2. Мемлекеттік органдарда бар, пайдаланылуы шектелмеген және мүдделі адамдарға қажетті ақпарат қолжетімді болуға тиіс.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар беру мен хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттандыру объектілерінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға тиіс.
4. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және жүзеге асыруға байланысты барлық рәсімдер мен талаптар барлық мүдделі адамдар үшін түсінікті болуға тиіс.
8-бап. Өзара жауаптылық
1. Рұқсат беру арқылы мемлекет лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің мемлекеттік реттеу мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз етуін растайды.
2. Алқалы түрде қарау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігі, әдетте, өтініш берушінің тәжірибесін және (немесе) біліктілігін бағалауды немесе басқа өтініш берушілердің жағдайларымен салыстырғанда өтініш берушінің қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруының неғұрлым үздік жағдайын таңдауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда белгіленуі мүмкін.
9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс.
2. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде лицензиялау және рұқсат беру рәсімдері процесінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында, әдетте, «бір терезе» қағидатын қолдану көзделеді, бұл ретте мемлекеттік органдардан алынатын барлық қажетті келісулерді рұқсат беретін органдардың өздері алуға тиіс.
3. Жеке және заңды тұлғалардан осы Заңда көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын талап етуге ешкім де құқылы емес.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды
9-1-бап. Заңдылық
Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары рұқсат беру және хабарламаны қабылдау кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.
2-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
1-1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) лицензиарларды және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсатты беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау;
5) - 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, өткізілуі, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту жатады.
9) - 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) өзін-өзі реттеуді дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) даму процесін басқару, қолжетімділік құқықтарын белгілеу, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту;
5) - 11) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
12-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыретіне:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу әрі рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олардың нақты қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға арналған рұқсаттарды алу қажеттігі немесе алу қажеттігінің жоқтығы туралы қорытынды беру;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, лицензияларды алуға арналған өтініштердің нысандарын және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын, рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, екінші санаттағы рұқсаттарды алуға арналған өтініштердің нысандарын және екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын, хабарламалардың нысандарын және осы Заңда хабарлама жасау тәртібі енгізілген хабарламаларды қабылдау тәртібін рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді және бекітеді.
13-бап. Рұқсат беру органдарының құзыреті
Рұқсат беру органдарының құзыретіне:
1) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін белгілеу;
2) лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру;
3) рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, азаматтық және қызметтік қаруды және оған патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған рұқсаттарды, еңбекші көшіп қонушыларға арналған рұқсаттарды қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
5) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру;
6) мемлекеттік органдарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде рұқсат беруді келісу туралы сауал жіберу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
14-бап. Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті
Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретіне:
1) хабарламаларды қабылдау;
2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
3) хабарлама жасау тәртібін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асыру;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) өтініш берушінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
15-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттардың тізбесін бекіту туралы бірлескен бұйрықты рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірге әзірлеу және бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ (ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ) ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ
16-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі алда жүзеге асырылатын қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне қарай енгізіледі және мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) бірінші санаттағы рұқсаттар - жоғары деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар;
2) екінші санаттағы рұқсаттар - лицензиялар болып танылмайтын, орта деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;
3) хабарламалар төмен деңгейлі қауіптілікке байланысты, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі.
2. Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері реттеушілік әсерді талдау негізінде белгіленеді.
17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелер
1. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы немесе осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті.
2. Жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
Осы Заңда өздеріне қатысты рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғалар рұқсатты алуға және ол жарамды болуға тиіс, ал хабарламаны жеке немесе заңды тұлға жіберуге тиіс.
3. Осы Заңға сәйкес өздеріне қатысты рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі енгізілгенге дейін қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсатсыз немесе хабарламасыз жүзеге асырып келген жеке және заңды тұлғалар осы Заңда өздеріне қатысты рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі енгізілетін қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды жалғастыру үшін тиісті рұқсатты алуға немесе тиісті хабарлама жіберуге міндетті.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтары осы Заңның 18-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде және 28-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
5. Осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай жүргізіледі.
6. Осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда рұқсаттардың және хабарламалардың толық тізбесі көзделеді.
7. Рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, қайта бастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады және осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі, осы Заңның 37-бабына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына рұқсат беру тәртібін енгізуді қоспағанда, тиісті рұқсатты немесе хабарламаны осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбелеріне енгізу арқылы ғана енгізіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
3. Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекетке (операцияға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген кезде рұқсат алу міндеті қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғада рұқсат алу тәртібін регламенттейтін және (немесе) рұқсат алу үшін міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен бастап туындайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы баптың 4-1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сай екендігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.
Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген жағдайда, өтініш берушілер рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін, бірақ көрсетілген актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсат алуға өтініш беруге құқылы.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша рұқсаттар беруді немесе оларды беруден уәжді бас тартуды рұқсат беру органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін, оларды беру үшін белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға тиіс.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Ішкі нарықтағы аса жетіспеушілікті болғызбау не азайту, елдің қорғанысы мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіп сіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарларды, өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды сақтау, қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты мен импортына рұқсат беру құжаттарын алу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алуға өтініш берген өтініш берушілер рұқсат берілгенге дейін немесе оны беруден уәжді түрде бас тартылғанға дейін рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың күші қаржы саласындағы қызметке және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күші жойылуға жатады.
Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына алып келеді.
19-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-бап. Өтініш берушілердің құқықтары
1. Өтініш берушілердің:
1) рұқсаттар мен хабарламалар туралы толық және анық ақпарат алуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) рұқсаттарды конкурс арқылы беруді қоспағанда, осы Заңның 48-бабының ережелерiн ескере отырып, рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу үшiн немесе хабарлама жiберу үшiн өтiнiштiң электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы Заңның 48-бабының ережелерін ескере отырып, берілетін рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы бар.
2. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде рұқсаттар алады және хабарламалар жібереді.
21-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері