Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
5. Осы Кодекстің 295-2-бабына сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес он жыл мерзімге Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 283-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
283-3-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшартта:
1) мемлекеттік заттай гранттар;
2) кедендік баждар салудан босату түрінде инвестициялық преференциялар беру көзделеді.
Инвестициялық жоба оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың шеңберінде тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгілі бір басым қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік заттай гранттар Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін уақытша өтеусіз пайдалануға беріле отырып не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз берілетін мүлікті білдіреді.
Мемлекеттік заттай гранттарды осы Кодексте белгіленген тәртіппен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша, оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз береді.
Инвестор мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалған оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестордың инвестициялық міндеттемелерді орындауын көздейтін аудиторлық есеп алынған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылданатын инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі берілген мемлекеттік заттай грантты инвесторға меншігіне не өтеусіз ұзақ мерзімді жер пайдалануына өтеусіз беру үшін жергілікті атқарушы органға негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар, құрылысжайлар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық мүкәммал берілуі мүмкін.
4. Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік заттай гранттың ең жоғары мөлшері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ұзақ мерзімді активтеріне салынатын инвестициялар көлемінің отыз пайызынан аспайды.
Егер сұрау салынатын мемлекеттік заттай гранттың бағаланған құны көрсетілген ең жоғары мөлшерден асып түскен жағдайда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынатын мүлікті оның бағаланған құны мен мемлекеттік заттай гранттың ең жоғары мөлшері арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 283-4-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
283-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар
1. Салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен және шарттармен беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) инвестициялар туралы келісім үшін:
есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;
келісімшарт жасалған күннен бастап инвестициялық жоба шеңберінде салықтар бойынша преференциялардың мерзімдері аяқталған күнге дейінгі кезеңге осы тармақшада көзделген коэффициент мөлшерінің, мөлшерлемелердің және салықтарды азайту мөлшерінің тұрақтылығы;
2) инвестициялық міндеттемелер туралы келісім үшін - Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келісімнің шарттарына сай Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығы.
3. Салықтар бойынша преференциялар осы баптың 2-тармағында көзделген келісімшарттардың бірінің негізінде беріледі.
Салықтар бойынша преференциялар, егер жобаны жүзеге асырудың басым нәтижесі мыналар болып табылса:
1) инвестициялар туралы келісім негізінде - егер ұзақ мерзімді актив деп танылған жаңа немесе реконструкцияланған жылжымайтын мүлікті қолданысқа енгізу көзделсе;
2) инвестициялық міндеттемелер туралы келісім негізінде - егер келісімшартта жаңа ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, өндіру, салу не оларды республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жетпіс бес миллион еселенген мөлшерінде күрделі реконструкциялау көзделсе, жобалар жөніндегі жұмыс бағдарламаларын қарау қорытындылары бойынша беріледі.
4. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
5. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
6. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық басым жобаларды іске асыратын немесе 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгертілген кезде тұрақтылық кепілдігі беріледі.
7. Осы баптың 2-тармағында көзделген салықтар бойынша преференциялар бойынша тұрақтылық кепілдігі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда қарастырылады.
Осы Кодексте белгіленген тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 283-5-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
283-5-бап. Кедендік баждар салудан босату
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықты, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықты импорттау кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Осы тараудың мақсатында технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесінде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.
Қызметтерді ұсыну немесе жұмыстарды орындау жөніндегі технологиялық процесс шеңберінде технологиялық жабдық деп қызметтерді ұсыну немесе жұмыстарды орындау процесін жақсартуға ықпал ететін тауарлар түсініледі.
Жиынтықтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер түсініледі.
Шикізат және (немесе) материал деп технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын кез келген пайдалы қазба, құрауыш, бөлшек немесе өзге тауар түсініледі.
2. Технологиялық жабдықты және оның жиынтықтауыштарын импорттау кезінде кедендік баждар салудан босату оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ оңайлатылған инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтындай болып беріледі.
3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде бес жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату ұзақ мерзімді активтерге салынатын инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
Шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салудан босату жұмыс бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілген күннен бастап бес жыл мерзімге беріледі.
Кедендік баждар салудан босату оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ жұмыс бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Жұмыс бағдарламасы өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік графигін айқындайтын оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа қосымшаны білдіреді.
Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан көп ұзақ мерзімді активтерді пайдалануға беру көзделсе, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кедендік баж төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші ұзақ мерзімді актив пайдалануға берілген күннен бастап жүргізіледі.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 284-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
284-бап. Инвестициялық жоба
Инвестициялық жоба:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа объектілер мен өндірістерді құруға, қолданыстағыларын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға;
2) басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құруға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешенін білдіреді.
285-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвесторларға «бiр терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
286-бап. - 290-бап. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
291-бап. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 292-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
292-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімге қойылатын талаптар
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмелері болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі.
Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
4) Қазақстан Республикасының өтінім берген заңды тұлғасы сұрататын мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар және оны беру туралы жергілікті атқарушы органның растауы;
5) тіркелген жеріндегі мемлекеттік кіріс органының өтінім берілген күнге дейін бес жұмыс күні ішінде берген, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі.
1-1. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 293-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
293-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қарау мерзімдері
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім қарау үшін инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға беріледі, ол осы Кодекстің 285-бабында белгіленген талаптарға сəйкес, өтінім тіркелген күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
2. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.
3. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 294-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
294-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасу
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салықтар бойынша преференцияларды қоспағанда, инвестицияларды жүзеге асыруды жəне инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт оңайлатылған инвестициялық келісімшарт болып табылады.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде үлгілiк келiсiмшарттың ережелерiн ескере отырып, оңайлатылған инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды.
Үлгілiк келiсiмшарт деп Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және оңайлатылған инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгiлік келiсiмшарт түсініледі.
2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Оңайлатылған инвестициялық келiсiмшартты инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тiркейдi және тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
Оңайлатылған инвестициялық келісімшартты инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін кемiнде тоғыз ай бұрын аяқталуға тиiс.
Қаржы лизингі шартын жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық жобаны іске асырған жағдайда, оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейін тоғыз ай өткен соң аяқталуға тиіс.
295-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi өткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм өткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
1) тараптардың келiсуi бойынша;
2) бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезде және келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестор инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылу мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң біржақты тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады.
Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың салдарынан бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждардың сомаларын төлейді.
4. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде аталған заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсуi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келісімшарт бойынша төленген инвестициялық субсидияның сомасын толық көлемде өтейді.
7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмі қабылданғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
295-1-бап. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 295-2-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 295-2-бап жаңа редакцияда
295-2-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу жəне тоқтату
1. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасуға өтінім инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға беріледі.
Инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын əзірлейді.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тəртібін жəне инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган əзірлейді жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге өзгерістер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген ережелердің сақталуы ескеріле отырып, тек қана инвестициялар салу графигін өзгерту бөлігінде енгізілуі мүмкін.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуы осы Кодекстің 283-2-бабының 5-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осы тармаққа сəйкес тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты тəртіппен тоқтатылуы мүмкін.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын кезеңде 283-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде, 2-тармағында, 3-тармағының екінші бөлігінде жəне 4-тармағында көзделген міндеттемелер мен шарттар орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осындай келісімді жасасқан заңды тұлға мұндай келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес айқындалған тəртіппен қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
295-3-бап. 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
296-бап. Инвестициялық дауларды шешу
1. Инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау инвестициялық дау болып табылады.
2. Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсілген рәсiмiне сәйкес шешіледі.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялық дауларды осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес шешу мүмкiн болмаған кезде дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiмімен айқындалатын төрелiктерде жүргiзiледi.
4. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 296-1-баппен толықтырылды
296-1-бап. Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылау нысандары
Инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мынадай:
1) осы Кодекстің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырылатын камералдық бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектісіне бару, оның ішінде инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы мен талаптарын орындау жөніндегі құжаттарды қарау нысандарында жүзеге асырады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 296-2-баппен толықтырылды; 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 296-2-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
296-2-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру тəртібі
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган белгілейтін нысан бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден жəне 25 қаңтардан кешіктірмей, ұзақ мерзімді активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың жəне (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып ұсынады.
2. Оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерістер тараптардың келісім бойынша жылына екі рет енгізілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді активтерді пайдалануға беру мерзімдерін ауыстыру бөлігінде инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі екі реттен аспайтын мерзімде енгізілуі мүмкін.
3. Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.
4. Тексеру нəтижелері бойынша инвестициялар жөніндегі уəкілетті органның өкілі мен оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актіге қол қояды.