Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының - Қазақстан Республикасының резидент емесінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға қолданылмайды.
Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар - жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді табыс етеді.
Мыналар:
кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көзі болып табылады.
Осы тармақшаның екінші бөлігінде аталған көздерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшердегі сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
Сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған жағдайда өтініш беруші сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
2) өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын;
5) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
6) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпаратты;
7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;
8) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;
2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына ие, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;
4) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
5) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
9) өтініш берушінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебесін алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарын талдауды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстарды, егер олар бар болса, табыс етеді.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта аталған құжаттарға қосымша өтініш берушінің орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растама не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы өтініш береді.
9. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 8-тармағында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды;
3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтініш береді.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта аталған құжаттар мен мәліметтерге қосымша, уәкілетті орган оған қойылатын талаптарды белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.
11. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) он немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;
3) олардың біреуі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін;
6) олардың біреуі өзіне сыйға берілген ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
12. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
Уәкілетті орган өз шешімінің нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлама беруге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісімді беруден бас тартқан жағдайда жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда оған осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
Уәкілетті орган оларға қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган осы тұлғаларға уәкілетті органның талаптарын орындату үшін сотқа жүгінуге құқылы.
14. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір әрекет жасауға және (немесе) осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
Аталған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай болған тұлға сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Тиісті мәртебені алу туралы өтініш оған өзінің сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер осы тұлға аталған мерзімде акцияларын иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға беріледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдағаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.
15. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызы тиесілі және:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит өткізу мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін, олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін акционерлер сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар болып табылмайды.
16. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;
3) олардың біреуі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
17. Уәкілетті орган осы тұлғаның сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екенін көрсететін мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленуші кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғаның бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей немесе жанама түрде иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама түрде дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасының өзгеруі туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларын шегере отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі оларға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын өзінің барлық ірі қатысушыларының немесе сақтандыру холдингтерінің (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) тізімін уәкілетті органға беруге міндетті.
20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өзі осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
21. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылардың, сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 14 - 20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімінде уақтылы ұсынбауы, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 22-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
22. Бас банктің сақтандыру холдингі, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу кезінде акцияларын еншілес банк берген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуына уәкілетті органның келісімі бас банктің осы акцияларға меншік құқығы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде тіркелгеннен кейін берілді деп есептеледі.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 26-1- баппен толықтырылды; 2007.19.0 2. № 230-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-1-бап өзгертілді
26-1-бап. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту негіздері
1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына:
1) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не табыс етілген құжаттардың осы Заңның 26-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болмауы;
2) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
4) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оған ірі қатысушы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;
6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
7) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру холдингтеріне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдау жасау;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы;
11) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;