық станциялар желісін және ерте құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін кеңейту және жаңғырту;
2) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, ғылыми болжау жүргізу;
3) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталарын ескере отырып, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу;
4) сейсмикалық қауіпті өңірлерде ғимараттар мен құрылысжайларға паспорттауды жүргізу;
5) сейсмикалық қауіпті өңірлерде сейсмикалық берік құрылыс салуды және ғимараттар мен құрылысжайларды сейсмикалық жағынан күшейтуді жүргізу;
6) сейсмикалық аймақтарға бөлу (аудандастыру);
7) сейсмологиялық мониторинг.
44-3-бап. Сейсмикалық қауіпті және сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау
1. Сейсмикалық қауіпті және сейсмикалық қауіп-қатерді бағалауды ғылыми ұйымдар жүргізеді.
2. Сейсмикалық қауіпті бағалау жер үстіндегі тербелістердің қарқындылығын есептеуді және олардың пайда болу ықтималдығын бағалауды қамтиды.
Сейсмикалық қауіпті бағалау нәтижелері негізінде сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталары жасалады.
3. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау жер сілкінісінен туындауы мүмкін адам өлімі мен материалдық шығындардың ғылыми болжамын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.
Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау нәтижелері бойынша сейсмикалық қауіп-қатер карталарын әзірлеу жүзеге асырылады.
Сейсмикалық қауіп-қатер карталары жер сілкінісінің салдарын жою үшін қолданылады.
4. Сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталарын және сейсмикалық қауіп-қатер карталарын әзірлеу және қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
45) 46-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган айқындайтын тыңдаушылар санатына қатысты азаматтық қорғау саласында оқыту уәкілетті органның ұйымдарында, оқу орындарында және аумақтық органдарында жүргізіледі.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «даярлықтан немесе қайта даярлықтан» деген сөздер «оқытудан» деген сөзбен ауыстырылсын;
46) 48-баптың үшінші абзацы «жергілікті ауқымдағы» деген сөздерден кейін «немесе объектілік ауқымдағы» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармағы 47) тармақшасы 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
47) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
«49-1-бап. Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі басшылық