20) 843-баптың бесінші бөлігіндегі «тиісті мамандандырылған аудандық сот және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін актілері мен шешімдері қабылданған кезінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.»;
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша сәйкес келмейтін актілері мен шешімдері, сенім білдіру құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.»;
2) 124-9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ ол қабылдаған шешімдерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;»;
3) 129-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 38-бабының күші қолданылады.»;
4) 134-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалады.»;
5) 157-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерiлетiн субъект бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы Кодекстің 29-тарауында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға шағым жасауға құқылы.»;
6) 224-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауы мүмкін.»;
7) 230-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нарық субъектісі монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің нұсқамасына ол нарық субъектісіне табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
8) 301-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«301-бап. Қорғаудың соттағы нысаны
Кәсіпкерлік субъектілері бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.»;
9) 302-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.»;
10) 319-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағым құзыретiне оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Шағым беру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.».
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 28, 227 және 250-баптардың, 27-тараудың, 286, 287 және 288-баптардың, 28-тараудың, 289, 290 және 291-баптардың, 29-тараудың, 292, 293, 294, 295, 296 және 297-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
2) 4-баптағы «және жария-құқықтық қатынастарда» деген сөздер алып тасталсын;
3) 23-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодексте көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу істері соттардың ведомстволығына жатады.»;
2021.20.03. № 20-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) 26-баптағы «27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабында» деген сөздер «27-бабының 1-2-бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2021.20.03. № 20-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) 27-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, әскери соттар азаматтық істерді қарайды.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
6) 28-бап алып тасталсын;
7) 35-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
8) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Дәлелдеу міндеті
Әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімдерде келтіруге тиіс.»;
9) 76-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Әкімшілік іс бойынша соттың заңды күшіне енген шешімімен белгіленген әкімшілік актінің заңсыздығы осы акт заңсыздығының азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді.»;
10) 80-баптың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өкілдің немесе қорғаушының міндеттерін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы - азаматтық, әкімшілік істер бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өкілдер, қорғаушылар;»;
2021.20.03. № 20-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) 149-баптың 1-1-бөлігіндегі «27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында» деген сөздер «27-бабының 1-2-бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2021.20.03. № 20-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) 164-баптың 1-1-бөлігіндегі «27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында» деген сөздер «27-бабының 1-2-бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 183-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмысқа қайтадан алу туралы, әке болуды анықтау және алименттерді өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi. Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.»;
14) 227-бап алып тасталсын;
15) 240-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
16) 250-бап алып тасталсын;
17) 251-баптың бірінші, бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот орындаушысы мүлiкке тыйым салу ісін жүргiзу кезiнде мүлiктiң борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесiлi болуына қарамастан, тыйым салудың күшiн жоюға негiз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот басқа тұлғалардың мүлiкке тыйым салудың күшiн жою туралы арыздарын Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен қарайды. Мұндай арыздар тыйым салынған мүлiк өткізілгенге дейiн берiлуi мүмкiн.
Өндiрiп алу қолданылған мүлiктiң тиесiлiлігiне байланысты құқық туралы дауды басқа тұлғалар әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе тұлғаға бұл туралы белгілі болған күннен бастап мәлiмдеуі мүмкін. Мұндай талаптарды сот талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарайды.»;
«5. Судья мүдделi тұлғалардың арызына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мән-жайларды анықтап, арызды осы бапта және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қараған кезде мүлікті тыйым салудан босатуға (тізімдемеден алып тастауға) міндетті.
6. Егер мүлiктi тәркiлеуге байланысты тыйым салу жүргiзiлген мүлiк өткізілген немесе қайта өңдеуге жiберiлген болса, арызды осы бапта және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қараған кезде талап қоюшыға мүлiктi өткізуден түскен сома өтеледi.»;
18) 252-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот не прокурор санкциялаған қаулысына Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
19) 272-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін бұл істі қарау мүмкін болмаған;»;
20) 27, 28 және 29-тараулар алып тасталсын;
21) 403-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
22) 415-баптың екінші абзацы алып тасталсын;
23) 467-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Кодекстің 30-тарауында көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу істері жатады.».
9. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
475-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.».
10. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат):
46-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер өтеусіз негіз бойынша иеліктен шығарылған жағдайда немесе олар заңды тұлғаның жарғылық капиталына енгізілген жағдайда, мемлекеттің басым құқығын іске асыру кезінде оларды сатып алу Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттің басым құқығын іске асырған кездегі сатып алу бағасымен келіспеген жағдайда, өтініш беруші нәтижелерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.».
11. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
41-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық мәселелері бойынша өтініш қабылдаудан негізсіз бас тартуға, өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істерді қарау тәртібін және азаматтық мәселелері бойынша шешімдерді орындау тәртібін бұзатын басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
12. «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 20, 248-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 209-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):
17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Дауларды шешу тәртiбi
Осы Заңмен реттелетiн қатынастарға қатысушылар арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешiледi.».
13. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):
20-5-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жауапқа тартылатын қызметшілері мен техникалық қызметшілері Қазақстан Ұлттық Банкінің әрекеттерi мен шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Бұл ретте Қазақстан Ұлттық Банкінің көрсетілген әрекеттерi мен шешімдеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.».
14. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Дауларды қарау
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден және филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк тiркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтаруға, сол сияқты заңды тұлғаның құрылтайшылары мен тіркеуші орган арасындағы өзге де дауларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
15. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 48-1-баптың 3-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
2) 67-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк холдингінің акционерлерi (қатысушылары) күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін. Көрсетілген шешiмге шағым жасау банк холдингін консервациялауды тоқтата тұрмайды.»;
3) 74-4-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;»;