Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
24) банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кезде:»;
алпыс сегізінші абзацтағы «берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы жетпіс төртінші абзацпен толықтырылсын:
«25-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ипотекалық ұйым сатып алған тұрғынжайды жалға алу бойынша берешекті есептен шығару кезінде түзілген кіріс;»;
2-тармақтың 1) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тоқсан үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«35) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін жеке тұлғаның шотына банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қаражаты есебінен банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы есепке жатқызатын сома;»;
мынадай мазмұндағы бір жүзінші абзацпен толықтырылсын:
«39-1) осы Кодекстің 22-бабының 14-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес алынған сыйақы сомасы;»;
бір жүз жетпіс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«17) осы баптың 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған басқа да кірістер;»;
екі жүз алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық актив, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.»;
мынадай мазмұндағы екі жүз алпыс үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Ерлі-зайыптылардың біреуі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мұраға алған кездегі құн өсімін айқындау мақсаттары үшін осы тармақшаларда көрсетілген кезең ерлі-зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалады.»;
екі жүз жетпіс алтыншы және екі жүз жетпіс жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның өзі салған, өткізетін ғимарат, ғимараттың бір бөлігі өткізілген кезде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай ғимаратты, ғимараттың бір бөлігін салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Ғимараттың бір бөлігін өткізу кезінде жер учаскесінің құны ғимараттың өткізілетін бөлігіне пропорционалды түрде айқындалады.
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын жеке тұрғын үйден реконструкцияланған ғимарат өткізілген жағдайда, осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны жеке тұрғын үй ретінде сатып алу құнының арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасының отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екі жүз тоқсан екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғаның цифрлық активті, борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу құнының арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасының отыз жетінші - қырқыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы төрт жүз қырық тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«8-1) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;»;
бес жүз қырық бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«41) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан субсидиялар;»;
2-тармақтың 1) тармақшасының қырық бірінші және қырық екінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы бес жүз алпыс бесінші абзацпен толықтырылсын:
«55) жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған депозиттері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен төленетін өтемақы (сыйлықақы).»;
алты жүз жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжат болып табылады.»;
алты жүз жиырма екінші және алты жүз жиырма үшінші абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жеті жүз қырық төртінші абзацпен толықтырылсын:
«4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері бірыңғай төлемнің есептелген сомаларын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда көрсетеді.»;
сегіз жүз он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодекстің 365-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:»;
мынадай мазмұндағы сегіз жүз қырқыншы абзацпен толықтырылсын:
«12-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;»;
2) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-1-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 505-бабы 1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елдімекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Қалалар: | | |
1. | Алматы | 28,95 | 0,96 |
2. | Шымкент | 9,17 | 0,58 |
3. | Нұр-Сұлтан | 19,30 | 0,96 |
4. | Ақтау | 9,65 | 0,58 |
5. | Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
6. | Атырау | 8,20 | 0,58 |
7. | Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
8. | Қарағанды | 9,65 | 0,58 |
9. | Қостанай | 6,27 | 0,58 |
10. | Қызылорда | 8,68 | 0,58 |
11. | Орал | 5,79 | 0,58 |
12. | Өскемен | 9,65 | 0,58 |
13. | Павлодар | 9,65 | 0,58 |
14. | Петропавл | 5,79 | 0,58 |
15. | Талдықорған | 9,17 | 0,58 |
16. | Тараз | 9,17 | 0,58 |
17. | Түркістан | 7,79 | 0,39 |
18. | Алматы облысы: | | |
19. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 | 0,39 |
20. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
21. | Ақмола облысы: | | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 | 0,39 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 | 0,39 |
24. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы | 0,39 |
25. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы | 0,19 |
26. | Кенттер | 0,96 | 0,13 |
27. | Ауылдар | 0,48 | 0,09 |
»;
2) Салық кодексінің 505-бабы бірінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 28,95 |
2. | Шымкент | 9,17 |
3. | Астана | 19,30 |
4. | Ақтау | 9,65 |
5. | Ақтөбе | 6,75 |
6. | Атырау | 8,20 |
7. | Жезқазған | 8,20 |
8. | Көкшетау | 5,79 |
9. | Қарағанды | 9,65 |
10. | Қонаев | 6,75 |
11. | Қостанай | 6,27 |
12. | Қызылорда | 8,68 |
13. | Орал | 5,79 |
14. | Өскемен | 9,65 |
15. | Павлодар | 9,65 |
16. | Петропавл | 5,79 |
17. | Семей | 8,20 |
18. | Талдықорған | 9,17 |
19. | Тараз | 9,17 |
20. | Түркістан | 7,79 |
21. | Алматы облысы: | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 6,75 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,79 |
24. | Ақмола облысы: | |
25. | облыстық маңызы бар қалалар | 5,79 |
26. | аудандық маңызы бар қалалар | 5,02 |
27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы |
28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы |
29. | Кенттер | 0,96 |
30. | Ауылдар | 0,48 |
»;
3) 43-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-3-бап. Мыналар:
1) Салық кодексінің 529-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Базалық құны теңгемен |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 60 000 |
2. | Шымкент | 36 000 |
3. | Нұр-Сұлтан | 60 000 |
4. | Ақтау | 36 000 |
5. | Ақтөбе | 36 000 |
6. | Атырау | 36 000 |
7. | Көкшетау | 36 000 |
8. | Қарағанды | 36 000 |
9. | Қостанай | 36 000 |
10. | Қызылорда | 36 000 |
11. | Орал | 36 000 |
12. | Өскемен | 36 000 |
13. | Павлодар | 36 000 |
14. | Петропавл | 36 000 |
15. | Талдықорған | 36 000 |
16. | Тараз | 36 000 |
17. | Түркістан | 12 000 |
18. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
19. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
20. | Кенттер | 4 200 |
21. | Ауылдар | 2 700 |
»;
2) Салық кодексінің 529-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Базалық құны теңгемен |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 60 000 |
2. | Шымкент | 60 000 |
3. | Астана | 60 000 |
4. | Ақтау | 36 000 |
5. | Ақтөбе | 36 000 |
6. | Атырау | 36 000 |
7. | Жезқазған | 12 000 |
8. | Көкшетау | 36 000 |
9. | Қарағанды | 36 000 |
10. | Қонаев | 12 000 |
11. | Қостанай | 36 000 |
12. | Қызылорда | 36 000 |
13. | Орал | 36 000 |
14. | Өскемен | 36 000 |
15. | Павлодар | 36 000 |
16. | Петропавл | 36 000 |
17. | Семей | 12 000 |
18. | Талдықорған | 36 000 |
19. | Тараз | 36 000 |
20. | Түркістан | 36 000 |
21. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
22. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
23. | Кенттер | 4 200 |
24. | Ауылдар | 2 700 |
»;»;
4) мынадай мазмұндағы 43-10-баппен толықтырылсын:
«43-10-бап. Салық кодексінің 531-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 0,96 |
2. | Шымкент | 0,58 |
3. | Астана | 0,96 |
4. | Ақтау | 0,58 |
5. | Ақтөбе | 0,58 |
6. | Атырау | 0,58 |
7. | Жезқазған | 0,39 |
8. | Көкшетау | 0,58 |
9. | Қарағанды | 0,58 |
10. | Қонаев | 0,39 |
11. | Қостанай | 0,58 |
12. | Қызылорда | 0,58 |
13. | Орал | 0,58 |
14. | Өскемен | 0,58 |
15. | Павлодар | 0,58 |
16. | Петропавл | 0,58 |
17. | Семей | 0,39 |
18. | Талдықорған | 0,58 |
19. | Тараз | 0,58 |
20. | Түркістан | 0,39 |
21. | Алматы облысы: | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
24. | Ақмола облысы: | |
25. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
26. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | 0,39 |
28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | 0,19 |
29. | Кенттер | 0,13 |
30. | Ауылдар | 0,09 |
»;»;
5) мынадай мазмұндағы 44-2 және 44-3-баптармен толықтырылсын:
«44-2-бап. Салық кодексінің 606-4-бабының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«606-4-бап. Салықтық кезең және салық декларациясы
1. Төлемақыны есептеу үшін күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. 2022 жыл үшін декларация салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.».
44-3-бап. Салық кодексінің 606-5-бабы 2-тармағының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілесін:
«2. Салық төлеуші төлемақы сомасын бюджетке декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.».»;
6) 45-2-бапта:
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық активтер;»;
он тоғызыншы абзац «қалауы бойынша» деген сөздерден кейін «есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына» деген сөздермен толықтырылсын:
7) мынадай мазмұндағы 46-1, 57-11, 57-12, 57-13 және 57-14-баптармен толықтырылсын:
«46-1-бап. Салық кодексінің 683-бабының 2-тармағы 3) тармақшасы алтыншы абзацының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«жер қойнауын пайдалануды (кен іздеушілікке арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда);».»;
«57-11-бап. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі бар төлеушілер тіркейтін, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылға дейінгі N3 санатындағы көлік құралдарына (ершікті тартқыштар) қатысты 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 553-бабының 4-тармағында белгіленген, механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелері қолданылмайды деп белгіленсін.
57-12-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мақсаттары үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін қолдануға болады деп белгіленсін.
57-13-бап. 2018 жылғы 1 қаңтар - 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында лотерея операторы лотерея билеттерін, квитанцияларды немесе өзге де құжаттарды өткізген кездегі айналым мөлшері өткізілген лотерея билеттерінің, квитанциялар мен өзге де құжаттардың құны мен лотереяға қатысушыларға төленген ұтыстар, сондай-ақ салықтық емес төлем түрінде бюджетке есепке жатқызуға жататын талап етілмеген ұтыстар арасындағы оң айырма мөлшерінде айқындалады деп белгіленсін.
57-14-бап. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер Салық кодексінде көзделген белгіленген мерзімдерде аяқталады деп белгіленсін.».
2-бап. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген механикалық көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым 200 000 теңге мөлшерінде төленеді және оларға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабы 4-тармағы кестесінің 4-жолының ережесі қолданылмайды деп белгіленсін.
Механикалық көлік құралдарының санаттарын, осы бапта көрсетілген алым мөлшерлемесін қолдану тәртібін, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3-бап. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 766-бабының 1-тармағына сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жіберілген хабарлама негізінде жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты осындай хабарлама жіберілген күнге қолданыста болатын мөлшерлемелер бойынша есептеуді және төлеуді 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.
4-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 27) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
2) 2018 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 44) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 45) және 46) тармақшаларын;
3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 51) тармақшасының сегізінші абзацын, 2-тармағы 1) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын;
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын;
5) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 43) тармақшасын, 73) тармақшасының үшінші абзацын, 82) тармақшасының сегізінші абзацын, 87) тармақшасының екінші абзацын және 135) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының сегізінші - он тоғызыншы, отыз жетінші - қырқыншы абзацтарын;
6) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 130) тармақшасын;
7) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5), 25), 109), 110) және 111) тармақшаларын, 112) тармақшасының жетінші абзацын;
8) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 2), 26), 33), 64), 74), 97), 98), 101), 107) және 108) тармақшаларын, 112) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 114), 115), 116) және 117) тармақшаларын, 120) тармақшасының екінші абзацын, 121), 124), 150), 151), 152) және 153) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 54) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары, 2-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 54) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары, 61), 78) және 85) тармақшалары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының қырық бірінші және қырық екінші абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 84) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
5) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 82) тармақшасының екінші - алтыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
6) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 69) тармақшасының төртінші абзацы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 21 желтоқсан
№ 165-VІІ ҚРЗ