Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым шарттарының (бұдан әрі - Шарттар) жобасы мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 2009.08.10. № 1551 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Шарттардың ережелерінен туындайтын шарттарды жасасуы үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру және қайта бөлу лимиттері бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2009.14.04. № 516 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Талаптарды іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы
№ 179 қаулысымен
мақұлданған
Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен
қайта қаржыландыруы үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым
талаптары
Астана қаласы | 2009 жылғы «__»__________ |
ҚР Үкіметінің 2009.14.04. № 516 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.08.10. № 1551 Қаулысымен (2009 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлім өзгертілді
1. Пайдаланылатын анықтамалар
Осы Талаптарда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Салым | Шарттарға сәйкес Клиенттен Банкке сақтауға түскен ақша. Талаптардың шеңберінде және оған сәйкес бірнеше Салым орналастыруы мүмкін. Әрбір Салымның сомасы мен мерзімі Банк пен Клиент арасында жасалған Шарттарда белгіленеді; |
Клиент | «Самұрық-Қазына» АҚ - Талаптарға және Шартқа сәйкес Жинақ шоттың иесі; |
Еншілес және Тәуелді ұйымдар | дауыс беруші акцияларының елу пайыздан астамы меншік немесе сенімді басқару құқығында Клиентке тиесілі заңды тұлғалар (ұлттық даму институттарын, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғаларды қоса алғанда)(Еншілес ұйымдар), дауыс беруші акцияларының елу пайыздан астамы активтерінің мөлшері (атап айтқанда, Еншілес ұйымдардың немесе Тәуелді ұйымдардың әрқайсысының) кемінде 50(елу) миллиард теңгені құрайтын кез келген осындай Еншілес ұйымдарға тиесілі олардың еншілес ұйымдары (Тәуелді ұйымдар); |
Шарт | Банк Клиенттен ол бойынша Салым қабылдайтын, ол бойынша белгіленген мөлшерде сыйақы төлейтін әрі Заңнамада және осы Талаптардың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген Шартта көзделген талаптарда және тәртіппен Салым қайтаратын банктік салым шарттарының әрқайсысы және кез келгені. «Шарт» терминін контекст бойынша көпше түрде пайдалану қажет болған жағдайда «Шарттар» термині пайдаланылады; |
Жылдық тиімді сыйақы ставкасы | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 215 қаулысымен бекітілген Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу ережесіне сәйкес есептелетін қызметтер бойынша дұрыс, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасы; |
Жинақ шот | Салымды есепке алу және оны Банк жүйелері мен есептілігінде көрсету мақсатында Шарттың негізінде ашылған Клиенттің Банктегі теңгемен ашқан банктік шоты; |
Уәкілетті тұлға | Заңнамаға сәйкес өкілеттіліктер берілген және Талаптарда және/немесе Шартта көзделгендей Клиенттің, Банктің немесе үшінші тұлғалардың атынан түсетін тұлға; |
Үзінді көшірме | Клиенттің Жинақ шотының белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі жай-күйі туралы құжат (қағаз жеткізгіште немесе электронды нысанда); |
Қолтаңба мен мөртабан үлгілері бар карточка | Клиенттің уәкілетті өкілдері туралы олардың қолтаңбалары мен мөртабандарының үлгілері бар деректерді қамтитын құжат,ол осы Талаптарда көрсетілген немесе Заңнамада көзделген жағдайларда нотариалды куәландырылуға тиіс; |
Талаптар | осы Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптары; |
Заңнама | белгіленген тәртіппен қабылданған және күшіне енген нормативтік құқықтық актілерден тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасы; |
Ақша | ұлттық валютадағы төлем құралы; |
Тарап/Тараптар | Шарт жасасқан Банк пен Клиент; |
Тарифтер | Банктің комиссиялық сыйақысының қолданыстағы Тарифтері; |
Жұмыс күндері | Қазақстан Республикасында банктер мәмілелер жасау үшін ашық болатын күндер; |
Ұлттық Банк | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк; |
Ипотекалық қарыз | Қазақстан Республикасының кез келген екінші деңгейдегі банктерінен және ипотекалық ұйымдарынан бұрын Қарыз алушы Тұрғын жай сатып алу үшін және салуға алған қарыз; |
Бөлшек кредиттер | Әлеуметтік кредиттер және Қатардағы кредиттер; |
Әлеуметтік кредиттер | Банк Талаптарға сәйкес Қайта қаржыландыру мақсаттарына Салым қаражаты есебінен Қарыз алушылардың мынадай санаттарына теңгемен беретін кредиттер: мемлекеттік қызметшілер; мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлері; мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар; зейнеткерлер; мүгедектер. |
Қатардағы кредиттер | Банк Әлеуметтік кредиттер алуға құқығы бар Қарыз алушылардың санатына кірмейтін Қарыз алушыларға Талаптарға сәйкес Қайта қаржыландыру мақсаттарына Салымның қаражаты есебінен теңгемен беретін кредиттер; |
Игерілмеген Салым сомасы | Игеру кезеңінде Қайта қаржыландыру үшін Банк пайдаланбаған Салым бөлігінің сомасы; |
Игерілген Салым сомасы | Игеру кезеңінде Қайта қаржыландыру үшін Банк пайдаланған Салым бөлігінің сомасы; |
Әлеуметтік кредиттер бойынша игерілген сома | Игеру кезеңінде Әлеуметтік кредиттер түрінде Қайта қаржыландыру жолымен Банк игерген Салым бөлігінің сомасы; |
Қатардағы кредиттер бойынша игерілген сома | Игеру кезеңінде Қатардағы кредиттер түрінде Қайта қаржыландыру жолымен Банк игерген Салым бөлігінің сомасы; |
Орташа өлшемді мыналар: сыйақы ставкасы | - Әлеуметтік кредиттер бойынша Игерілген Соманың жылдық 5,5 %-ға (бес бүтін оннан бес пайыз) көбейтілген Игерілген Салым сомасына қатынасы; қосу - Қатардағы кредиттер бойынша Игерілген Соманың жылдық 7,5%-ға (жеті бүтін оннан бес пайыз) кебейтілген Игерілген Салым сомасына қатынасы ретінде айқындалатын жылдық пайызбен сыйақы ставкасы. Әлеуметтік кредиттер бойынша Игерілген Сома мен Қатардағы кредиттер бойынша Игерілген Сома Игеру нәтижелері бойынша есептің деректері негізге алына отырып айқындалады. Банк Игеру нәтижелері бойынша есеппен бірге Орташа өлшемді сыйақы ставкасының есептемесін (бұдан әрі - Есептеме) береді. Есептеме уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен және Банктің мөрімен бекітіледі, сондай-ақ уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен және Клиенттің мөрімен бекітілуге тиіс және Шарт пен Талаптардың ажырамас бөлігі болып табылады. Осымен Тараптар Есептеме Орташа өлшемді сыйақы ставкасын белгілеу үшін жеткілікті негіздеме, ал кейіннен оның мөлшерін тиісті растау болып табылатындығын және сыйақы ставкасын айқындау үшін Тараптардың Талаптарға және Шарттарға қосымша келісімдер ресімдеуді талап етпейтінін белгіледі. Есептемені Талаптарға сәйкес Клиенттің қолтаңбасымен және мөрімен бекіту оны Клиент алған күннен бастап 5 (бес) Жұмыс күні ішінде орындалады; |
Игеру нәтижелері бойынша есеп | Игеру кезеңінің аяқталу нәтижелері бойынша Талаптардың 7-бөлімінің 10-тармағына сәйкес Банк Клиентке беретін Салымды пайдалану туралы есеп; |
Салымдардың жалпы сомасы | Шарттарға және Талаптарға сәйкес Клиенттің Банкке орналастыратын барлық Салымдарының жалпы сомасы; |
Игеру кезеңі | Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 2009 жылғы 15 қазанды қоса алғанға дейінгі кезеңді білдіреді; |
Тұрғын жай | Осы Талаптардың мақсаты үшін Тұрғын жай деп мыналар түсініледі: - тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын жай бірлігі (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме); - құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша Қарыз алушы сатып алған құрылыс аяқталмаған тұрғын үй ғимаратының үлесі (пәтер). Бұл ретте Тұрғын жай мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс». - жылжымайтын мүлік объектісіне арналған техникалық паспортқа немесе құрылысқа үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес тұрғын алаңы 120 (бір жүз жиырма) шаршы метрден аспайды; - Тұрғын жай Қарыз алушы, оның жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары үшін Тұрғын жайдың орналасқан жері бойынша жалғыз болып табылады. қарыз алушыға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) және кәмелеттік жасқа толмаған балаларына сыйға беру шарттары бойынша және мұрагерлік тәртібімен жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік құқығында тиесілі жеке тұрғын үй бірлігінде қарыз алушы үлесінің болуы Қарыз алушыны қайта қаржыландырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды, бұл ретте қарыз алушыға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) және (немесе) кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тиесілі көрсетілген үлестер жиынтығында осындай тұрғын үй бірлігіне меншік құқығының 100 % үлесін құрамауға тиіс. |
Қарыз алушы | Ипотекалық қарыз алған (Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз алған азаматтарды қоспағанда) және Қайта қаржыландыру туралы өтінішпен Банкке жүгінген күнгі жағдай бойынша ол бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жеке тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті. Күмән тудырмас үшін Қарыз алушы деп бірлесіп қарыз алушы және/немесе кепілдік беруші түсінілмейді. |
Қайта қаржыландыру | Осы Талаптардың мақсаттары үшін Қайта қаржыландыру деп Ипотекалық қарызды өтеу үшін Банктің Бөлшек кредиттерді беруі немесе олардың Бөлшек кредиттерге сәйкес келтіру мақсатында Ипотекалық қарыздар шарттарын өзгерту түсініледі, одан кейін мұндай Ипотекалық қарыздар Бөлшек кредиттер болып саналады; |
Қолжетімділік кезеңі | Талаптарға қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі. |
2. Салымның негізгі талаптары
1. Салымды ашу және оның әрекеті. Салым Шарттың 1-бөлімінде белгіленген бүкіл соманы бір жолғы енгізу жолымен ашылады. Қосымша жарналар енгізу көзделмеген. Салымды автоматты түрде ұзарту көзделмеген. Салымдар Қолжетімділік кезеңі ішінде енгізілуі мүмкін.
2. Салымды сақтау мерзімі. Шарттың 2-бөліміне сәйкес. Бұл ретте Салым Клиентке Салым Жинақ шотқа орналастырылған күннен бастап 20 (жиырма) жылдан кешіктірмей Клиентке қайтарылуға тиіс.
3. Салымдардың жалпы сомасы___________
4. Салымның валютасы: теңге.
5. Салым бойынша сыйақы ставкасы.
1) Игерілген Салым сомасына Игерілген Салым сомасының іс жүзінде сақталған кезеңі үшін Орташа өлшемді сыйақы ставкасы есептеледі. Есептелген сыйақы Талаптарға сәйкес төленеді. Игерілген Салым бөлігіне жылдық тиімді сыйақы ставкасы Заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалады;
ҚР Үкіметінің 2009.14.04. № 516 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Игерілмеген Салым сомасына Жинақ шотта Игерілмеген Салым сомасын іс жүзінде сақтау кезеңі ішінде жылдық 10 % (он пайыз) ставканы негізге ала отырып, Игерілмеген Салым сомасына сыйақы есептеледі, ол Игерілмеген Салым сомасын қайтарумен бірге төленеді. Игерілмеген Салым бөлігіне жылдық тиімді сыйақы ставкасы Заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалады.
6. Клиент Салымды мерзімінен бұрын талап еткен кезде сыйақы есептеу тәртібі:
1) Егер Заңнамаға сәйкес Салымды талап ету сәтінде Банктің Бөлшек кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қайта қарау (ұлғайту) құқығы болған жағдайда Салымды мерзімінен бұрын талап ету күнінің алдындағы соңғы 90 (тоқсан) күн ішіндегі сыйақыны алып тастай отырып, Салымды іс жүзінде сақтау мерзімі үшін Орташа өлшемді сыйақы ставкасы есептеледі;
2) егер Заңнамаға сәйкес Салымды талап ету сәтінде Банктің Бөлшек кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қайта қарау (ұлғайту) құқығы болмаған:
- және Салымды талап ету Салымды Жинақ шотына орналастырған
күннен бастап 3 (үш) жыл бұрын орындалған жағдайда, Салымды іс жүзінде сақтау мерзімі үшін Орташа өлшемді сыйақы ставкасы есептеледі, бірақ бұл ретте Клиент Банкке Салым сомасының 9,5 %-ы (тоғыз бүтін оннан бес пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді;
- және Салымды талап ету Салымды Жинақ шотқа орналастырған күннен бастап 3 (үш) жылдан кейін орындалған жағдайда, Салымды іс жүзінде сақтау мерзімі үшін Орташа өлшемді сыйақы ставкасы есептеледі, бірақ бұл ретте Клиент Банкке Салым сомасының 5 %-ы (бес пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Банк Тұрақсыздық айыбы сомасын Банктің Клиентке қайтаратын Салымының сомасынан немесе оның бір бөлігінен ұстауға тиіс.
3. Жинақ шот ашу үшін қажетті құжаттар
1. Жинақ шот ашу үшін Клиент мынадай құжаттарды беруге міндетті:
1) тиісті түрде толтырылған және қол қойылған 2 (екі) данадағы Шарт;
2) қолтаңбаларының және мөртабандарының үлгілері бар тиісті түрде толтырылған және нотариалды куәландырылған үш Карточка;
3) салық салу есебіне қою және СТН беру фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
4) ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) ету фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгілеген нысандағы құжаттың көшірмесі;
6) заңды тұлға жарғысының не үлгі жарғы негізінде заңды тұлға қызметінің фактісін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) қолтаңбаларының және мөртабандарының үлгілері бар Карточкаға сәйкес Клиенттің Жинақ шотының жүргізілуіне байланысты операцияларды жасаған кезде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті Клиент тұлғасының (тұлғаларының) жеке басын куәландыратын құжаттың (-тардың) көшірмесі.
2. Клиенттің Банкте басқа шоттары бар болған жағдайда, Банк Клиенттен Заңнамада белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы тарауда көрсетілген құжаттарды сұрамауға құқылы.
3. Банк, егер осы Заңнамада тікелей көзделмесе, қосымша құжаттарды беруді талап етуге құқылы.
4. Клиент Банкте бірнеше шоттарды ашқан жағдайда құжаттарды ұсыну тәртібі мен талаптары Заңнамаға сәйкес айқындалады.
5. Қолтаңбаның не мөртабанның бір үлгісінің өзін алмастырған кезде Банкке қолтаңбалардың және мөртабанының үлгілері бар жаңа Карточка ұсынылады.
4. Жинақ шот ашу және жүргізу тәртібі
1. Банк жасасқан Шарт негізінде және Талаптардың 3-бөлімінде көрсетілген құжаттардың бүкіл пакетін алғаннан кейін Жинақ шот ашады.
2. Шартқа қолтаңбалар үлгілері және мөртабандары бар Карточка деректеріне сәйкес Клиенттің уәкілетті тұлғалары қол қояды.
3. Банк Клиенттің Ақшасын есепке алу мақсатында Клиентке жеке сәйкестендіру кодын береді. Жеке сәйкестендіру кодын тағайындау, оның күшін жою, Банктің Клиент Салымының есебін жүргізу тәртібі Заңнамамен айқындалады.
4. Салымды қайтаруды және сыйақы төлеуді егер Заңнамада және Шартта өзгеше белгіленбесе, Банк Шарттың 2-тармағында көрсетілген Салым мерзімі аяқталған күні Шарттың 4-тармағында көрсетілген Клиенттің банктік шотына жүзеге асырады.
5. Егер Талаптардың 2-бөлімінде өзгеше белгіленбесе:
1) Клиент Талаптардың 10-бөлімі 1-тармағының 1) тармақшасында айтылған міндеттемелерді бұзған;
2) Заңнамада көзделген тәртіппен Жинақ шотта тұрған Ақшаға тыйым салынған, сондай-ақ Жинақ шот бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған жағдайда осындай шешімдер қолданылған бүкіл кезең ішінде Шарттың талабы сөзсіз бұзылған деп саналады, ал сыйақы жылдық 0 (нөл) % есебімен есептеледі; ал Салым бөлігіне тыйым салынған жағдайда, мұндай сыйақы ставкасы (жылдық 0 %) Салымның осы бөлігіне қатысты ғана қолданылады.
6. Жинақ шотқа салық берешегі бойынша салық органдарының және атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассалық өкімдерін шығарған жағдайда: Ақша жеткілікті болған кезде Банк Клиентке алдын ала хабарлап, инкассалық өкімді орындайды; Ақша жеткіліксіз болған кезде инкассалық өкім шығарылған күнге дейін Жинақ шотқа оны орналастырған күннен бастап Салымды сақтау кезеңі ішінде Талаптардың 2-бөлімінің 6-тармағына сәйкес Клиентке сыйақыны есептей және төлей отырып, Жинақ шотқа Ақшаның түсу шамасына қарай ішінара инкассалық өкімді орындайды.
7. Жинақ шотқа үшінші тұлғалар төлем құжаттарын (инкассалық өкімдер, төлем талаптары-тапсырмалары) Заңнамаға сәйкес (бұдан әрі - нұсқау), оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік
аударымдар бойынша салық органдарының инкассалық өкімдерін шығарған жағдайда:
- төлем құжатын қанағаттандыру үшін Жинақ шотта Ақшаның жеткілікті сомасы болған кезде Банк осы нұсқауды орындайды. Салымның алынған бөлігіне арналған сыйақы есептелінеді және Талаптардың 2-бөлімінің 6-тармағында белгіленген сыйақы ставкасы бойынша Салымды іс жүзінде сақтау мерзімі ішінде төленеді, ал Салымның қалдығына Талаптардың 2-бөлімінің 5-тармағында белгіленген сыйақы ставкасы бойынша Салымды іс жүзінде сақтау мерзімі ішінде есептелінеді және төленеді;
- Клиенттің Жинақ шотындағы Ақша жеткіліксіз болған кезде нұсқауды қанағаттандыру үшін соңғысы Клиентке хабарлай отырып, Заңнамада көзделген мерзім ішінде Банкте сақталады. Нұсқау сақталған кезеңде сыйақыны есептеу жалғасады, бірақ Ақша Клиенттің Жинақ шотында блокталады (Шарттың қолданылу мерзімі осы кезеңде біткеніне қарамастан). Банк өкімді орындамай қайтарған сәттен бастап (Жинақ шотта Ақша жеткіліксіз болған кезде Банкте нұсқауды белгілеген сақтау мерзімі аяқталғаннан не оны нұсқаудың бастамашысы кері қайтарып алғаннан кейін), егер Шарттың қолданылу мерзімі өтпесе, Банк сыйақыны есептеуді жалғастырады. Егер Шартты қолданылу мерзімі өтсе, Банк Салымды және Шарттың қолданылу мерзімі ішінде ғана есептелген сыйақыны қайтарады. Нұсқауды сақтау мерзімі ішінде Шартты қолдану мерзімі өткеннен кейін сыйақы есептелінбейді және Клиентке төленбейді.
8. Клиенттің Жинақ шотының болуына байланысты Банк үшін маңызы бар немесе болатын кез келген өзгерістер болған жағдайда (Клиенттің заңды мәртебесін, Клиенттің атынан қол қою құқығы бар тұлғалардың Т.А.Ә. және басқа ұқсас ақпаратты қоса алғанда, бірақ оның өзгеруін шектемей) Клиент мүмкіндігінше қысқа мерзімде Банкке осы туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Хабарлама Банк тиісті жазбаша хабарламаны және осы өзгерістерді растайтын құжаттарды алған сәттен бастап қана Банк қабылдаған деп саналатын болады.
9. Банк Клиентке растауға Үзінді көшірмеге және/немесе басқа ақпаратқа қатысты берген қателер табылған жағдайда, Банк/Клиент басқа Тарапқа осы туралы дереу хабарлауға міндетті. Барлық жіберілген қателерді Банк мүмкіндігінше қысқа мерзімде түзетеді.
10. Үзінді көшірмелерді Клиентке Ақшаны Жинақ шотқа есептегеннен кейін, сондай-ақ Ақшаны Жинақ шоттан есептеп шығарған кезде Банкке Клиенттің өкілі өтініш берген сәтте, оның Банктегі шоттарына қатысты Банктің Клиентке қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекетін жүзеге асыратын уәкілетті тұлғасы береді.
11. Клиент Банктен алынған барлық хат-хабарды (растау, Үзінді көшірмелер және/немесе кез келген өзге ақпарат) алғаннан кейін бірден тексеруі тиіс. Бұдан басқа, Клиент Жинақ шотқа қатысты оның нұсқаулықтарын Банктің орындауын дұрыс тексеруі тиіс. Егер Клиент қандайда бір дәлсіздік және/немесе толық орындамауды тапса, ол Банкке бұл туралы дереу хабарлауы тиіс.
12. Егер Клиент Банкке Банк жүргізген және хат-хабарда көрсетілген операциялармен және есептелермен келіспейтіні туралы жазбаша хабарламаны Клиент оларды алған күннен бастап 10 (он) Жұмыс күні ішінде жібермесе, Клиент, осылайша, «ұйғарым бойынша» жүргізілген операциялар мен есептемелердің дұрыстығын растайды, ал Банк осы ақпаратты одан әрі есептеме үшін пайдалануға құқылы.
13. Клиент Заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік, Заңнамада белгіленген валюталық бақылау агентінің функцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ Банктің құқық қорғау органдарын және Ұлттық Банкті Клиент жіберген Заңнаманы бұзушылықтар туралы хабарлауы бөлігінде Банктің міндеттері туралы өзінің хабардар етілгендігін растайды.
14. Шарт бойынша міндеттемелерді неғұрлым тиімді орындау мақсатында Тараптар тиісті келісімдер жасасуға құқылы, олар бойынша Банк Клиентке әр түрлі ақпарат жеткізгіштер мен бағдарламалық-техникалық қамтым ұсынады. Клиенттің осындай жеткізгіштерді және бағдарламалық-техникалық қамтымды пайдалану талаптары мен тәртібі көрсетілген келісімдермен анықталатын болады.
5. Салымды енгізу
1. Әрбір жаңа Салым Тараптар тиісті Шарт жасасқаннан кейін 5 (бес) Жұмыс күні ішінде орналастырылады.
2. Салым Заңнамада көзделген шектеулерді ескере отырып, қолма-қол ақшамен не банктік аударыммен енгізілуі мүмкін.
3. Ақша мерзімді Салымға Салымның толық сомасында бірдей енгізілуі мүмкін, Жинақ шотты толтыруға жол берілмейді.
4. Клиент Салымға егер басқа уағдаластық болмаса, Жинак шоттың түріне байланысты Банк қолданатын тапсырмаларды стандартты бланкілерінде Банкке берілуге тиіс және Талаптардың 3-бөлімі 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Клиент Банкке берген қолтаңбалар үлгілері мен мөртабандары бар Карточкада көрсетілген бірінші және екінші қол қою құқығына ие тұлғалар қол қоюға тиіс жазбаша тапсырмалар арқылы иелік етуі мүмкін.
5. Тараптар тиісті келісім жасаған жағдайда Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін электронды құжаттарды пайдалануға құқылы.
6. Тапсырмаларды берудің кез келген өзге тәсілдері Банк пен Клиент арасында жазбаша нысанда жеке келісілуі тиіс, осыдан соң бұл тапсырмаларды Банк орындауға қабылдайтын болады (олар Заңнамаға сәйкес келген жағдайда)
7. Банк анық емес тапсырмаларды, толтырылмаған, Клиент немесе өзге де Уәкілетті тұлғалар қол қоймаған немесе Заңнамада көзделген мәліметтерді талап етуді қамтымайтын тапсырмаларды; қарындашпен толтырылған тапсырмаларды; түзетулері бар тапсырмаларды және Заңнаманы бұзатын валюталық операцияларға қатысты тапсырмаларды қабылдамайды. Мұндай жағдайларда Банк осындай тапсырманы бас тарту себебін көрсетіп, орындамай қайтарады. Банк осындай тапсырманы орындамағандығына байланысты Клиентке келтірілген шығындар мен залалдар үшін Банк жауап бермейді.
6. Жинақ шотты дебеттеу және блоктау
1. Жинақ шотты дебеттеу Заңнамада, Талаптарда және/немесе Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиенттің иелік етуі бойынша және/немесе келісімімен ғана жүргізіледі. Осымен Клиент Банкке осы Талаптардың 8-бөлімінің 3-тармағы және 9-бөлімінің 7-тармағының орындалу мақсаттары үшін ғана Клиенттің банктік шоттарын акцептісіз дебеттеуге, сондай-ақ Заңнамада көзделген жағдайларда төлем құжаттары негізінде ақшаны акцептісіз алуға сөзсіз келісуді ұсынады.
2. Үшінші тұлғалардың талаптары орындауға қабылданады және Клиенттің қосымша келісімінсіз, бірақ Заңнамада көзделген жағдайларда Клиентке хабарлай отырып орындалады.
3. Жинақ шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды және ондағы ақшаны блоктауды Банк Заңнамада белгіленген жағдайларда Клиенттің келісімінсіз жүргізеді.
7. Салым бойынша сыйақы
1. Салым бойынша сыйақы мөлшерін Талаптар белгілейді.
2. Салым бойынша сыйақы егер Шартта өзгеше көзделмесе, жылына 360 күн негізінде және бір айдағы іс жүзіндегі күндер санын ескере отырып есептелінеді.
3. Сыйақыны есептеу жөніндегі мерзімді санау Клиенттің Жинақ шотына Салым түскен күннен басталады және Салымды сақтау мерзімі аяқталған күні аяқталады, бұл ретте Жинақ шотқа Ақшаның түскен күні және Салымды сақтауды аяқтау күні бір күн болып саналады.