2) 29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
3) 31-баптың 2-тармағындағы «және азаматтық істер» деген сөздер «, азаматтық және әкімшілік істер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 45-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуге клиенттің өкілі ретінде қатысады;
4) қылмыстық сот ісін жүргізуге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысады;»;
5) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«82-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелік
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.».
74. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 123-құжат):
26-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқамаға шағым жасауға;».
75. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 105-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-баптың 5) тармақшасындағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 29 маусым
№ 351-VІ