Арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған Қазақстан Республикасының азаматы көрсетілген оқу орнында білім алушы адамдар үшін көзделген курсант лауазымына тағайындалады.
Арнаулы (әскери) оқу орнына қабылдаған кезде қызметкердің (Қазақстан Республикасы азаматының) бұрын берiлген атағы сақталады.»;
6-тармақтағы «адьюнктураға» деген сөз «магистратураға» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Арнаулы (әскери) оқу орындарын бітірген қызметкерлер қажетті бiлiм деңгейi бар адамдар орналасуға жататын және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін Арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар және оларға сәйкес келетiн арнаулы атақтар тiзбесiнде (бұдан әрі - лауазымдар тiзбесi) көзделген офицерлік құрамның лауазымдарына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орындарын немесе мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер оқуды аяқтағаннан кейін бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.
Көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкiн болмаған кезде мұндай қызметкерлер даярлық бейiнi бойынша ұқсас өзге лауазымдарға тағайындалады (айрықша жағдайларда лауазымға одан әрі тағайындау үшiн тиісті бастықтың қарамағына жiберiледi).»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған жағдайда оларға жұмыскерлер арасынан адамдар арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы ол атқаратын профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымы бойынша бекітіледі.
Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымдарға тағайындалады, ал оларды көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен лауазымынан босатылады.»;
10) 31-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «1), 2), 3), 5) және 6)» деген сөздер «1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9)» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 33-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы «резервте болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.» деген сөздер «резервте болу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының (осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда) және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу үшін оқу демалысының берілуіне байланысты оқу жоспарында айқындалған мерзімге уәкілетті басшының қарамағында болу;
8) ақшалай ризық сақталмай шетелге қызметке, оқуға жіберілген қызметкер - жұбайымен (зайыбымен) бірге болған кезде қызметкерлердің уәкілетті басшысының қарамағында болу;
9) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес білім алуға байланысты уәкілетті басшының қарамағында болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.»;
12) 45-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түскен қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатылып және уәкілетті басшының қарамағына есепке алына отырып, ақшалай үлесі сақталмайтын оқу демалысы беріледі.»;
13) 56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары аттестатталуға жатпайды.
Жүктілігі мен босануына байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстарда болу, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің арнаулы (әскери) оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алу кезеңінде қызметкерлер аттестатталуға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.
Кемінде күнтізбелік 20 жыл үздіксіз қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттық тесттен өтуге жатпайды.».
7. «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адьюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің әскери оқу орындарында білім алып жатқан, офицерлер мен сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшісі;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 19-1) және 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер - осы Заңда айқындалатын мерзiмге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына (бұдан әрi - Қарулы Күштер) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;»;
«19-1) докторант - докторантурада білім алатын әскери қызметші;»
«22-1) кадет - әскери оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан әскери қызметші;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) курсант - бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші әскери атағы берілетін, жоғары білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында (әскери факультетте), сондай-ақ шетелдік әскери оқу орнында (әскери факультетте) білім алып жатқан әскери қызметші;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) магистрант - магистратурада білім алып жатқан әскери қызметші;»;
34) және 35) тармақшалар алып тасталсын;
2) 5-баптың 3-тармағы 14) тармақшадағы «болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) біліктілігін арттыруда, қайта даярлауда, қайта мамандандыруда, оқуда, әскери тағылымдамада болған;
16) зерттеулер жүргізген, әскери және басқа сынақтарда болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.»;
3) 10-баптың 1-тармағында:
«жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу» деген сөздер «жалпы орта білімнің жалпы білім беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының азаматтарын қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.»;
5) 21-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) түскен Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызметші тиісінше кадет және курсант әскери лауазымына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскери оқу орнына түскен келісімшарт бойынша әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және магистрант, докторант немесе адъюнкт әскери лауазымына тағайындалады.»;
5-тармақтың 6) тармақшасындағы «болған жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткередi.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) институттардың, университеттердің және академиялардың әскери кафедраларына іссапарға жіберілген жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткередi.»;
6) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі - Ұлттық қорғаныс университеті) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы болып табылады.
2. Ұлттық қорғаныс университетіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің және арнаулы мемлекеттік органдардың кадр органдарының жолдамасы бойынша офицерлік құрамдағы қызметкерлерінің түсуге құқығы бар.
Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін Қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылданған адамдар әскери қызметші немесе қызметкер мәртебесі сақтала отырып, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.
4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;
7) 46-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен басқа) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін оқу демалыстары, ал философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің ізденушілері болып табылатындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.».
8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):
1-қосымшаның 3-жолының 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Діни білім беру бағдарламалары.
2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.
3. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.
4. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.
5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары.
6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.
7. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 20) тармақшасының жиырма бірінші абзацын;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының елу бесінші абзацын және 40) тармақшасының он жетінші абзацын;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының елу алтыншы абзацын;
4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының елу жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;»;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;
арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;
әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;».
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 31) тармақшасы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестатаудан өткен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
1-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;
2) әскери және арнаулы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшелері болып табылатын шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен және білім саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген білім беру ұйымдары береді.
Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 31) тармақшасы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:
1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.».
5. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 51) тармақшасы тоғызыншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.»;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.».
6. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 51) тармақшасы оныншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«үшінші бөліктегі «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;».
7. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 51) тармақшасы он екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;»;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«2) әскери, арнаулы оқу орындарындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;».
8. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 54) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы тармақша тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«54) 62-баптың 5-1-тармағындағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«54) 62-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 13-і.
№ 398-V