3. Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алу толық немесе iшiнара жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледi.
13-бап. Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру
1. Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
2. Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берiлген мерзiмін өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы
Мыналар:
1) атқарушылық іс жүргізудің тараптары (өндіріп алушы және борышкер);
2) атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сот орындаушысы;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сот приставы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.
15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары
1. Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады.
2. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады.
3. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады.
4. Атқарушылық iс жүргiзуге бірнеше өндiрiп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүргiзуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.
16-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мирасқорлық
1. Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыну сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.
2. Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.
18-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуы
1. Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Атқарушылық iс жүргiзуге жеке тұлғаның өзiнiң қатысуы оны өз өкiлi болуы құқығынан айырмайды. Егер атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезiнде өкiлі арқылы әрекет етуге құқылы емес.
2. Ұйымдардың атқарушылық iс жүргiзуге қатысуы олардың өздерiне заңдармен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және құрылтай құжаттарымен берiлген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн органдары не аталған органдардың өкілдерi арқылы жүзеге асырылады.
Ұйым атынан өкiлдiк ететiн адамдардың өздерінің лауазымдық жағдайлары мен өкiлеттiктерiн растайтын құжаттары болуға міндетті.
3. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенімхатпен куәландырылады.
19-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi
1. Атқарушылық іс жүргізудегі өкіл өкілдік берушінің атынан сенімхат бойынша берілген өкілеттіктері шегінде атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді жасайды.
2. Өкiлдiк берушiнің беретiн сенімхатында өкiлдiң мынадай iс-әрекеттер жасауға:
1) атқарушылық құжатты ұсынуға және керi қайтарып алуға;
2) өкiлеттiктерін басқа тұлғаға беруге (қайта сенім бiлдiруге);
3) сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға;
4) берілген мүлiктi (соның iшiнде ақшаны) алуға;
5) бітімгершілік келiсiм жасасуға өкiлеттiктерi арнайы ескертiлуге тиiс.
20-бап. Өкiл бола алмайтын тұлғалар
1. Он сегiз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта тұратын адамдар атқарушылық iс жүргiзуде өкiл бола алмайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өкілді органдардың депутаттары, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), олардың тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге қатысу жағдайларынан басқа, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Егер мүдделері өкілдік берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылса, ол адам өкіл бола алмайды.
Ескертпе. Ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аталар, әжелер, немерелер осы Заңда жақын туыстар деп танылады.
21-бап. Заңды өкiлдер
1. Атқарушылық iс жүргiзуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, өкiлеттiктерi тиісті құжаттармен расталатын заңды өкiлдерi қорғайды.
Заңды өкiлдер іс-әрекет жасау құқығына заңда көзделген шектеулерi бар өкiлдiк берушiге тиесiлi барлық іс-әрекеттердi өкiлдiк берушiлердің атынан жасайды.
2. Сот хабарсыз кеттi деп таныған адам қатысатын атқарушылық iс жүргiзуге оның өкiлi ретiнде, хабарсыз кеткеннiң мүлкi басқаруға берiлген, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өкiл ретiнде тағайындалған адамдар қатысады.
3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мирасқоры қатысуға тиісті атқарушылық іс жүргізу бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаған болса, мирасқордың өкілі ретінде өсиетті орындаушы немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушы қатысады.
4. Заңды өкiлдер атқарушылық iс жүргiзуге қатысуды өздерi өкiл ретiнде таңдап алған басқа адамға тапсыруы мүмкiн.
22-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге аудармашының қатысуы
1. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмесе, өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашы шақыра алады. Кәмелетке толған, әрекетке қабiлеттi, iске мүдделi емес, атқарушылық әрекеттерді жүргiзу үшiн білуі қажеттi тiлді меңгерген кез келген тұлға аудармашы бола алады.
2. Аудармашының өз еңбегi үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
3. Көрінеу дұрыс аударма жасамаған жағдайда аудармашы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, бұл туралы оған сот орындаушысы ескертеді.
23-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге куәгерлердің қатысуы
1. Атқарушылық әрекеттер кемiнде екi куәгердің қатысуымен жасалуы мүмкiн.
2. Мынадай жағдайларда:
1) өндiрiп алушының немесе борышкердiң талабы бойынша;
2) үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешiмдердi, борышкердiң мүлкiн пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және беруге, оның тұрғын үйiн, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргiзуге байланысты әрекеттердi орындау кезiнде куәгерлердің қатысуы мiндеттi.
Өзге жағдайларда куәгерлер сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкiн.
3. Кәмелетке толған, іс-әрекетке қабiлеттi, атқарушылық әрекеттердiң нәтижесiне мүдделi емес кез келген азаматтар куәгерлер ретiнде шақырылуы мүмкiн.
4. Куәгерлер қатысатын атқарушылық әрекеттер басталар алдында сот орындаушысы куәгердің атқарушылық әрекеттерге қатысу тәртібін түсiндiредi.
5. Куәгер өзiнiң қандай атқарушылық әрекеттер жүргiзу үшiн шақырылып отырғанын, олар қандай атқарушылық құжаттың негiзiнде жасалатынын бiлуге құқылы. Куәгер жүргiзiлген әрекеттер жөнiнде ескертулер жасауға құқылы. Куәгердің ескертулерi тиiстi атқарушылық әрекет хаттамасына енгiзiлуге тиiс.
6. Куәгер жүргiзiлуiне өзi қатысқан iс жүргізу кезiндегi атқарушылық әрекеттердiң фактiсiн, мазмұны мен нәтижелерiн куәландырады.
7. Куәгердің куәгерлік міндеттерін атқаруына байланысты шығарған шығыстарына өтемақы алуға, сондай-ақ толық ала алмаған жалақысын өтетуге немесе уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
8. Куәгерлерге төленетiн ақша сомасы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
24-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге маманның қатысуы
1. Атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындайтын, арнаулы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн, сондай-ақ тыйым салынған мүлікті бағалауды жүргізу, сату, тасымалдау, сақтау үшін сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша тиісті қаулысымен маманды тағайындай алады. Қажет болған жағдайда бірнеше маман тағайындалуы мүмкiн. 2. Қорытынды беру немесе қажетті әрекеттерді жүргізу үшiн қажет арнаулы бiлiмi бар, іске мүдделі емес адам маман ретiнде тағайындалуы мүмкiн.
3. Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргiзiлетiн жұмысты орындағаны үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығындар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
25-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі прокурор
1. Прокуратура мемлекет атынан атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады, кез келген заң бұзушылықты анықтау мен жою жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Прокурор атқарушылық іс жүргізуді, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының шағымдары мен арыздары бойынша атқарушылық іс жүргізуді өз өкілеттіктері шегінде үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге талап етіп алдыруға және тексеруге құқылы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) және қаулысына прокурорлық қадағалау актісі енгізілуі мүмкін, ол заңда белгіленген мерзімде міндетті түрде қарауға жатады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Прокурор, егер жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздігі):
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруі;
2) мемлекеттік органдардың, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін болса, жеке сот орындаушысының іс жүргізуінен атқарушылық құжатты алып қоюға және оны мемлекеттік сот орындаушысына орындау үшін беруге құқылы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Прокурор атқарушылық құжатты беру туралы қаулы шығарады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы
Ішкі істер органдары өздеріне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысының өміріне немесе денсаулығына қатер төнген жағдайда сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттер жасалатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылады.
4-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ ШАҚЫРТУ
27-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегі хабарлама және шақырту
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер туралы және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабарламамен хабарланады немесе сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жүргізілетін жерге шақыру қағазымен шақырылады. Хабарлама немесе шақыру қағазы қолына тапсырылғаны туралы хабарландыруы бар тапсырыс хатпен, жеделхатпен жіберіледі. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар телефонограммамен, ұялы байланыс немесе электрондық почта арналары бойынша қысқа мәтінді хабарламалар арқылы, сондай-ақ хабарламаны немесе шақыртуды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып хабар алады немесе хабардар етіледі.
2. Атқарушылық құжат дереу орындалуға тиісті жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді жасауға және атқарушылық iс жүргiзуге қатысушыларға бұл туралы алдын ала хабарландырусыз мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
3. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушыға арналған хабарлама, егер атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы немесе оның өкілі өзге мекенжайды көрсетпесе, атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжайға жіберіледі. Хабарлама атқарушылық iс жүргiзуге қатысушының жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Егер почта арқылы жіберілген хабарлама көрсетілген мекенжай бойынша адресаттың болмауына байланысты қайтарылса, заңды мекенжайы немесе орналасқан жері мен атқарушылық құжатта көрсетілген мекенжайы бірдей болатын жағдайларды қоспағанда, сот орындаушысы хабарламаны азаматтың заңды мекенжайы бойынша немесе заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жібереді.
4. Ұйымға жолданған хабарлама оның заңды мекенжайы бойынша немесе оның өкілінің немесе филиалының заңды мекенжайы бойынша жіберіледі. Хабарлама ұйымның сот орындаушысына көрсеткен мекенжайы бойынша жазбаша нысанда жіберілуі мүмкін.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сот орындаушысына келуден жалтарған адамдар сот орындаушысының қаулысы негізінде күштеп келтірілуі мүмкін. Сот орындаушысының келуден жалтарып жүрген адамды күштеп келтіру туралы қаулысын сот санкциялауға тиіс.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 28-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламалары мен процестік құжаттарын жеткізу және тапсыру
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары почта арқылы жеткізіледі немесе сот орындаушысы оларды жеткізуді тапсырған адам жеткізеді және аумақтық бөлімге немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне қайтарылуға тиісті, қолына тапсырылғаны туралы хабарландыруға қолы қойғызылып, адресаттың жеке өзіне тапсырылады. Егер шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары өзге байланыс түрімен жеткізілсе, онда оларды адресатқа жеткізу күні мен уақыты белгіленген тәсілмен тіркеледі. Ұйымға арналған шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары ұйымның қызметкеріне тапсырылады, ол тапсыру туралы хабарламада өзінің тегін, аты-жөнін, лауазымын, алған күні мен уақытын көрсете отырып, шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын алғаны жөнінде қол қояды.
Егер ұйым (заңды тұлға) әрекет етпеген және (немесе) басқару органы аппаратының қызметкерлері орнында болмаған жағдайда, ұйымның (заңды тұлғаның) шақыру қағазы, хабары, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары тікелей бірінші басшыға немесе бірінші басшының міндетін уақытша атқарушы адамға тапсырылады. Олар болмаған кезде шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары бас бухгалтерге (бухгалтерге) тапсырылады. Заңды тұлғаның басқару органы болмаған кезде шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары заңды тұлға құрылтайшыларының біріне тапсырылады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын жеткізуші адам азаматты тұрғылықты жерінен немесе жұмыс орнынан таппаса, онда шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары сонымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне олардың келісімімен, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымына, жергілікті басқару органына немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органға немесе оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырылады. Мұндай жағдайларда шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын алған адам шақыру қағазының, хабардың, сот орындаушысы хабарламасының және (немесе) процестік құжаттарының түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), сондай-ақ адресатқа қандай қатысы барын немесе атқаратын қызметін жазып көрсетуге тиіс. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын қабылдап алған адам оларды алғаш мүмкіндік болған кезде адресатқа кідіртпей тапсыруға міндетті.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Адресат болмаған кезде шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын жеткізуші адам тапсыру туралы хабарламада адресаттың қайда кеткенін және оның қашан келетінін жазады немесе мұндай мәліметтердің жоқ екені туралы белгі қояды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) мен процестік құжаттарын қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ оларды алғаны туралы қол қоюдан бас тарту аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелуі мүмкін, пайдаланылған техникалық құралдардың техникалық сипаттамасын келтіре отырып, бас тарту туралы актіде бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың ауысуы
Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу кезінде өз мекенжайының ауысқаны туралы сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама сот орындаушысына белгілі соңғы мекенжайға жіберіледі және егер адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмайтын немесе болмайтын жағдайда да жеткізілді деп есептеледі.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 30-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасы мен процестік құжаттарын қабылдаудан бас тартудың немесе оларды алуға келмеудің салдарлары
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Адресат, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көрсетілген адамдар шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын қабылдаудан бас тартқан кезде оларды жеткізуші адам оларға тиісті белгі қояды, одан кейін шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары аумақтық органға (аумақтық органның бөліміне) немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне қайтарылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар, егер:
1) адресат шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын қабылдаудан бас тартса;
2) адресат почта хабарламасын алғанына қарамастан, шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын алуға келмесе;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) шақыру қағазы, хабар, сот орындаушысының хабарламасы және (немесе) процестік құжаттары онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне тапсырылса не соңғылары оларды алудан бас тартса;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) шақыру қағазын, хабарды, сот орындаушысының хабарламасын және (немесе) процестік құжаттарын қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ оларды алғаны туралы қол қоюдан бас тарту бас тартқаны туралы акт жасала отырып аудио- және (немесе) бейнетіркеу арқылы тіркелсе, хабарланды деп есептеледі.
5-тарау. МӘЖБҮРЛЕП ОРЫНДАТУ ШАРАЛАРЫ
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негіздері
Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.
32-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
2. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мыналар болып табылады:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)