1) мыналарды:
бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелеріндегі орталық депазитарийдің жеке шоттарындағы және клиринг (кепілдік немесе резервтік) қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздарға;
сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiсiмен жасалған репо операциялары бойынша нысанасы болып табылатын мүлiкке;
клиринг (кепілдік немесе резервтік) қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарына тыйым салуды қоспағанда, борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (оның iшiнде банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы мүлкін алып қою;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкiн алып қою;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;
4) борышкердiң оған меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi, оның iшiнде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгiлеген шекте пайдалануға нұсқау беру;
5) борышкер мүлкiне сүргi салу;
6) құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) басқа адамдардың борышкерге мүлiк, оның iшiнде ақша беруiне немесе оған қатысты өзге де іс-әрекеттерді орындауына тыйым салу.
3. Қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудiң бірнеше түрi қолданылуы мүмкiн.
4. Қамтамасыз етудiң бір түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзу тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша қарайды. Қамтамасыз етудiң бір түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi қарау бұрын белгiленген қамтамасыз ету шараларының қолданылуын тоқтата тұрмайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бұрын белгіленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Сот орындаушысы осы баптың 2-тармағының 1), 2-1) және 6) тармақшалары бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын сот санкциясымен қолданады.
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот орындаушысының Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұрылуы мүмкін.
Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтык іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастау мынадай:
1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;
2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;
3) атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан жағдайларда жүргізіледі.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Сот орындаушысының осы баптың 4-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастауы үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
173-бапқа сәйкес 34-бап осы Заңды қолданысқа енгізгеннен кейін үш жыл бойы алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарға ғана қолданылады
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
34-бап. Лицензияларды, рұқсаттарды және арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеулер
1. Борышкер:
1) жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
2) заңды тұлғадан бір мың екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы;
3) мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда -
сот орындаушысы осы Заңның 39-бабында көзделген орындау мерзімі өткеннен кейін, ал алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.
2. Сот орындаушысының осы бапқа сәйкес жіберілген ұсынысын қараудың нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымын борышкер мен барлық лицензиарлар және рұқсаттар беруге уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар орындауға міндетті.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Сот орындаушысы атқарушылық құжат талаптары орындалған немесе лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеудің күшін жоюға негіздер туындаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығарады. Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге, өндіріп алушыға және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға дереу жіберіледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Борышкердің өзінің мүліктік жағдайы туралы ақпарат беруі
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2. Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптардың негіздерін көрсетуге де міндетті.
3. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер ұсыну атқарушылык құжатты орындамау болып табылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелуі мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.
Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда,
Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
2. Көрсетілген мәліметтер:
1) борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;
2) атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;
3) көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.
2-БӨЛІМ. АТҚАРУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
6-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАСАУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
37-бап. Атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдау
1. Сот орындаушысы, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, өндіріп алушының арызы бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғайды.
2. Арызға өндіріп алушы не оның өкілі қол қояды. Өкіл оның өкілеттігін куәландыратын сенімхатты немесе өзге де құжатты арызға қоса береді. Арызда атқарушылық құжаттағы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкер үшін осы Заңда көзделген шектеулерді белгілеу туралы өтініш болуы мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Атқарушылық құжатты өзіне сот, басқа орган (лауазымды адам) жіберген жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.
Атқарушылық құжат өзіне осы Заңның 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жіберілген жағдайда жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өндіріп алушының өтінішінсіз қозғайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, оны борышкерге жібереді.
Бұл ретте, жеке сот орындаушысы өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Сот орындаушысы атқарушылык іс жүргізуді қозғаумен бір мезгілде осы Заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, ол анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.
5. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкердің өндіріп алушы алдындағы міндеттерін кез келген орындауы сот орындаушысын міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізілуге тиіс.
38-бап. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері, салдары және оның себептерін жою
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, егер:
1) атқарушылық құжат өндіріп алушының арызынсыз берілсе не атқарушылық іс жүргізу өндіріп алушының арызынсыз қозғалуға жататын жағдайларды қоспағанда, арызға өндіріп алушы немесе оның өкілі қол қоймаса;
2) атқарушылық құжат атқарушылық әрекеттердің жасалған жері бойынша берілмесе;
3) атқарушылық құжат орындауға ұсынылатын мерзім өтіп кетсе және сот оны қалпына келтірмесе;
4) құжат атқарушылық құжат болып табылмаса не атқарушылық құжатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмесе;
5) атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылған болса және атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған болса;
6) сот актісі, атқарушылық құжат болып табылатын немесе соның негізінде, дереу орындалуға жататын атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжатты беретін органның (лауазымды адамның) актісі заңды күшіне енбесе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) өндіріп алушы жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы енгізбеген болса;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) атқарушылык құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілмесе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабында көзделген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбаса, атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Жеке сот орындаушысы құжатты өндіріп алушыға қайтарады. Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мән-жайларды жою атқарушылық құжатты сот орындаушысына осы Заңда белгіленген тәртіппен қайта жіберуге (ұсынуға) кедергі келтірмейді.
Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген мән-жайларды жою үшін жеке сот орындаушысы өндіріп алушыға он күн мерзім белгілейді. Егер өндіріп алушы көрсетілген мерзімде ағымдағы шотқа қажетті соманы енгізбесе, онда атқарушылық құжат орындауға ұсынылмаған болып есептеледі және өндіріп алушыға қайтарылады.
4. Сот орындаушысына кемшіліктері жойылғаннан кейін немесе белгіленген мерзімінен кешірек келіп түскен атқарушылық құжаттың қайтадан келіп түскен күні оның берілген күні болып есептеледі.
5. Қайтару туралы қаулыда көрсетілген кемшiлiктері жойылмай келiп түскен атқарушылық құжат орындалуға жатпайды және ол жiберген органға немесе адамға қайтарылады.
39-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау мерзiмдерi
1. Мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
2. Құрылыстарды бұзумен, технологиялық операцияларды жүргiзумен байланысты атқарушылық құжаттар бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлiктi бағалауды, сараптама жүргiзудi, борышкердiң мүлкiн сатуды, iздестiрудi талап ететiн мүлiктiк өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындау төрт айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.
3. Осы Заңда көзделмеген өзге де мерзімдер өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында жазбаша нысанда көрсетілуі мүмкін.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла түрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, оның тәсілі мен тәртібін өзгерту, берілген сомаларды индекстеу
Атқарушылық іс-әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер не сот орындаушысы істі қараған сот алдына немесе орындалатын жердегі сот алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.
Орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені сот атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.
41-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру мiндетi
Атқарушылық іс жүргізу:
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, борышкер немесе өндіріп алушы қайтыс болған, борышкерді немесе өндіріп алушыны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздік (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;
3) өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) әкімшілік жаза қолданған органдардың (лауазымды адамдардың) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне сотқа шағым берілген;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған;
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-1-тармағына сәйкес жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған;
7) сотқа атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынатын мүлікті тізімдемеден шығару туралы (тыйым салудан босату) талап қойылған;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім қабылдаған;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;
10) сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) сот бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған;
11) 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған);