«Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
1-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы
көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
тасығышта
_____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда
Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені,көше атауы, үй/ғимарат)
Электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Телефондары
_____________________________________________________________________
Факс
_____________________________________________________________________
Банк шоты
_____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) жеке тұлғаның электрондық
цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________
«Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
2-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы
көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта
_____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Телефондары
_____________________________________________________________________
Факс
_____________________________________________________________________
Банк шоты
_____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
_____ парақта қоса беріледі.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ұйым басшысының
электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне 3-қосымша
Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру
үшін біліктілік талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1-тарау. Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
1-кесте
Маманның, техниктің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын қызме ті | Қабылдау туралы бұйрық тың/жеке еңбек шарты ның нөмірі және күні | Ұйым жұмысының бағдарына сәйкес мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострифика циялау туралы мәліметтер) (бұл тармақ рентгендік тексеру аппаратта рында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшы лар үшін толтырылмайды) | Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын сертификат тардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні (осы баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Оқыту және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (осы баған жұмысшы лар үшін толтырыл майды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілер дегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (лауазымының атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (осы баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілер де, ядролық материал дарды өткізуден басқа ядролық қондырғы ларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтыры лады) | Персо налды «А» тобының персона лына жатқызу (иә/ жоқ) |
1. | 2. | 3. | 4. | 5. | 6. | 7. | 8. |
Тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің біліктілік құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 1-кестеге енгізіледі*.
* ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін осы тармақты орындау талап етілмейді. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау қызметінің кіші түрі үшін құжаттар (сертификаттар, куәліктер, куәліктер) ұсыну талап етілмейді. Құрамында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын немесе радиоизотопты иондаушы сәуле шығару көздері бар медициналық аспаптарды қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу қызметтің кіші түрі үшін отандық дайындаушы зауыттар немесе олардың уәкілетті ұйымдары берген құжаттарды (сертификаттарды, куәліктерді, куәліктерді) ұсыну талап етілмейді және кемінде екі техник талап етіледі. Техниктер құрамында иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптарға және қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, бөлшектеуді, зарядтауды, қайта зарядтауды, жөндеуді, иондандырушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылауды, аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылауды жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді.
2-тарау. Қызмет немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
2-кесте
Қызметті құру туралы (немесе жауапты адам туралы) бұйрықтың нөмірі және күні | Маманның тегі, аты, әкесінің аты және атқаратын лауазымы | Оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – радиациялық қауіпсіздік бойынша тану/нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жүргізу құқығына берілген лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе жауапты адам туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 2-кестеге енгізіледі*.
* – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы және радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» қызметінің түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады.
3-тарау. Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
3-кесте
Шарт тақырыбы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/дара кәсіпкер/ жеке тұлға атауы (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Шарттың нөмірі және күні, шарттың қолданылу мерзімі (жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуге меншікті лицензиясы бар өтініш беруші осы бағанды толтырмайды) | Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету құқығына рұқсат беретін лицензияның нөмірі | Жеке дозиметрлік бақылаумен қамтылған қызметкерлер саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Персоналды жеке дозиметрлік бақылаумен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 3-кестеге енгізіледі*.
* – құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық құралдарды қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу жөніндегі кіші қызмет түрлеріне ғана жатады;
иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау. Персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізуге арналған шарт атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен жасалады.
4-тарау. Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
4-кесте
Иелік құқығын растайтын немесе өзге заңды құқықтарды растайтың құжат | Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы | Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтардың мақсаты | Шыққан жылы және өндіруші ел | Зауыттық нөмірі және түгендеу күні | Техника лық паспорт тың нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 4-кестеге енгізіледі *.
* – құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық құралдарды қоса алғанда, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға және аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге, монтаждауға, бөлшектеуге, зарядтауға, қайта зарядтауға, жөндеуге ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін орындау талап етілмейді.
5-тарау. Мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
5-кесте
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңды құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/арнайы үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе өзге заңды негіздегі арнайы үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 5-кестеге енгізіледі *.
* – өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау және персоналды жеке дозиметрлік бақылау бойынша жұмыстарды орындауға ғана қатысты.
6-тарау. Теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
6-кесте
Оқыту сыныбының, оқыту жабдықтарының, техникалық құралдың, радиациялық бақылау аспабының қысқаша сипаттамасы және атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды құқықтарды растайтын құжаттың атауы | Өзге заңды құқықтар болған жағдайда | Оқыту жабдығының, техникалық құралдың немесе радиациялық бақылау аспабының тағайындалуы | Зауыттық нөмірі және түгендеу күні (оқыту сыныптарына толтырылмайды) | Саны | Техникалық паспорттың нөмірі (радиациялық бақылау аспаптары үшін) |
Шарттың нөмірі, күні және қолдану мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлға/ дара кәсіпкер/жеке тұлғаның атауы және Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ / Жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қажетті радиациялық бақылаудың теориялық және практикалық оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 6-кестеге енгізіледі.
* – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
7-тарау. Тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
7-кесте
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның /дара кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1. | 2. | 3. | 4. |
Тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 7-кестеге енгізіледі*.
* осы тармақ мәлімделген қызмет құрамында ядролық және радиоактивті материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қорғау бойынша операциясы болғанда ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
«Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
4-қосымша
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке құжаттар
1. Біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық даярлықтан өткенін растайтын құжаттар (сертификаттар, куәліктер, куәліктер) – қызметтің кіші түрі үшін иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын немесе құрамында радиоизотопты иондаушы сәуле шығару көздері бар немесе медициналық аспаптарды қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу отандық дайындаушы зауыттар немесе олардың уәкілетті ұйымдары берген құжаттарды (сертификаттарды, куәліктерді, куәліктерді) ұсыну талап етілмейді және кемінде екі техник талап етіледі. Техниктер құрамында иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптарға және қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды монтаждауды, бөлшектеуді, зарядтауды, қайта зарядтауды, жөндеуді, иондандырушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылауды, аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылауды жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді. Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін осы тармақты орындау талап етілмейді. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау қызметінің кіші түрі үшін құжаттарды (сертификаттарды, куәліктерді, куәліктерді) ұсыну талап етілмейді.
2. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы) – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады. Осы тармақты персоналды жеке дозиметрлік бақылау, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау және ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін орындау талап етілмейді.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес өтініш беруші бекіткен мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық – осы тармақ:
құрамында радиоизотоптық иондаушы сәуле шығару көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
иондаушы сәуле шығару көздерінің жұмыс сапасын, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау жөніндегі қызметтердің кіші түрлеріне ғана қатысты.
4. «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) медициналық рентген жабдықтарының пайдалану параметрлеріне бақылау жүргізу талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен рентген аппаратының әрбір типінің тексерілетін негізгі параметрлерін, түсірілген суреттерді алу жүйесін және оларды бағалау шарттарын, пайдаланылатын қосалқы жабдықтарды сипаттай отырып сынау бағдарламасы – осы тармақ иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20323 болып тіркелген) «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өлшеу құралдары, бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысанының 4-кестесінің 1-бағанында көрсетілген құжаттар.
өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарын тексеру сертификаттары – құрамында радиоизотопты иондаушы сәуле шығару көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналықты қоса алғанда, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауға және аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге, монтаждауға, бөлшектеуге, зарядтауға, қайта зарядтауға, жөндеуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түрлері үшін осы тармақты орындау талап етілмейді.
6. Өтініш беруші бекіткен персоналдың авариялық жағдайлардағы іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық – осы тармақ мәлімделген қызмет құрамында ядролық және радиоактивті материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қорғау бойынша операциясы болғанда ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20323 болып тіркелген) «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету» қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны 6-кестесінің 2-бағанында көрсетілген құжаттардың көшірмелері – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
8. Ядролық және/немесе радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мамандығы бойынша кемінде үш жыл оқыту тәжірибесі, арнайы даярлығы және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек кітапшалары және/немесе оны тоқтату күні мен негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарттары) бар оқытушылардың білімі, арнайы даярлығы (даярлау бағдарламаларын қоса бере отырып) туралы құжаттар – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.
9. Өтініш беруші бекіткен, нақты сабақтар өткізетін оқытушының тегі көрсетілген, теориялық және практикалық даярлықты бөліп көрсете отырып, сағат бойынша бөле отырып оқыту бағдарламасы – осы тармақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты.