Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы
(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 41-VI Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және олардың мақсаты
2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі
3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары
2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері
5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері
3-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
7-бап. Ішкі істер органдары жүйесі
8-бап. Ішкі істер министрлігі
9-бап. Ішкі істер министрі
9-1-бап. Жергілікті полиция қызметі
4-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
11-бап. Ішкі істер министрлігінің құзыреті
12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
13-бап. Өзара іс-қимыл, ынтымақтастық және қоғамдық бақылау
5-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
14-бап. Ішкі істер органдарының кадр құрамы
15-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау
16-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу
17-бап. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру
18-бап. Ішкі істер органдарындағы қызметке байланысты шектеулер
19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері
20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімі
6-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ
21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
22-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-бап. Ішкі істер органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
24-бап. Әскери-тергеу органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және олардың мақсаты
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.
2. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.
2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі
1. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылатын қағидалардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері
1. Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;
2) қоғамдық тәртіпті сақтау;
3) қылмыстылықпен күрес;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.
2. Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен ішкі істер органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.
5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде:
1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) жол жүрісіне және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;
8) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылды
8-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
8-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
8-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
9) жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
10) лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асырады;
11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тексеруді жүзеге асырады;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;
14) зерттеулерді жүзеге асырады;
15) іздестіруді жүзеге асырады;
16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;
17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады;
19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері
1. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде:
1) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға;
2) оқиға туралы, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабар беруге;
3) құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өздерінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дәрменсiз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге;
4) құқық бұзушылық профилактикасының жалпы, арнаулы және жеке шараларын жүзеге асыруға;
5) патрульдеуді жүзеге асыруға;
6) жол жүрісі қағидаларының және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, жол жүрісін реттеуге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жүргізуші куәліктерін беруді, көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды жүзеге асыруға;
8) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға;
9) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген адамдарды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткiзуге;
10) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асыруға, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізуге;
11) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған қадағалаусыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;
12) көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге;
13) жаппай тәртіпсіздіктің, топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
15) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерге және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
16) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асыруға;
17) мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүргізуге;
18) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және паспортын, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруге, жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруға және Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге;
19) азаматтық материалдарын ресімдеуді қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының азаматтығы болуын (болмауын) айқындауға;
20) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды, оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеуді жүзеге асыруға;
21) заңсыз көшіп келудің жолын кесу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және оларды тіркеу бойынша шаралар қолдануға, олардың Қазақстан Республикасына келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүру қағидаларын сақтауын бақылауға;
22) еңбекші көшіп келушілерді дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүзеге асыруға және оларды есепке алуды қалыптастыруға;
23) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кетуге визалар, Қазақстан Республикасында уақытша болуға және тұрақты тұруға рұқсаттар беруге;
24) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ресімдерін, босқын куәлігін, жол жүру құжатын, пана іздеген адамның куәлігін беруді жүзеге асыруға;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылауды тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыруға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26) тармақша өзгертілді
26) мыналарды:
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкес келуіне;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын иемденуге, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне;
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруге;
27) табылған жарылғыш материалдарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш құрылғыларды зарарсыздандыру және жою жөнінде шаралар қолдануға;
28) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін және олардың басшыларының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауын бақылауға;
29) терроризмге қарсы операциялар мен күзет іс-шараларын жүргізуге қатысуға;
30) қылмыстық құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу арқылы анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға;
31) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын адамдарды ұстауға;
32) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, оларды жоюға бағытталған шаралар қолдануға;
33) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден, сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүргізуге;
35) сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, нұсқамаларын және талаптарын, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеушiнiң, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауға;
36) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуда сот орындаушыларына көмек көрсетуге;
37) мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың өмірі мен денсаулығын және олардың мүлкін қорғау мақсатында қауіпсіздік шараларын қолдануға;
38) адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға, оларды күзету мен айдауылдауды қамтамасыз етуге;
39) сотталғандарға қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындауға, жазаларды өтеу тәртібі мен шарттарының сақталуын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды
39-1) Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі мемлекеттік психиатриялық мекемені күзетуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіпке сәйкес қамтамасыз етуге;
40) ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде және арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардан өздеріне заңмен және сотпен жүктелген міндеттерді орындауды талап етуге;
42) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге;
43) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
44) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етуге;
45) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
46) дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етуге;
47) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және ішкі істер органдарының қызметі туралы өзге де деректі материалдардың жинақталуын, сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғаларға мұрағаттық анықтамалар беруге;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуға;
49) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның сұрау салулары бойынша заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қозғалған, іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер жөніндегі мәліметтерді ұсынуға;
50) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
51) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде:
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан аймақта тергеу іс-шараларын жүргізу уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде жеке тұлғалардың фотосуретке және бейнежазбаға түсіруіне тыйым салуға, бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
2) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген, белгiленген қағидалардың сақталуын тексеруге қажеттi басқа да құжаттарды тексеруге;
3) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін iс жүргізуде жатқан материалдар мен iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсінік және айғақтар, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, ал, келмеген кезде белгіленген тәртіппен күштеп келтіруге;
4) меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларынан немесе өзге де лауазымды адамдарынан олардың «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мәліметтер сұратуға;
5) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мәліметтер сұратуға;
6) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар, ұсынымдар енгізуге;
7) ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
8) қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеуге;
9) қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен наразылық танытудың заңсыз нысандарының жолын кесуге;
10) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактiсiн және масаң күйде болғанын анықтау үшін адамдарға куәландыру жүргiзуге, ал, мүмкін болмаған жағдайда - куәландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізуге;
11) көлік құралдарын тоқтатуға және тексеріп қарауға, адамдарды көлік құралдарын басқарудан шеттетуге, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға;
12) төтенше жағдайлардың салдарын жою, терроризмге қарсы операцияны, күзету, көпшілік, карантиндік іс-шараларын өткізу, іздеу салуда жүрген адамдарды ұстау, кепілге алынғандарды босату, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер және жарғыш құрылғылар, улы және радиоактивті заттар табылғандығы туралы мәліметтерді тексеру, жаппай тәртіпсіздіктің және жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне, инфрақұрылым объектілерінің тыныс-тiршiлiгіне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де топтасқан әрекеттердің жолын кесу кезінде жергілікті жер учаскелерін қоршауға алуды жүргізуге;
13) күзетілетін, көпшілік іс-шаралар өткізілетін орындарға кіру (келу) кезінде жеке тұлғаларды, олардың заттарын, көлік құралдарын және өткізілетін жүктерді тексеріп қарауды, оның ішінде техникалық құралдарды пайдаланып тексеріп қарауды жүргізуге, олар өткізілетін орындарға тыйым салынған нәрселер мен заттары бар адамдар мен көлік құралдарын кіргізбеуге;
14) жедел-профилактикалық, іздестіру және өзге де арнаулы іс-шараларды өткізу кезінде бақылау-өткізу пункттерін орнатуға;
15) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуға;
16) төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды, ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм беруге, төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға;
17) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалануға;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, олардың негізгі құраушы бөліктерін, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлейтін, өндіретін, жөндейтін, сақтайтын, пайдаланатын, жоятын, сататын, коллекциялайтын және экспонаттайтын орындарға тексерулер жүргізуге;