Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 ж. 29 маусымдағы № 217-II Заңы
(2019.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
3-бап. Топологияларды қорғау туралы заңдар
4-бап. Уәкілетті орган
4-1-бап. Сараптама ұйымы
5-бап. Топологияларды құқықтық қорғау талаптары
6-бап. Топологияға авторлық
7-бап. Топологияға айрықша құқық
8-бап. Айрықша құқықты беру
9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртібімен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық
10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер
11-бап. Топологияны тiркеу
12-бап. Ескерту таңбасы
13-бап. Топологияға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi
14-бап. Топологияға құқықтарды қорғау
15-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
15-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
15-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
16-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;
2) интегралдық микросхема - электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;
3) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
4) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
5) лицензиялық шарт - ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;
6) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiк ету құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;
8) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзу;
9) уәкiлеттi орган - өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заңмен топологияларды жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлiктiк, сондай-ақ олармен байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.
3-бап. Топологияларды қорғау туралы заңдар
1. Топологияларды қорғау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-бап. Уәкілетті орган
Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) топологияларға құқықтарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) мыналарды:
топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын;
топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
аттестаттау комиссиясы туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
3) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;
5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Сараптама ұйымы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргiзеді;
2) топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін береді;
3) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркейді;
4) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiн, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер береді;
6) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді сараптама ұйымының бюллетенінде жариялайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы топологияларды қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
5-бап. Топологияларды құқықтық қорғау талаптары
1. Осы Заңда берiлетiн құқықтық қорғау түпнұсқалық топологияға ғана қолданылады.
2. Автордың шығармашылық қызметiнің нәтижесiнде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейiнше, түпнұсқа деп танылады.
3. Топология элементтерiнiң жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға ол жасалған күнi жалпы мәлiм болса, осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды.
Интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға топология жасалған күнi жалпы мәлiм болған элементтерден тұратын топология осындай элементтердiң жиынтығы тұтас алғанда осы баптың 2-тармағының талаптарын қанағаттандыратын жағдайда ғана құқықтық жағынан қорғалады.
4. Осы Заңда берiлетiн құқықтық қорғау топологияларда iске асырылуы мүмкiн идеяларға, әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды.
6-бап. Топологияға авторлық
1. Топологияны шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.
2. Егер топология жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледi. Тең авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы келісіммен белгiленедi.
3. Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бiрақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрiнде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресiмдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды.
4. Топологияға авторлық құқығы иелiктен алынбайтын жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және ол мерзiмi белгiленбей қорғала бередi.
7-бап. Топологияға айрықша құқық
1. Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларда жұмыс берушi немесе тапсырыс берушi немесе олардың құқық мирасқорлары иеленедi.
2. Осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқық иеленуші топологияны өз қалауына қарай кез келген әдіспен, атап айтқанда, басқа тұлғалардың осы топологияны құқық иеленушiнiң тиiстi рұқсатынсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, осындай топологиясы бар интегралдық микросхемалар дайындау арқылы пайдалануға құқығы бар.
3. Топологияның бiрнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушiлер иеленетiн айрықша құқықты пайдалану тәртібі олардың арасындағы шартта белгiленедi.
Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бiрақ басқа құқық иеленушiлердiң келісімiнсiз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.
4. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз мынадай iс-әрекеттер жасау:
1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлiгiн ғана көшiрудi қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгізу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бiр бөлiгiн көшiру;
2) топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзге де жолмен енгізу топологияға айрықша құқықты бұзу болып табылады.
8-бап. Айрықша құқықты беру
1. Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен және құқық иеленушi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде өтедi.
2. Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
3. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия) беру көзделуi мүмкiн.
3) 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Егер лицензиялық шартта лицензияның түрi көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп саналады.
4. Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруi туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекеттерi үшiн жауапты болады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.
Тіркелген топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тіркелуге жатады.
Тiркеу жүргізілмеген, топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуi мүмкiн.
Жазбаша нысанның және (немесе) тiркеу туралы талаптың сақталмауы айрықша құқық беру туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу, оған өзгерістер енгізу, техникалық сипаттағы қателерді түзету, сондай-ақ тіркеудің күшін жою осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртібімен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық
1. Егер жұмыс берушi мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушiге тиесiлi болады.
2015.31.10. № 382-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген топология үшiн авторға сыйақы төлеу мөлшерi, шарттары және тәртiбi автор мен жұмыс берушi арасындағы келiсiмде айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң топология жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
3. Автор шарт бойынша топология жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi болып табылмайтын тапсырыс берушiге топологияға айрықша құқықтар беруге мiндеттеме қабылдай алады.
10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер
Мыналар:
1) осы Заңның 7-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында аталған iс-әрекеттердi заңсыз көшiрме жасап алынған топологиясы бар интегралдық микросхемаларға немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдарға қатысты жасау, егер осындай пайдалануды жүзеге асырушы тұлға осы интегралдық микросхемалардың немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдардың топологияға айрықша құқықты бұза отырып дайындалғанын және таралып жатқанын бiлмесе және бiлмеуге тиiс болса. Осы тұлға құқық иеленушiден тиiстi хабарлама алғаннан кейiн, осындай топологияға лицензияны еркiн иемдену кезiнде төленуге тиiс болатын мөлшерлес сыйақыны құқық иеленушiге төлеген жағдайда, кез келген iс-әрекеттi қолда бар немесе сол кезге дейiн тапсырыс берiлген өнiмге қатысты жасауға құқылы;
2) топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану;
3) қорғалатын топологияны оның өзiн бағалау немесе талдау негiзiнде жасалған түпнұсқалық басқа топологияға енгізу мен осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi осындай топологияға қатысты жасау;
4) азаматтық айналымға заңды жолмен енгiзiлген қорғалатын топологиясы бар интегралдық микросхеманы тарату;
5) осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi басқа автор жасаған топологияға тәуелсiз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайды.
11-бап. Топологияны тiркеу
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Топология авторы немесе өзге де құқық иеленушi сараптама ұйымына тiркеуге өтiнiм беру жолымен топологияны тiркеуге құқылы.
Топологияны тiркеу туралы өтiнiм және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Көрсетілген құжаттар басқа тiлде ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы өтінімге қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуға тиiс.
2. Егер топология бұрын пайдаланылса, тiркеуге өтiнiм беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Тiркеуге өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға тиiс және онда:
1) тiркеудi сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетiлген топологияны тiркеуге өтiнiш;
2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;
3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлсе, сенiмхат болуға тиiс.
4) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Тiркеуге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Топологияны тіркеу туралы келіп түскен өтінім бойынша сараптама жүргізіледі.
Сараптаманың оң нәтижесі болған кезде топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу жүзеге асырылады және тiркеу туралы куәлiк беріледi.
Өтінім беруші тіркеуге дейін өтінім материалдарын толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.
Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына сараптама ұйымы автор куәлiгін бередi.
5. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген мәлiметтер дұрыс емес деп дәлелденбейiнше дұрыс деп есептеледi.
Аталған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.
6. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12-бап. Ескерту таңбасы
Құқық иеленушiнiң өз құқықтары туралы хабарлау үшiн топологияны қамтитын бұйымдарда айшықталған Т бас әрпi, топологияға айрықша құқық қолданылатын мерзiмнiң басталған күнi және құқық иеленушiнi айқындауға мүмкiндiк беретiн ақпарат түріндегі ескерту таңбасын пайдалануға құқығы бар.
3-бап. Топологияға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi
1. Топологияға айрықша құқық топология тiркелген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
2. Егер топология тiркеуден өтпесе, аталған он жылдық мерзiм осы топологияның немесе осы топология бар интегралдық микросхеманың дүние жүзiнiң кез келген елiнде алғаш пайдаланылуының құжатпен расталған күнiнен бастап есептеледi.
3. Топология тiркелген күнге дейiн пайдаланыла бастаған топологияны тiркеу кезiнде айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi осы баптың 2-тармағына сәйкес есептеледi.
4. Басқа автор өз бетiмен жасаған түпнұсқалық ұқсас топологияның пайда болуы осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған айрықша құқықтың қолданылу мерзiмiн үзбейдi және тоқтатпайды, бұл орайда топологияға айрықша құқықтың қолданылатын жалпы мерзiмi он жылдан аспауы керек.
14-бап. Топологияға құқықтарды қорғау
1. Топологияға құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерiн төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу;
4) құқық бұзушының келтiрiлген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтеуi;
5) залалдың орнын толтырту орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндiрiп алу;
6) айрықша құқықты бұзушының заңдарда белгiленген он мыңнан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтем төлеуi. Өтем мөлшерiн сот залалдың орнын толтыру немесе табысты өндiрiп алу орнына белгiлейдi;
7) азаматтық айналымға енгiзiлетiн немесе осы мақсатпен сақталатын және айрықша құқықты бұзады деп танылған интегралдық микросхемалар мен осындай микросхемаларды қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды жою немесе құқық иеленушiнiң пайдасына алып қою;
8) бұзылған құқық кiмге тиесiлi екендiгi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, орын алған бұзушылық туралы мiндеттi түрде жариялау;
9) заң актілерінде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға байланысты өзге де шаралар қабылдау жолымен жүзеге асырады.
2. Егер лицензиялық шартта көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға лицензиат та талап мәлiмдеуi мүмкiн.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Патенттік сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар;
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
4) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тiзiлiмінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне;
3) осы Заңның 15-2-бабы 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта жалғастырылады.
4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің немесе патент иеленушiнің өкілі ретінде уәкiлеттi органмен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен iс жүргiзудi, сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші дербес жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өздерінің өтiнiш берушi ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.
5. Патенттiк сенiм білдірілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде құпиялы ақпаратқа немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияға қойылатын талаптарды сақтаған кезде құпиялы болып танылады.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтініш берушінің, өзімен еңбек шартын жасасқан жұмыс берушінің немесе өзімен немесе өзінің жұмыс берушісімен азаматтық-құқықтық шарт жасасқан тұлғаның мүддесінде мынадай қызмет түрлерін: