5. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-бапта:
мынадай мазмұндағы 23-1) және 45-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті - инфрақұрылымның, жылжымалы составтың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және әртүрлі санаттардағы поездарды өткізуді ескере отырып, поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай, есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездар мен поезд жұптарының ең жоғары саны;»;
«45-1) поездарды қалыптастыру жоспары - тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарының жобалары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, оның ішінде магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілеті ескеріле отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын, поездардың санаты мен бағытын белгілейтін құжат;»;
64) және 64-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«64) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы - жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдаулар бойынша қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
64-1) Ұлттық жүк тасымалдаушы - жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;».
6. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
30-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.».
7. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 2-баптың 2-тармағының сегізінші абзацындағы «комиссия;» деген сөз «комиссия жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
3) 4-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
4) 6-баптың 1-тармағының 4) және 8-5) тармақшалары алып тасталсын;
5) 6-1-баптың 10-1) тармақшасы алып тасталсын;
6) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестатталмаған жеке және заңды тұлғалар тұқымдарды өткізу құқығынсыз өз қажеттіліктері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.»;
7) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Тұқымдардың сақтандыру және өтпелi қорлары»;
1 және 2-тармақтар алып тасталсын.
8. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 10), 25) және 26-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтарында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының, оның ішінде астықтың жедел қоры;»;
«25) сатып алу интервенциялары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағаның төмендеуі кезінде мамандандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын, оның ішінде астықты тіркелген бағалармен сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;»;
«26-2) тауар интервенциясы - бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын, оның ішінде астықты тіркелген бағалармен iшкi нарықта өткiзу жөнiндегi iс-шаралар;»;
2) 11-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «қабылдаған;» деген сөз «қабылдаған жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 19-2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 19-3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
9. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
56-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік хайуанаттар парктеріндегі жануарларды тасымалдауға, бағып-қағуға, тамақтандыруға және ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігіндегі құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.».
10. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-бап мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.».
11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 4-1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
12. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
«72-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор - материалдық-техникалық ресурстары, әуе кемелері және білікті мамандары бар азаматтық авиация субъектісі болып табылатын заңды тұлға;»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай операторды айқындайды;»;
3) 74-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
4) 9-тарау мынадай мазмұндағы 82-1-баппен толықтырылсын:
«82-1-бап. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың құқықтық жағдайы
1. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың қызметі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
2. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор тікұшақ қызметтерін көрсету жөніндегі өкілеттіктерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
4. Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың өкілеттіктеріне мемлекеттік органдар мен бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға тікұшақ қызметтерін ұсыну жатады.».
13. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 12 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган осы Заңда көзделген жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу үшін құратын алқалы орган;»;
2) 11-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»;
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-6) тармақшамен толықтырылсын:
«4-6) стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау тәртібін әзірлейді;»;
4) 14-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»;
5) 17-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»;
25) тармақша «коммуналдық мүлікті» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 18-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;»;
24) тармақша «коммуналдық мүлікті» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 94-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекет меншігіндегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
8) 96-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
9) 97-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша мемлекеттік кәсіпорын мүліктік кешен ретінде өткізілмесе, бұл мемлекеттік кәсіпорын таратылуға жатады.»;
10) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілмеген болса, бұл заңды тұлғалар таратылуға жатады.»;
11) 100-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Неғұрлым жоғары баға ұсынған тұлға аукционда немесе тендерде ұтып алушы болып танылады.
Аукциондарда ұсыныстар жария түрде мәлімделеді, тендерлерде ұсыныстар жабық конвертте мәлімделеді.
Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тендерде сатылған жағдайда, қызмет бейінін сақтау тендердің шарты болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.
Аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, электрондық нысанда өткізіледі.
2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкiн.
Жекешелендіру объектілерін сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 101 - 105-баптарына сәйкес белгілейді.»;
3-тармақтағы «және одан кейінгі» деген сөздер алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:
«100-1-бап. Жекешелендіру объектісінің құны
1. Жекешелендіру объектісін сату жекешелендіру объектісінің нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
Мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет ететін бәсекелестік жағдайларында, мәміле негізінде жекешелендіру объектісі иеліктен шығарылуы мүмкін есептік ақшалай сома жекешелендіру объектісінің нарықтық құны болып табылады.
2. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектісін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес тәуелсіз консультанттар жүзеге асырады.