2-тармақтың 20) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақтағы «Арнаулы» деген сөз «Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқуға түскен адамдармен шарт жасасады, оның үлгі нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
21) 27-бапта:
«білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүмкіндігі шектеулі балалар» деген сөздер «ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 28-бапта:
2-тармақта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу-тәрбие процесінің оқу жылына арналған графигі мен бекітілген теориялық және практикалық сабақтардың кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Орта білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау бекітілген оқу жылына арналған академиялық күнтізбе және бекітілген оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтағы «жалпы орта білім берудің», «білім беретін кәсіптік оқу» деген сөздер тиісінше «жалпы орта білімнің», «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады және оларға аралық аттестаттау жүргізеді.
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және оларға аралық аттестаттау жүргізу нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.»;
8-тармақтағы «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай тест нысанында немесе мемлекеттiк бiтiру емтиханы нысанында жүзеге асырылады.
Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай тест нысанында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған жағдайларда ұлттық бiрыңғай тестте қатыспаған, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттiк бiтiру емтиханы нысанында жүзеге асырылады және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына кешендi тест арқылы түсуге мүмкiндiк бередi.
10. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттауды;
2) кәсiптiк даярлығының деңгейiн бағалауды және бiлiктiлiктi берудi қамтиды.
Жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшелiктерiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»;
23) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
орта білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне жүктеледі.»;
24) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады.».
25) 32-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «техникалық мектептерде» деген сөздер «колледждерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқу полигондарында шығарылатын өз өндірісі өнімдерін өткізеді.»;
26) 33-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады.»;
екінші бөліктегі «кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 35-бапта:
2-тармақтағы «білім берудің кәсіптік білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жоғары оқу орындарында тиісті лицензия және материалдық-техникалық база болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылуы мүмкін.
Мәдениет саласындағы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары оқу орындары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін жоғары оқу орындарының ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері есебінен қамтамасыз етеді.»;
3-тармақтағы «білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 36-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:
1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік;
2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Әскери мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алған немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін әскери, арнаулы оқу орындарының докторантурасында кемінде үш жыл даярлықтан өтеді.»;
29) 37-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «білім берудің білім беретін оқу», «жалпы орта білім берудің» деген сөздер тиісінше «білімнің білім беру», «жалпы орта білімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту кезінде жүзеге асырылады.»;
5-тармақ «даярлау» деген сөзден кейін «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарламаларға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап отыруды жүргізеді;
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;
5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;
6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен стипендиаттардың оқуын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.»;
30) 38-бапта:
1-тармақтағы «кәсіптік оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады.
7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды.»;
31) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Білім туралы құжаттар
1. Қазақстан Республикасында білімі туралы құжаттардың мына түрлері қолданылады:
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар;
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар.
Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.
Білім туралы құжаттардың барлық түрлерінің қорғаныш белгілері болады.
2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.
1-баптың 2-тармағының 31) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. 2015 ж. 29 қарашадан 2017 ж. 1 қаңтарға дейін осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 3-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылды
2017 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының 3-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады
3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.
Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.
1-баптың 2-тармағының 31) тармақшасының он алтыншы - он тоғызыншы абзацтарының қолданысы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 4-тармағының редакциясында қолданылады
5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:
1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.
6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
8. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.»;
32) 40-бапта:
1-тармақта:
«білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оқыту бағдарламаларын» деген сөздер «оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «бiлiм беру қызметiн жүргiзу» деген сөздер «бiлiм беру қызметiмен айналысу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтағы «бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығына» деген сөздер «бiлiм беру қызметiмен айналысуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;»;
«9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;»;
33) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі
Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны:
1) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларын айқындауға;
3) профессор-оқытушылар құрамына білім алушылардың арақатынасын осы Заңның 52-бабының 8-тармағында белгіленген нормалар шегінде белгілеуге;
4) педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын белгілеуге;
5) білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітуге;
6) өз бетінше әзірлеген оқу жүктемесінің нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.»;
34) 41-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 42-баптың 2-тармағындағы «лицензиясынан» деген сөз «білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 43-бапта:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;»;
2-1) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:
алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдары мен қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;
алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;»;
3) тармақшадағы «бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына» деген сөздер «бiлiм беру қызметiмен айналысуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары)» деген сөздер «жұмысшы кадрлардың және орта буын мамандарының мамандықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;
2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;
7) имандылық-рухани даму саласында педагог жұмыскерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.»;
37) 44-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағайындалады.»;
38) 45-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.»;
39) 45-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың практикадан өту үшін ұйымдардың жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;»;
40) 47-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидентура тыңдаушылары және докторанттар жатады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «Меншiк нысаны мен ведомстволық» деген сөздер «Ведомстволық» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Азаматтар бiтiрген бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандарын қарамастан,» деген сөздер «Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары (жалпы орта білім туралы үздік аттестат және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті орган қорытынды бағаларды сертификаттар балына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тест нәтижелері туралы сертификаттар алады. Білім алушының жылдық бағаларын сертификаттар балына ауыстыруға арналған шәкілді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
9-тармақтағы «өздері белгілеген тәртіппен» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.»;
17-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
2-тармақтың 40) тармақшасының он жетінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.»;
17-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;»;
17-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;»;
мынадай мазмұндағы 17-5-тармақпен толықтырылсын:
«17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агентінің бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.»;
41) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мектепке дейiнгi және орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық зерттеп-қараудан өтуге мiндеттi.»;
42) 49-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.»;
43) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атақтары бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.»;
44) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Педагог жұмыскердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.
Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:
1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;
2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.
2. Педагог жұмыскердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) дара педагогтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;