Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
1991 ж. 20 желтоқсандағы № 1017-XII Қазақстан Республикасының Заңы
(2018.16.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Азамат және мемлекет
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу
4-бап. Азаматтық туралы құжат
5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы
6-бап. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы
9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау
2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу
10-бап. Азаматтық алу негіздері
11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
11-1-бап. Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы
13-бап. Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы
14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау
16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
16-1-бап. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негiздерi
18-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру
18-1-бап. Алып тасталды
3-тарау. Азаматтықты тоқтату
19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері
20-бап. Азаматтықтан шығу
20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
21-бап. Азаматтықты жоғалту
4-тарау. Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы
22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі
23-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
24-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
25-бап. Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
26-бап. Қорғаншылық белгіленген баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы
27-бап. Асырап алынған жағдайда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы
28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде оның келісуінің қажеттілігі
5-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi
29-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі
30-бап. Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi
31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі
6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу
32-бап. Азаматтық мәселелер жөнінде арыз беру тәртібі
33-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі
34-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар бойынша қорытындылар
35-бап. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия
36-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі актілер
37-бап. Азаматтық алу және одан айырылу мерзімінің есептелуі
38-бап. Республика территориясында тұру мерзімінің есептелуі
7-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы
39-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі шешімдерді орындайтын органдар
40-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуын бақылау
8-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
41-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру
9-тарау. Халықаралық шарттар
42-бап. Халықаралық шарттардың қолданылуы
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 жарлығына сәйкес кіріспе өзгертілді; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Азамат және мемлекет
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтарының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 3-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 . № 322 Заңына сәйкес 3-бап өзгертілді
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу
Мына адамдар:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 4-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 4-бап өзгертілді
4-бап. Азаматтық туралы құжат
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 5-бап жаңа редакцияда
5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, білімiне, тіліне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 6-бап жаңа редакцияда
6-бап. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді мойнына алады.
7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 8-бап жаңа редакцияда
8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы
Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау
Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 10-бап өзгертілді
10-бап. Азаматтық алу негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 11-бап өзгертілді
11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды.
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тәртібімен айқындалады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 13-бап өзгертілді
13-бап. Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы
Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 14-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 15-бап өзгертілді
15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; ҚР 17.05.02 ж. № 322; 04.10.04 ж. № 600-II; 2007.22.05. № 255-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.
Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар;
2) тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.
Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 17-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 17-бап толықтырылды; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негiздерi
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтiнiш білдірген адам:
1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
3) ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
5) террористік және экстремистік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті үшін сотталған болса;
6) халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса;
7) басқа мемлекеттiң азаматы болса;
8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаса;
9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңмасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса;
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21-бабының 1), 2) және 5) тармақшалары негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12) осы Заңның 21-бабының бірінші бөлігі 8) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) осы Заңның 20-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.
Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігі мен 16-1-бабында аталған және ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдірген адамдарға қолданылмайды.
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 18-бап толықтырылды; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда; 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
18-1-бап. 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Азаматтықты тоқтату
19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Азаматтықтан шығу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Террористік қылмыстарды, сондай-ақ салдарынан Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 21-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. № 322-II; 04.10.04 ж. № 600-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді; 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Азаматтықты жоғалту
Қазақстан Республикасының азаматтығын:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан жоғалтады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.