3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізат бойынша - минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткендерін өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.»;
4-тармақтағы «пайдалы қазба» деген сөздер «пайдалы қатты қазба» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткендерін өткізу болмаған жағдайда пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны мұндай өткізу орын алған соңғы салықтық кезеңдегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізатқа қатысты қолданылмайды.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Келісімшарттың қолданылуы басталғаннан бастап минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткендерін өткізу мүлдем болмаған жағдайда, пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны:»;
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбалар бойынша - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қатты қазбалардың басқа да түрлері бойынша - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қатты қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар бойынша - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткендерін кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салықтық кезеңдегі өткізудің нақты орташа өлшемді бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету жүргізуге міндетті.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың мақсатында салықтық кезеңде өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө.… + Vn ө.п. х Бn ө.)/V жалпы өткізу,
мұнда:
V1 ө.п., V2 ө.п.,. Vn ө.п. - салықтық кезеңде өткізілетін минералды шикізаттың және (немесе) пайдалы қатты қазбаның әрбір партиясының көлемдері;
Б1 ө., Б2 ө..., Бn ө. - салықтық кезеңде әрбір партия бойынша минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің нақты бағалары;
n - салықтық кезеңде өткізілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазба партияларының саны;
V жалпы өткізу - салықтық кезеңде минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің жалпы көлемі.
Бұл ретте, егер минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің орташа өлшемді бағасы олардың 20 пайызға ұлғайтылған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өндірістік өзіндік құнынан төмен болса, онда салықтық кезеңде өткізудің орташа өлшемді бағасы 20 пайызға ұлғайтылған осындай өндірістік өзіндік құн негізінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын пайдалы қазбалардың барлық салық салынатын көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.»;
1-тармақтың 153) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
153) 746-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:»;
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс запастардың құрамынан өндірілетін пайдалы қатты қазбалардың және минералды шикізаттың барлық түрлеріне салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыз мөлшерлеме бойынша төленеді.
Осы тараудың мақсаттарында баланстан тыс запастарға мыналар жатады:
KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшудің алдындағы күнгі жағдай бойынша Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның кен орны бойынша баланстан тыс запастар етіп бекітуі негізінде осындай запастарға жатқызылған пайдалы қатты қазбалар мен минералды шикізат;
KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшкеннен кейін алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жүзеге асырылған жағдайда, баланстан тыс запастарға көлемдері болжанатын минералды ресурстар санатына енгізілген және тиісті салықтық кезеңде дәлелденген немесе ықтимал минералды запастар болып табылмайтын, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар жатады.
Бұл ретте баланстан тыс запастар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар өткізілген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемесі қолданылмайды.»;
154) 766-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:
1) толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;
2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген, көмірсутектер кенжатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша көмірсутектерді өндіруге және (немесе) барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы - заңды тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолдануға құқылы.»;
үшінші бөліктегі «жасалған» деген сөз «тіркелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы - заңды тұлғалар тиісті келісімшарт тіркелген күннен бастап оған орай тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолданады. Аталған жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны жібермейді.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес жаңа редакцияда жазылған көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт та күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт деп танылады. Мұндай жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап қолданылады.»;
155) 767-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін шегерімдердің салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген жылдық жиынтық кірістің сомасынан асып кетуі кейінгі қоса алғандағы он жылға жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген осы кейінгі салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісінің есебінен өтеу үшін ауыстырылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Стратегиялық әріптес жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның міндеттемесін барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығарған кезде туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі осы тармақтың мақсатында кіріс ретінде қарастырылмайды.»;
4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан, оның ішінде осы Кодекстің 258-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылатын шығыстар құрамында асып кетуі шегерімге жатпайтыны;»;
156) 768-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«768-бап. Салық мөлшерлемесі
Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
Р/с № | Әлемдік баға | Мөлшерлеме %-бен |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір баррель үшін 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
2. | Бір баррель үшін 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 6 |
3. | Бір баррель үшін 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 12 |
4. | Бір баррель үшін 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 18 |
5. | Бір баррель үшін 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 24 |
6. | Бір баррель үшін 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 30 |
7. | Бір баррель үшін 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 32 |
8. | Бір баррель үшін 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 34 |
9. | Бір баррель үшін 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 36 |
10. | Бір баррель үшін 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 38 |
11. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 40 |
12. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларынан жоғары | 42 |
Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
Р/с № | Әлемдік баға | Мөлшерлеме %-бен |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір баррель үшін 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
2. | Бір баррель үшін 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 2 |
3. | Бір баррель үшін 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 4 |
4. | Бір баррель үшін 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 6 |
5. | Бір баррель үшін 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 8 |
6. | Бір баррель үшін 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 10 |
7. | Бір баррель үшін 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 10,7 |
8. | Бір баррель үшін 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 11,3 |
9. | Бір баррель үшін 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 12,0 |
10. | Бір баррель үшін 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 12,7 |
11. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 13,3 |
12. | Бір баррель үшін 150 АҚШ долларынан жоғары | 14,0 |
»;
157) 774-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы бесінші абзацындағы «жүзеге асыратын адамдар» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«цифрлық майнингті жүзеге асыру және (немесе) цифрлық активтер айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;»;
158) мынадай мазмұндағы 24-1-бөліммен толықтырылсын:
«24-1-бөлім. Бірыңғай төлем
89-1-тарау. Бірыңғай төлем
776-1-бап. Жалпы ережелер
1. Салық агенті тиісті декларацияда осы тараудың ережелеріне немесе осы Кодекстің 8-бөлімінің ережелеріне сәйкес жұмыскерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістеріне салық салудың бірыңғай тәртібін дербес өзі айқындайды.
2. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, жеке тұлғаға жалақы түрінде кіріс төлейтін және бірыңғай төлем құрамында осындай кірістерден жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы тараудың мақсаттары үшін салық агенттері деп танылады.
3. Бірыңғай төлемге төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығының төленуге жататын сомалары, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі.
4. Бастапқы немесе кезекті декларацияда жұмыскерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістеріне салық салудың таңдалған тәртібі салықтық кезең ішінде өзгертілуге жатпайды.
776-2-бап. Бірыңғай төлемді салу объектісі
Жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабында көзделген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі бірыңғай төлемді салу объектісі болып табылады.
776-3-бап. Бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі және ондағы төлем көзінен салық салынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығының үлесі
1. Салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем мөлшерлемесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 20,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 21,5 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 23,8 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 24,8 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25,8 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 26,3 пайызды құрайды.
Бұл ретте «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдерді (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлеуден босатылған жұмыскерлер үшін, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды мемлекет төлейтін жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі әлеуметтік төлемдердің (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) тиісті үлесіне төмендетіледі.
2. Бірыңғай төлем төлеушінің жеке табыс салығының бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 8,4 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 7,6 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 7,3 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 7,0 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 6,9 пайызды құрайды.
776-4-бап. Бірыңғай төлемді есептеу, төлеу және ол бойынша міндеттемелерді тиісті салықтық есептілікте көрсету тәртібі
1. Салық агенті бірыңғай төлемнің тиісті үлестерін есептеуді, ұстап қалуды және оны аударуды, сондай-ақ ол бойынша міндеттемелерді тиісті салықтық есептілікте көрсетуді осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
2. Салық агенті салық салу объектісін есепке жазу кезінде бірыңғай төлемді есептеуді жүргізеді.
3. Салық агенті төлем көзінен салық салынуға жататын кіріс төленетін күннен кешіктірмей, бірыңғай төлемнің жеке табыс салығына, міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына тиесілі тиісті үлестерінің сомаларын ұстап қалуды жүргізеді.
4. Салық агенттері жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды өз қаражаты есебінен жұмыскерлердің пайдасына жүзеге асырады.
5. Салық агенті есепке жазылған кірістер бойынша бірыңғай төлемді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып аударады.
6. Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Бірыңғай төлем сомалары осы Кодекстің 358, 688 және 707-баптарында көзделген тәртіппен тиісті декларацияларда көрсетіледі.
776-5-бап. Салықтық кезең
Салық агенттерінің бірыңғай төлемді есептеуі үшін күнтізбелік ай салықтық кезең болып табылады.
776-6-бап. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірыңғай төлем шеңберіндегі құзыреті
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірыңғай төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жүргізеді;
2) бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жаңартып отырады;
3) бірыңғай төлемнің сомасын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және салық агентінің тұратын жері бойынша тиісті бюджетке бөледі және аударады;
4) бірыңғай төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.
2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.»;
159) 780-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «тауар, көрсетілетін қызмет үшін төлем түскен күннің» деген сөздер «салық төлеу күнінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
«2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушының төлемді жүзеге асыру күні жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасы және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсету бойынша айналым жасау күні болып табылады.
3. Қосылған құн салығының төленген сомалары осы бапқа сәйкес қайтарылуға жатпайды.».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 33-баптың 2) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«1-1. Салық агенті бірыңғай төлем төлеушінің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды осы Кодекстің 89-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар шегінде өтемақы төлемдері;»;
2-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы қырық бірінші абзацпен толықтырылсын:
«10-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киім киіп жүру және (немесе) онымен қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда, жұмыскерге берілген нысанды киімнің құны;»;
2-тармақтың 1) тармақшасының сегізінші - он тоғызыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
елу алтыншы - алпыс бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:
қарыз алушы - жеке тұлға соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы - жеке тұлғаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ қарыз алушы - жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы - жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы - жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;
ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағаға сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін мұндай мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.