1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұратады;
5) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
7) 2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асырады;
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің қалыптастырылу тәртібін, ұсынылу мерзімдерін және үлгі нысанын әзірлеп, бекітеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) - 6) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
8-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауы қағидаларын бекітеді;
10) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12-2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы мәліметтерді алуға құқылы;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 12-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі - мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары) сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 12-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асырады;
13) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) проактивті қызметтер көрсету тәртібін бекітеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік корпорацияның қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді;
5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.
10-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
Орталық мемлекеттік органдар:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
6) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолданады;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруді қамтамасыз етеді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
5) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тарау 11-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету бойынша қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы провайдер болып табылады.
2. Мемлекеттік корпорация акционерлік қоғам нысанында құрылады, ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның өз филиалдары болады.
3. Мемлекеттік корпорацияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
4. Мемлекеттік корпорация:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметін Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы хабардар етеді;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тексеруге жатады;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша, оның ішінде электрондық нысанда және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді және (немесе) көрсетуді ұйымдастырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын немесе Мемлекеттік корпорация ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректер базасын жүргізуді жүзеге асырады;
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жолданымдарын қабылдауды және өтініш берушілердің сұрау салуы бойынша оларға жауаптардың берілуін ұйымдастырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2-бап. Әріптестік ұйым
1. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін;
3) әріптестік келісім жасасқан кәсіпкерлік субъектісі осы Заңға сәйкес әріптестік ұйым бола алады.
2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері іріктеуге жіберіледі.
3. Үлгілік әріптестік келісімді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, ОЛАРДЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізілуге жатады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4. Әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.