Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаны алып қою бөлігіндегі шектеулер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптарға қолданылмайды.
1) тармақшаның екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Төлем талабын ұсыну арқылы банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу оның банк шотындағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен қарыз алушының банк шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде шектеледі және төлем талабын толық орындау үшін қажетті барлық соманың банк шотына түсімдері күтілместен жүзеге асырылады. Бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз болмауға тиіс. Көрсетілген шектеу қарыз алушы жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшаға қолданылмайды;
2) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені қарауға құқылы. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгертуге, банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікке сот тәртібінен тыс (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуға құқылы.
Банктік қарыз шартының орындалу талаптарын өзгерту банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен жасалады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушы - дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Қарыз алушы осы баптың 1-1-тармағында және осы Заңның 34-1-бабының 8-тармағында көзделген құқықты іске асырмаған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған не қарыз алушы мен банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) арасында банктік қарыз шартының талаптарын өзгертуге келісім болмаған жағдайларда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) осы баптың 2-тармағында көзделген шаралардан басқа:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге құқылы.
1) тармақшаның екінші бөлігі 2017 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
Банктік қарыз шартында қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуіне жол берген жағдайда банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған кезде, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге жол беріледі.
Берешек коллекторлық агенттікте сотқа дейін өндіріп алуда және реттеуде болған кезеңде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым):
сотқа берешекті өндіріп алу туралы талап қойып жүгінуге;
берешек коллекторлық агенттікте жұмыста болған кезеңдегі сыйақыны, комиссиялар мен қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қарыз алушыда банктік қарыз шарты бойынша - қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын, жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі болған кезде, банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) осы Заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға беруге құқылы емес.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мүлкі қарыз алушының - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша міндеттемесін қамтамасыз ететін кепіл берушінің «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен берілген жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда, қарыз алушыға және кепіл берушіге қатысты осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көзделген шараларды тоқтата тұрады.
3. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге беру немесе құқықты (талап етуді) басқаға беру тәртібі
1. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның коллекторлық агенттікпен осындай шарт жасасу жағдайларын қоспағанда, оның үшінші тұлғалармен нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі - берешекті өндіріп алу туралы шарт) жасасуына тыйым салынады.
2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға:
коллекторлық агенттікке;
банкке;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың талаптары соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықты (талап етуді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру жағдайларына қолданылмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе банктік қарыз шартында өзгеше көзделмесе, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
6. Банктік қарыз шарты бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
7. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шарты бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарызды өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
3) банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:
кепіл нысанасына (егер банктік қарыз кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың;
кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер банктік қарыз бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);
қарыз алушының құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі берешегінің есептеулерінің;
қарыз алушымен наразылық хат алмасудың;
қарыз алушының - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың;
талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.
Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы;
4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
8. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талап етуі) берілген тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап жаңа редакцияда; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі
Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарының, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қарыз алушыларға банктік қарыз шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөнінде қоятын талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 38-бап өзгертiлдi
38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру
1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны қабылдауға және жүргізуге байланысты халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттар бойынша ақпарат беру үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылын жүзеге асырады.
2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.
3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.
4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) есепшотынан есептелген ақшаны олардың келісімiнсiз есептен алып қоюға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Мөлшерлемелер мен тарифтер
1. Сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақының тіркелген не құбылмалы мөлшерлемесін белгілейді және қарыз алушының таңдауы бойынша банктік қарыз шартын жасасқан күнгі банк ұсынған қарызды өтеу әдісін көрсетеді.
2-бөлік 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды
Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде көзделген жағдайларда банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қарызды өтеу әдісін таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобаларын жеке тұлғаға беруге міндетті. Қарыз алушыға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаларға беретін қарыз бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемесіне және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген осындай қарыздар бойынша сыйақыны есептеуге арналған уақытша базаларға сәйкес банктік қарыз шартында белгіленген кезектілікпен есептелген қарызды өтеу кестелерінің жобалары мынадай өтеу әдістерімен міндетті түрде ұсынылуға тиіс:
сараланған төлем әдісі, бұл ретте банктік қарыз бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
аннуитеттік төлем әдісі, бұл ретте банктік қарыз бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын банктік қарыздың бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері басқаларынан ерекшеленуі мүмкін.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға өздерінің ішкі қағидаларына сәйкес есептелген қарызды өтеудің қосымша әдістерін ұсынуға құқылы.
4 - 6-бөліктер 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды
Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі, осы Заңның 34-бабында белгіленген тәртіппен жасалған, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның оны азаю жағына қарай өзгертуі немесе азаю жағына қарай уақытша өзгертуі жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды.
Сыйақы мөлшерлемесін азаю жағына қарай уақытша өзгерту деп банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгілі бір мерзімге төмендетуі түсініледі, ол мерзім өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесі уақытша өзгеріске дейін қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі тараптардың келісуі бойынша шарттың қолданылу мерзімі ішінде сыйақының құбылмалы мөлшерлемесіне өзгеруі мүмкін.
Сыйақының тіркелген мөлшерлемесі тараптардың келісімі бойынша оның шартта айқындалған қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлғаю жағына қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ол банктік қарыз шарты жасалған күннен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді. Тараптардың келісімі бойынша сыйақының тіркелген мөлшерлемесінің ұлғаю жағына қарай одан кейінгі әрбір өзгеруі тіркелген мөлшерлеменің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін мүмкін болады, бірақ сыйақының тіркелген мөлшерлемесінің алдыңғы өзгерген күнінен бастап үш жылдан ерте өзгертілмейді.
Сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шартын жасасу күніне белгіленген қарызға қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар мен тарифтердің мөлшерін және оларды есептеу тәртібін біржақты тәртіппен ұлғаю жағына өзгертуге құқылы емес.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-тармақтың бірінші бөлігі 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылды
3. Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес банктік қарыз шартын жасасқанға дейін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаға комиссиялар мен банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді алу көзделмейтін кредиттеу шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және банктік қарыз шартында көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін кредиттеу шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.
Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес.
Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
Осы тармақтың нормасы 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жасалған банктік қарыз шарттарынан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады
3-1. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жеке тұлғалармен жасалатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ банктік шотқа қарызды есепке жатқызғаны үшін комиссия белгілеуге және алуға құқылы емес.
4. Банктің интернет-ресурсында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат орналастырылуға тиіс. Мөлшерлемелер мен тарифтер туралы ақпарат қолданыстағы мөлшерлемелер мен тарифтерге өзгерістердің енгізілу күні туралы мәліметтер, ішкі құжаттың нөмірі және осы өзгерісті қабылдаған орган көрсетіліп, өзекті режимде сақталып тұруға тиіс.
5-тармақтың қолданысы бұрын жасалған банктік қарыз шарттарының ол қолданысқа енгізілген күннен бастап туындайтын қатынастарына қолданылады, оның шарттарымен қарыз алған күннен бастап бір жылдан асатын мерзімде негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтегені немесе мерзімінен бұрын толық өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алу көзделген
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара)
5. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін, бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу немесе толық мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, қарыздарды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлерін алуға құқылы емес.