2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері
1. Мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлік болып бөлінеді.
2. Республикалық мүліктің құрамына:
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:
республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік;
2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
3. Коммуналдық мүліктің құрамына:
1) жергілікті қазынаның мүлкі:
жергілікті бюджеттің қаражаты;
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
2. Республикалық мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, ал коммуналдық мүлік - осы әкімшілік-аумақтық бөліністен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік мүлкінің құқықтық режимі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мүлік орналасқан шет мемлекеттің заңнамасында айқындалады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
1. Осы Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін айқындайды, мемлекеттің меншік құқығында мемлекетке тиесілі мүлікті иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді қоса алғанда, мүліктік құқықты жүзеге асыру тәртібін, мемлекеттік мүлікке, оның ішінде мүлікті мемлекет меншігіне алу және жекешелендіру кезінде құқықтарға ие болу және тоқтату, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін және өзге де мемлекеттік мүлікті басқару тәртібін белгілейді.
3. Стратегиялық объектілердің құқықтық режимінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Мемлекеттің пайдаланылмайтын мүлікке билік ету жөніндегі құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңда белгіленген өзге де құқықтарды қоспағанда, «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
4. Бюджет қаражатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатына мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен реттеледі. Осы Заңда көзделген мемлекеттік мүлік ұғымы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына қолданылады.
Мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған өзге де мүлікке мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
6. Зияткерлік меншік объектілеріне мемлекеттің ерекше құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
7. Осы Заңның ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер бақылайтын өзге де заңды тұлғалар туралы ережелері, егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және оның бақылауындағы өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған заңды тұлғалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ олардың қызметін реттеуді Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда - жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың мемлекеттік мүлкін, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі қатынастарға қолданылады.
6-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері
Мемлекеттік мүлікті басқару:
1) заңдылық;
2) есеп берушілік және бақылауда болу;
3) жариялылық; заңдылық;
4) мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану; есептілік және бақылауда болу;
5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. жариялылық;
7-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері
1. Мемлекеттік мүліктің түріне қарай мемлекеттік мүлікті басқаруды Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісі жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлікті басқарады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан коммуналдық мүлікті басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің атынан жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқаруды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты осы Заңның 18-1-бабында белгіленген құзыретке сәйкес жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару
1. Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде республикалық мүлікке Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын осы Заңның 2-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде белгіленген өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының коммуналдық мүлікке өздерінің құқықтарын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты құзыреті осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуын тексеруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мүлік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілуі мүмкін.
5. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) болуы мүмкін.
Мемлекеттің өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, мүшесі) болуына жол берілмейді.
6. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс) коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік қордың құрылтайшысы болуы мүмкін. Мемлекеттік қорды, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы басқа да коммерциялық емес ұйымдарды құру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру
1. Мүлікті республикалық мүлік құрамынан коммуналдық мүлік құрамына немесе керісінше беру мүлікке мемлекеттің құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды, бірақ Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқығын тоқтатуға және әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқыққа ие болуына немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқығын тоқтатуға және Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқыққа ие болуына негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру
1. Коммуналдық мүлік жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейі бойынша облыстық коммуналдық мүлік, аудандық коммуналдық мүлік және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі болып бөлінеді.
Аудандық коммуналдық мүліктің құрамына, атап айтқанда, осы Заңның 23, 24, 26, 30, 31 және 32-баптарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлік кіреді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі. Республикалық маңызы бар қалада және астанада коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқару аудандық деңгейге бөлінбейді және құрылмайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі ауданның жергілікті атқарушы органының осы Заңда көзделген құзыретін республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі ауданның коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі.
1-1. Аудандық коммуналдық мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына немесе керісінше беру мемлекеттің мүлікке құқықтарын тоқтатуға алып келмейді, бірақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын тоқтату және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарды иелену немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық бірлігінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне құқықтарын тоқтату және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік-аумақтық бірлігінің аудандық коммуналдық мүлікке құқықтарын иелену үшін негіз болып табылады.
2. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен жүзеге асырылады.
3. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мемлекеттік мүліктің берілуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
3) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
4) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдерінің негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
5) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
6) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
8) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.
4. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қоятын және облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының басшылары бекітетін беру актісі отыз күн мерзімде ресімделеді.
Беру актісі оны ресімдеуге қатысатын әрбір тарап үшін екі данадан, қазақ және орыс тілдерінде төрт данада жасалады.
5. Осы бапта белгіленген тәртіп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілмеген коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беруге қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік мүлікті тиімді басқару саясатын жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады;
3) мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын республикалық заңды тұлғаларды, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
5) стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту не оларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11) нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
12-1) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын құру туралы, мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды оны кері сатып алу міндеттемесімен жүзеге асыруға негіз болған мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті ауыстыру, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын иелену және (немесе) өтеу туралы шешім қабылдайды;
13) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық мүліктің құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
14) мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, мемлекет қатысатын өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда
15) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін бекітеді;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды
15-2) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындайды.