Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 қазандағы № 1551 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 179 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ «орналастыру» деген сөзден кейін «және қайта бөлу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен мақұлданған Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптарында:
«Пайдаланылатын анықтамалар» деген 1-бөлімде:
«Игеру кезеңі» деген жолдағы «Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік айды білдіреді;» деген сөздер «Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 2009 жылғы 15 қазанды қоса алғанға дейінгі кезеңді білдіреді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қорытынды ережелер» деген 16-бөлімде:
«, мұндай өзгерістер Тараптар тиісті өзгерістер енгізу туралы келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шарттар жасасу үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 қазандағы
№ 1551 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы
№ 179 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
шарттар жасасуы үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі
және ақшалай қаражатты орналастыру және қайта бөлу лимиттері
Р/с № | Ұйымның атауы | Қаражатты бастапқы бөлу (млрд. теңге) | 2009 жылғы 1 шілдеден бастап салымның игерілмеген бөлігін қайтарып алу сомасы (млрд теңге) | Қаражатты жаңадан қайта бөлу (млрд. теңге) |
1. | «Қазкоммерцбанк» АҚ | 24 | | 24 |
2. | «БТА Банкі» АҚ | 40 | 3 | 37 |
3. | «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ | 24 | 3,5 | 20,5 |
4. | «Альянс Банк» АҚ | 14 | 3,1 | 10,9 |
5. | «Темірбанк» АҚ | 3 | | 6 |
6. | «ЦентрКредитБанк» АҚ | 3 | | 4,3 |
7. | «Kaspi Bank» АҚ | 3 | | 4 |
8. | «Еуразиялық Банк» АҚ | 3 | | 4 |
9. | «АТФ Банкі» АҚ | 3 | | 4,3 |
10. | «ЦеснаБанк» АҚ | 3 | | 4 |
11. | «Нұрбанк» АҚ | | | 1 |
| Жиыны | 120 | 9,6 | 120 |