2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.01. № 276-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-қосымша өзгертілді
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V
Қазақстан Республикасының Заңына
3-қосымша
Хабарламалар
ТІЗБЕСІ
1. Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
2. Мұнай өнімдерінің көтерме жеткізілімдеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама
4. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
6. Тұқымның сұрыпты және егу сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
7. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін сынақтан өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
8. Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) олардың жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
9. Зоологиялық коллекцияны жасау туралы хабарлама
10. Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
11. Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
12. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
13. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама
14. Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
15. Такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
16. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
17. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
18. Халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
19. 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20. 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтер көрсетуді бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама.
21. Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
22. Медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
23. 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24. Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
25. 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
27. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
28. Шетелдiк және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
29. Оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізу туралы хабарлама
30. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама
31. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
32. Турагенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
33. Гид (гид-аудармашы), экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
33-1. Бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
34. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
35. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама.
36. Өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
37. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
38. Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 39) және 40) тармақшалармен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама;
40. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
41. 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
43. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
44. 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
44-1. Интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
45. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
46. Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
47. Техникалық тексеріп қарау операторлары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
48. Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
49. Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
50. 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарлама
52. Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
53. Қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама
54. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның микрокредиттер беруі жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бекітілгені туралы хабарлама
55. Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
56. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
57. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны туралы хабарлама.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 58-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
58. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама.