8-тарау. Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
8-кесте
Шарт тақырыбы | Шарт нөмірі және жасалған күні, шарттың қолданылу мерзімі | Техникалық қызмет көрсетумен қамтылған аппараттардың атаулары (бұл мәліметтер иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы келісім үшін толтырылады) | Шарт жасалған тұлғаның заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлға атауы | Лицензия нөмірі/рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер осы тарауға сәйкес 8-кестеге енгізіледі*.
* – осы тармақ өтініш беруші қол жүгін, багажын тексеріп-қарау үшін рентген жабдықтарында жұмыстар жүргізген кезде және осы жабдықтардың меншік иесі және/немесе баланс ұстаушысы болып табылмайтын жағдайды қоспағанда, қол жүгі мен багажды тексеріп-қарау, көлікті, материалдарды, заттарды тексеріп-қарау, адамды және иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларды тексеріп-қарауға арналған жабдықты пайдалану жөніндегі жұмыстарға ғана қатысты болады.
«Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын
аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
4-қосымша
Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке құжаттар
1. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет туралы ереже (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығы) – радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты адам «Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау» қызмет түріне немесе кіші түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы даярлықтан өткен қызметкерлері ішінен тағайындалады.
2. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген радиациялық бақылау жүргізу хаттамасы (өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар және қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хат), радиациялық бақылауды жүргізу жоспары; радиациялық бақылау аспаптарын тексеру сертификаты және радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасы немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізудің соңғы хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хат – егер өтініш беруші қол жүгін, багажын жете тексеру үшін рентген жабдықтарында жұмыстар жүргізетін болса және осы жабдықтардың меншік иесі және/немесе баланс ұстаушысы болып табылмаған жағдайда, бұл тармақты орындау талап етілмейді. Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын және өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде радиациялық бақылау жүргізу хаттамасын ұсыну туралы кепілдік хатты ұсыну иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптар мен қондырғыларға ғана қатысты болады.
3. Өтініш беруші бекіткен:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық;
иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісі немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар және қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды сатып алғаннан кейін бір ай ішінде иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды түгендеу актісін ұсыну туралы кепілді хат;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15005 болып тіркелген) «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламенті 193-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау нұсқаулығы.
4. Атом энергиясын қолдану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасы немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда, өтініш беруші иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғылар сатып алғаннан кейін бір ай ішінде аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының көшірмесін ұсыну туралы кепілді хат – осы тармақ иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдалану және дайындау бойынша жұмыстарға ғана қатысты.
«Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын
аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
5-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
______________________________________________________________
20___ жылғы «___» __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің атының (болған жағдайда) өзгеруі; ______________________________________________________________
2) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның атауының өзгеруі ______
3) дара кәсіпкер-лицензиатты қайта тіркеу, оның заңды мекенжайының өзгеруі ______________________________________________________________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы; ____________________________________________________
5) «Объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін физикалық орын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі; ________________________________________________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы ____________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________
_____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Телефондары
_____________________________________________________________________
Факс
_____________________________________________________________________
Банк шоты
_____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру
объектісінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) жеке тұлғаның
электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________
«Иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын
аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
6-қосымша
Нысан
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан орны, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды
тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы)
жүзеге асыруға
20___ жылғы «___» __________ № __________, ______________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
(керектің асты сызылсын)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ___________________________________________________________
қайта құру ______________________________________________________
қосылу _________________________________________________________
бөліп шығару ____________________________________________________
бөліну ____________________________арқылы қайта ұйымдастырылған
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауының өзгеруі _______________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______________
4) егер лицензияның иеліктен шығарылуы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияның иеліктен шығарылуы___________________________________________________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар сыныбы» бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілерді көрсете отырып, лицензияға қосымшалар үшін оның физикалық орнын ауыстырусыз объектінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі ____________________________________________________________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптардың болуы____________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта _____________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Телефондары
_____________________________________________________________________
Факс
_____________________________________________________________________
Банк шоты
_____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру
объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілетін құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
10-қосымша
«Атом энергиясын пайдалану саласында
қызметтер көрсету жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 7-қосымша
«Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: 1) персоналды жеке дозиметриялық бақылау; 2) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау; 3) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау; 4) иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау; 5) өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау, радон мен басқа да радиоактивті газдардың концентрациясын өлшеу; 6) аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау; 7) құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотопты көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық құралдарды қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, демонтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу. |
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті. |
2. | Көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделген кезде– 20 (жиырма) жұмыс күні; 2) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғарыда көрсетілген барлық кіші түрлерімен бірге қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді: 1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды; 3) лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың төлнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды. Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1 және 2-қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер; осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны (бұдан әрі – мәліметтер нысаны); осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелері; 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5 және 6-қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі; 3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5 және 6-қосымшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде қайта ресімдеу үшін жеке және заңды тұлғаның өтініші; ЭҮТШ-дан жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын мәліметтер (лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді); алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі; мәліметтер нысаны; осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке құжаттардың электрондық көшірмелері. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензия туралы, алым сомасын бюджетке төлеу туралы анықтаманы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады. |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мыналар: Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынғаны; лицензиялық алым енгізілмеген; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмегені; өтініш берушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғаны; сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге сотпен уақытша тыйым салғаны; өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі; 3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе тиісінше ресімдемесе; өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе; егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген болса; көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | 1) мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: www.gov.kz Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстары бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде; порталда орналастырылған; 2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар; 4) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде портал арқылы көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа қолжетімді; 5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстары бірыңғай платформасының «Энергетика министрлігі» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777. |