80-бап. Аударымның дұрыстығын куәландыру
1. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлетiн болса, бiр тiлден екiншi тiлге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады.
2. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
12-тарау. Фактiлердi куәландыру
81-бап. Азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру
1. Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады.
2. Кәмелетке толмаған азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландыру оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
82-бап. Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру
1. Нотариус азаматтың өтiнiшi бойынша оның белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады.
2. Кәмелетке толмаған азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру, оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
83-бап. Құжаттардың көрсетiлген уақытын куәландыру
Нотариус өзiне құжаттың көрсетiлген уақытын куәландырады. Бұл туралы куәландыру жазбасы құжатқа оны көрсеткен адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып жазылады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 13-тараудың тақырыбы өзгертілдi
13-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқаға беру, ақшаны депозитке қабылдау
84-бап. Өтiнiштердi беру
1. Нотариус жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға берудi жеке қолхатпен немесе керi хабарламалы почта арқылы жүзеге асырады. Өтiнiштер телефаксты, компьютерлiк желiлердi және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып та берiлуi мүмкiн.
2. Өтiнiштердi беру үшiн техникалық құралдарды пайдалануға байланысты шығыстарды нотариаттық iс-әрекеттер жасауды өтiнген адам төлейдi.
3. Өтiнiш берушi адамның сұрауы бойынша, оған өтiнiштiң берiлгенi туралы куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 85-бап өзгертілдi
85-бап. Ақшаны депозитке қабылдау
1. Нотариус заңдарда көзделген жағдайларда борышкерден несие берушiге беру үшiн ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Нотариус ақшаның түскенi туралы кредиторға хабарлайды және оның талабы бойынша оған тиесiлi ақшаны бередi. Егер ақшаны депозитке салу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған болса, нотариус кредиторға ақшаны оның тараптары арасындағы шартта белгіленген тәртіппен береді.
3. Ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдауды нотариус мiндеттемелер орындалатын жерде жүргiзедi.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Нотариус депозиті шарттарында жеке және заңды тұлғалардың ақшасы орналастырылатын банктік шоттар бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Нотариус депозитіндегі ақша нотариустың меншігі және (немесе) оның кірісі болып табылмайды.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 86-бап өзгертілдi; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 86-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
86-бап. Депозитке ақша салған адамға оны қайтару
Депозитке ақша салған адамға оны қайтаруға:
1) пайдасына жарна жасалған адамның жазбаша келiсiмiмен;
2) соттың шешiмi бойынша;
3) егер ақшаны қайтару мүмкіндігі тараптардың келісімінде көзделсе, тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған кезде жол берiледi.
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 14-тараудың тақырыбы өзгертілдi
14-тарау. Вексель наразылығын жасау
ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 87, 88, 89, 90, 91-баптар алынып тасталды
92-бап. Вексель наразылығы
Төлемеу, акцепт еместiк және акцептiң күнi қойылмағаны жөнiнде вексель наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының аударым және жай вексель туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 14-1-тараумен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
14-1-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау
92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін құжатта атқарушылық жазба жасайды немесе тиісті қаулы береді.
Атқарушылық жазба берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесіне оның төлнұсқасы ұсынылған жағдайда жасалуы мүмкін, оған тиісті белгі қойылады.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі:
1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;
3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;
4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;
5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;
6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;
7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;
8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;
9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Атқарушылық жазба негізінде тұрақсыздық айыптарын (өсімпұлдарды), пайыздарды өндіріп алу, егер бұлар тиесілі болса, жүргізілмейді.
92-2-бап. Атқарушылық жазбаны жасау шарттары
1. Атқарушылық жазба:
1) егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса;
2) егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалады.
2. Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленсе, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
92-3-бап. Атқарушылық жазбаның мазмұны
Атқарушылық жазбада:
1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні, лауазымы;
2) өндіріп алушының атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) борышкердің атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол арыз берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өндіріп алынуға жататын соманың немесе талап етілуге жататын нәрселердің көрсетілуі;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж сомасының немесе жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттеріне төленген соманың көрсетілуі;
7) атқарушылық жазба жасалған дата (жыл, ай, күн);
8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) атқарушылық жазбаның күшін жою туралы өтінішті беру мерзімі мен тәртібі қамтылуға тиіс.
92-4-бап. Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу тәртібі
Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
92-5-бап. Атқарушылық жазбаны ұсыну мерзімдері
1. Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.
2. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 92-6-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
92-6-бап. Борышкерге атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесін жіберу
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Атқарушылық жазба жасағаннан кейін немесе тиісті қаулы шығарғаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге олардың көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Егер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесі борышкерге:
1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;
3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.
Хабарламаны қабылдаудан бас тартуға байланысты адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен хабарлама қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Борышкер атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған немесе тиісті қаулыны шығарған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.
92-7-бап. Атқарушылық жазбаны өндіріп алушыға беру
1. Атқарушылық жазбаның көшірмесін борышкерге тапсыру туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспесе, нотариус өндіріп алушыға орындауға беру үшін атқарушылық жазбаны береді.
2. Өндіріп алушыға берілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариус жүргізетін істе қалады.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 92-8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
92-8-бап. Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою және оған дау айту
1. Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулы шығарады.
2. Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.
Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою туралы қаулының көшірмесі шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 92-6-бабына сәйкес өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
Егер жасалған атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 15 тараудың тақырыбы өзгертілдi
15-тарау. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 93-бап өзгертілдi
93-бап. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
1. Нотариус тiзiмдеу бойынша құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды. Тiзiмнiң бiр данасы нотариуста қалдырылып, екiншi данасы құжаттарды сақтауға тапсырған адамға берiледi.
2. Егер құжаттар және бағалы қағаздар тиiстi түрде буылып-түйiлсе, тапсырушы адамның өтiнiшiмен нотариус тiзiмдеусiз де қабылдай алады (буып-түю нотариустың мөрiмен расталады, нотариус пен құжаттарды өткiзген адам қол қояды). Мұндай жағдайларда буып-түюдiң сақталуына нотариус жауап бередi.
3. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға куәлiк берiледi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 94-бап өзгертілдi
94-бап. Сақтауға қабылданған құжаттарды және бағалы қағаздарды қайтару
Сақтауға қабылданған құжаттар және бағалы қағаздар оларды сақтауға тапсырған адамға немесе заңды түрде уәкiлеттi адамға куәлiктi және олардың тiзiмiн көрсеткенде не соттың шешiмi бойынша қайтарылып берiледi.
16-тарау. Теңiз наразылықтарын жасау
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
95-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме
1. Нотариус кеменiң жүзу немесе тоқтау кезеңiнде орын алған оқиғалар туралы кеме капитанының мәлiмдемесiн кеме иесiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында қабылдайды, бұл мәлiмдеме кеме иесiне мүлiктiк талап қоюға негiз болуы мүмкiн.
2. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде оқиғаның мән-жайы мен өзiне сенiп тапсырылған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн капитанның қолданған шаралары көрiнiс табуға тиiс.
3. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде баяндалған мән-жайды растау ретінде кеме капитаны сауда мақсатында теңiзде жүзуді реттейтiн заңнамаға сәйкес нотариусқа қарап шығу үшiн кеме журналын және кеме журналынан капитан куәландырған үзiндiнi мәлiмдемемен бiр мезгілде не портқа кiрген кезден немесе, егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап күнтізбелік жетi күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы ҚР 2002 ж. 17 қаңтардағы № 284-ІІ Заңының 226-230 баптарын және ҚР нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
96-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеменiң мерзiмдерi
1. Теңiз саудасын реттейтiн заңдарға сәйкес теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме кеме портқа кiрген кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде берiледi.
Егер теңiз наразылығын мәлiмдеудiң қажеттiгiн туғызған оқиға портта болса, наразылық оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде мәлiмделуге тиiс.
2. Белгiленген мерзiм iшiнде наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, оның себептерi теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде көрсетiлуге тиiс.
97-бап. Теңiз наразылығы туралы акт жасау
Нотариус капитан мәлiмдемесiнiң, кеме журналы деректерiнiң, сондай-ақ капитанның өзiн және мүмкiндiгiнше кеменiң командалық құрамынан ең кемi екi куәнi және кеме командасынан екi куәнi сұрау негiзiнде теңiз наразылығы туралы акт жасайды, оған өзiнiң қолын қойып, мөрмен куәландырды. Теңiз наразылығы туралы актiнiң бiр данасы капитанға немесе уәкiлеттi адамға берiледi.
17-тарау. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету
98-бап. Сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда дәлелдемелердi қамтамасыз ету
1. Нотариус сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда, егер кейiннен дәлелдемелердi табыс ету мүмкiн емес немесе қиын болады деп топшылауға негiз болса, мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
2. Нотариус мүдделi тұлғалар өзiне өтiнiш жасаған кезде соттың немесе басқа құзыреттi органның қарауында жатқан iс бойынша дәлелдемелердi қамтамасыз етпейдi.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қараңыз
99-бап. Нотариустың дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөніндегі iс-әрекеттерi
1. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету тәртібі бойынша нотариус азаматтарға сауалдар қояды, құжаттар мен заттарды қарайды, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды.
2. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу әрекеттерiн жасаған кезде нотариус Қазақстан Республикасы азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларын басшылыққа алады.
3. Нотариус тараптар мен мүдделi адамдарға дәлелдемелердi қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, бiрақ олардың келмей қалуы дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөніндегі iс-әрекеттi жасауға кедергi болып табылмайды.
4. Тараптар мен мүдделi адамдардың бiреуiн хабардар етпей дәлелдемелердi қамтамасыз ету тек кейiнге қалдыруға немесе iске кейiннен кiмнiң қатысатынын анықтауға болмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.
5. Куә немесе сарапшы шақыру бойынша келмеген жағдайда, нотариус Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген шараларды қолдану үшiн куәнiң немесе сарапшының тұрғылықты жерi бойынша сотқа бұл туралы хабарлайды.
6. Нотариус азамат пен маманды көрiнеу жалған айғақ немесе қорытынды бергенi және айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауап беретiнi туралы ескертедi.
18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы.
Халықаралық шарттар
100-бап. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы
1. Нотариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердiң құқық нормалары негiзiнде нотариаттық iс-әрекет жасайды.
2. Нотариус Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жасалған құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделсе, басқа мемлекеттердiң заңдарында белгiленген нысанда куәландыру жазбаларын жазады.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру
Шетелдiк азамат өлген соң Қазақстан Республикасының аумағында қалған мүлiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматы өлген соң шетелдiк азаматқа тиесiлi мүлiктi қорғауға байланысты iс-әрекеттер, сондай-ақ мұраны сенімгерлiк басқарушыны тағайындау және осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
102-бап. Нотариустың шетелде жасалған құжаттарды қабылдауы
1. Нотариус басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары лауазымды адамдарының қатысуымен шетелде жасалған немесе солардан шығатын құжаттарды оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң органы заңдастырған жағдайда қабылдайды.
Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара
2. Заңдастырылмаған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда ғана қабылданады.
103-бап. Басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз ету
Нотариус басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
104-бап. Халықаралық шарт
1. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттерден өзгеше ережелер белгiленсе, нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарт Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген нотариаттық iс-әрекеттер жасауды нотариаттың құзыретiне жатқызса, нотариус нотариаттық iс-әрекеттi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
105-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету
3. Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметiн реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңмен сәйкес келтiрiлуге тиiс және осы мерзiм iшiнде оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
4. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 1997 жылғы шілденің 14-і.
№ 155-1