2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық активтер;»;
4-тармақтың бірінші бөлігі «қалауы бойынша» деген сөздерден кейін «есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына» деген сөздермен толықтырылсын;
127) 632-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары;»;
128) 634-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;»;
6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;»;
129) 644-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірі орындалған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі, осы бөліктің 5-1) тармақшасына сәйкес салық салынбаған кірістері:»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның бір мезгілде мынадай:
бейрезиденттің мемлекетімен қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарт жасалмаған;
шарт (келісімшарт) мерзімі екі жылдан асатын шарттар болған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері;»;
«26-1) бейрезидент-жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;»;
1-тармақтың 130) тармақшасы 2023 ж. 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
130) 645-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген кірісті салық органында салық төлеуші ретінде тіркелмеген бейрезидент - заңды тұлғаға төлеген резидент - жеке тұлға.
Бұл ретте, қор биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген кірісті төлеген резидент - жеке тұлға осы тармақшаның бірінші бөлігін іске асыру мақсатында салық агенті деп танылады.
Бейрезидент - заңды тұлғаның кірістерінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару осы Кодекстің 650-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.»;
131) 655-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«бейрезидент - жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;»;
132) 667-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде кіріс төлеу кезінде салық агенті мынадай:
мұндай кіріс бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекеттегі бейрезиденттің салық салынатын кірісіне енгізілуге жататын және есепті кезеңде осындай кірісті салық салынатын кірістен алып тастау және (немесе) салық салынатын кірісті осындай кіріс сомасына азайту (түзету) және (немесе) осы салық салынатын кірістен төленген салықты есепті және (немесе) кейінгі кезеңдерде қайтару құқығынсыз салық салынуға жататын;
бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекетте осы кіріске салық салу кезінде қолданылатын номиналды салық мөлшерлемесі есепті кезеңде кемінде 15 пайызды құрайтын шарттар бір мезгілде орындалған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің мақсаты үшін номиналды мөлшерлеме деп шет мемлекеттің салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме түсініледі.»;
133) 679-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өтуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін таңдау күні;»;
134) 683-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында:
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беруді;»;
он бесінші абзац алып тасталсын;
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе қонақүй қызметтері көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында осындай қызметтерді көрсету саласындағы қызметін;»;
1-тармақтың 135) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
135) 684-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күнтізбелік жыл патент негізіндегі арнаулы салық режимін, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.»;
136) 686-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы мобильді қосымшада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын дара кәсіпкер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы (клиент), алушы арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат ретінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі қалыптастырылады.»;
3-тармақта:
5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өткізілетін тауар санаты, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақытын;
6) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын (өлшем бірлігі үшін);
7) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауын;
8) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемін (олардың өлшем бірліктерімен);
9) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құнын;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсаты үшін тауар санаты деп функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген тауарлар тобы түсініледі.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, электрондық алаңдар операторының мобильді қосымшасын пайдаланған кезде оларға арнаулы мобильді қосымшаның чектерін қалыптастыруға уәкілеттік беруге құқылы.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнаулы мобильді қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру және беру үшін, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау үшін пайдалана алады.»;
137) 688-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодекстің 89-1-тарауына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасын немесе бірыңғай төлемдегі әлеуметтік аударымдардың үлесіне тура келетін әлеуметтік аударымдардың сомасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «және әлеуметтік төлемдердің» деген сөздер «, әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
138) 689-бапта:
тақырыптағы «түрлері мен әлеуметтік төлемдерді» деген сөздер «түрлерін, әлеуметтік төлемдерді және бірыңғай төлемді» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік «тәртіппен» деген сөзден кейін «және (немесе) осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «және әлеуметтік төлемдердің» деген сөздер «, әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
139) 700-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бірыңғай төлемге енгізілген сомаларды қоспағанда, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді, төлеуді және әлеуметтік төлемдерді аударуды осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Бірыңғай төлем сомасын есептеу, төлеу осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.»;
140) 702-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ - 5 000 га;
2-аумақтық аймақ - 3 500 га;
3-аумақтық аймақ - 1 500 га;
4-аумақтық аймақ - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының көлемінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың мақсаты үшін жер учаскелерін мынадай аймақтарға бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының топырақ - климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлеріндегі жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жерлері;
3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;
4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының жерлері.»;
141) 705-баптың 2-тармағы «тәртіппен» деген сөзден кейін «не осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
142) 707-баптың 1-тармағындағы «және әлеуметтік аударымдардың» деген сөздер «, әлеуметтік аударымдардың және (немесе) бірыңғай төлемнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
143) 708-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін, көрсетілген арнайы экономикалық аймақ аумағының шегінен тыс жерде жүзеге асырылуы мүмкін басым қызмет түрлерінің жеке тізбесін айқындайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін басым қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
144) 712-1-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялар туралы келісімде көзделген қызмет түрі бойынша инвестициялық жобаны іске асыратын;
3) мыналарды:
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті;
акцизделетін өнімдерді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
лотерея өткізуді;
ойын бизнесі саласындағы қызметті;
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;
банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
аудиторлық қызметті;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
цифрлық майнинг саласындағы қызметті;
кредиттік бюролар қызметін;
күзет қызметін;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті;
жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
пайдалы қазбаларды өткізуді, оның ішінде трейдерлер қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын;»;
145) 712-4-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көмірсутекті пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушыларды және мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, тауар өндіруші болып табылса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады. Осы тараудың мақсаттары үшін тауар өндіруші деп инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін жылдық жиынтық кірісінің кемінде жетпіс пайызын өз өндірісінің тауарларын өткізуден не осындай тұлға өндірген пайдалы қазбаларды және (немесе) осындай тұлғаның пайдалы қазбаларды қайта өңдеуі нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін кіріс құрайтын заңды тұлға түсініледі;
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылса;»;
146) 713-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.»;
147) 720-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) және (немесе) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының және үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу және төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;
148) 721-баптың 1-тармағы «722-бабының 1-тармағында» деген сөздерден кейін «және 722-1-бабында» деген сөздермен толықтырылсын;
149) мынадай мазмұндағы 722-1-баппен толықтырылсын:
«722-1-бап. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекстің 258-бабы 6-тармағының, 268-бабы 2-1-тармағының, 271-бабы 7-1-тармағының, 293-бабы 4-4-тармағының, 517-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының, 767-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің және 768-бабы екінші бөлігінің ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшартқа қол қойылған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Салықтық міндеттемелерді орындау осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің күші жойылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша тиісті салықтар мен төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды осындай келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға немесе тараптардың келісімі бойынша оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін, тиісті келісімшартқа қол қойылған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалғастырады.
3. Күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тоқтатылған жағдайда (оның ішінде мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда), тиісті келісімшартта белгіленген салдарлар қолданылады. Бұл ретте мұндай келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша берілген босатулар, жеңілдіктер немесе өзге де алып қоюлар салдарынан бюджетке төленбеген салықтар, төлемдер сомаларын төлемейді. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тоқтатылғаннан кейін (оның ішінде мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда) салықтық міндеттемелерді орындау осындай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейінгі салықтық кезеңнен бастап салықтық міндеттеме туындаған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 258-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының және 6-тармағының, 268-бабы 2-1-тармағының, 271-бабы 7-1-тармағының, 293-бабы 4-4-тармағының және 517-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының, 767-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің және 768-бабы екінші бөлігінің ережелерін жер қойнауын пайдаланушы - күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап, ал 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес жаңа редакцияда жазуды көздейтін осындай келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспорты басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма жыл өткенге дейін қолданады.»;
1-тармақтың 150) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
150) 736-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңде өндірілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың жалпы көлемінен технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың көлемі алып тасталуға жатады. Технологиялық сынап көру мен зерттеулер үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың көлемі көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың тиісті түрлері (сұрыптары) үшін ұлттық стандарттарда көрсетілген технологиялық сынамалардың ең төмен массасымен шектеледі.
Бұл ретте технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемін жоғарыда көрсетілген жалпы өндіру көлемінен алып тастау олар өткізілген жағдайда, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін, сондай-ақ олар қайта өңделген кезде жүргізілмейді.»;
1-тармақтың 151) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
151) 744-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«744-бап. Салық салу объектісі
Салықтық кезеңдегі жер қойнауындағы нақты ысыраптардың Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасында белгіленген жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптардың шегінен асып түсетін көлемі ескеріле отырып, салықтық кезеңде жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі (пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға осындай уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өткен (есепті) күнтізбелік жылда жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі туралы мәліметтерді береді.
Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар мен минералды запастар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексі (бұдан әрі - KAZRC кодексі) бойынша запастарды есепке алуға көшу күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша қолданыста болатын мемлекеттік баланс шеңберінде, сондай-ақ кен орнында есептен шығарылған запастар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілетін минералды шикізат ескеріле отырып айқындалады.
Бұрын Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітпеген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар бойынша - өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар KAZRC кодексіне сәйкес пайдалы қазбалар запастары шеңберінде айқындалады.
Пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар запастарының есепті және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады.
Жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіру шеңберінде жер қойнауына қайтарылған уран көлемі салық салу объектісі болып табылмайды.»;
1-тармақтың 152) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
152) 745-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салықтық кезеңде пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «минералды шикізат;» деген сөздер «минералды шикізат болып бөлінеді.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңдегі пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны:»;
1) тармақшаның бірінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар бойынша - салықтық кезеңдегі осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.»;
«Пайдалы қазбаның орташа биржалық бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген, өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбаның әрбір түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады;»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар бойынша:
осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбалар бойынша - осы тармақтың 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен;
өндірілген минералды шикізат құрамындағы өндірілген пайдалы қатты қазбалардың басқа түрлері бойынша - оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеу және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;