Шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұндағы:
К барр. орт. - орташа-өлшемді баррельдеу коэффициенті;
V1, V2, …Vn - салық кезеңінде экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2 … + К барр.n - Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, белгіленеді;
n - салық кезеңінде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;
V жалпы өткізу - салық кезеңінде шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспортқа жалпы өткізілу көлемі.
Экспортқа нақты өткізілетін көмірдің көлемі негізінде есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.»;
76) 303-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:»;
77) 304-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер тауарларға арналған уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салық кезеңінде туындайды.»;
78) 310-бапта:
1-тармақтың 78) тармақшасының екінші абзацы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-баптың 6) тармақшасы «пайдалы қазбаларды сақтау» деген сөздердің алдынан «қарыздар бойынша шығындарды,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 78) тармақшасының үшінші - он сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін болса, мұндай газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша айқындалады:
CP = | СF х | (GP1 х 0,857) | х r | , мұндағы: |
OP + (GP1 х 0,857) |
GP1 |
СP - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;
СF - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын мұнай өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;
GP1 - ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында өзіндік құнды айқындау көзделетін, ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
OP - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
0,857 - шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;
r - мына формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:
r = | GP2 х AEPG | ,мұндағы: |
OP х AEPO |
GP2 - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;
Op - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;
AEPG - сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, тауарлы газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлы газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, мың текше метріне теңге;
AEPO - сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, тоннасына теңге.»;
1-тармақтың 79) - 88) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
79) 314-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редацияда жазылсын:
«2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе:
мұнайға арналған келісімшарттар үшін - келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде айқындайды;
минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшін пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде айқындалады;»;
80) 320-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондон металдар биржасында бағамдалатын немесе бағамдалуы Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында хабарланатын және жарияланатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар үшін қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.»;
81) 332-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газға;»;
6) тармақшадағы «және 5-1)» деген сөздер «, 5-1) және 5-2)» деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 334-баптың 5-тармағында:
бірінші абзацта:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«ілеспе газдың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшаның үшінші абзацындағы «ретінде айқындалады.» деген сөздер «ретінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы өндірілген табиғи газды пайдаланған кезде - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі - жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.»;
83) 338-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының Metal Bulletin» журналында, «Metal-pagesLimited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланатын баға бағамдалуын білдіреді.»;
алтыншы бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;»;
сегізінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.»;
84) 339-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалардың барлық түріне және минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте өндірілуі баланстан тыс қорлардың құрамынан рентабельділігі төмен кен орындарында жүзеге асырылатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда өндіруге салық мөлшерлемесі 0 пайыз мөлшерінде салынатын қолданылмайды.»;
85) 341 және 342-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар көлемінің құны кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген жерасты суларының көлемі жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө. … + Vn ө.п. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұндағы:
V1 ө.п., V2 ө.п., …, Vn ө.п. - салық кезеңінде өткізілетін кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың әрбір партиясының көлемдері;
Б1 ө., Б2 ө., …, Бn ө. - салық кезеңінде әрбір партия бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің нақты бағалары;
n - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар партиясының саны;
V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.
3. Кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар өткізілмеген жағдайда, есепті салық кезеңінде олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізу мүлдем болмаған кезде, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің нақты өлшемді орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзетуді жүргізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасын айқындау тәртібіне қолданылмайды.
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбалар өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
№ р/с | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшер-лемелер, %-бен |
1 | 2 | 3 |
1 | Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас | 2,5 |
2 | Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы | 4,7 |
3 | Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас | 5,6 |
4 | Емдік балшықтар | 10,6 |
Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы:
су шаруашылығының жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектісі өндірген және осы қызметке тікелей арналған;
жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өзі су шаруашылығының жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектісіне өткізген және осы қызметке тікелей арналған жерасты суларының көлемі бойынша белгіленген мөлшерлеменің 0,1 пайызы мөлшерінде есептеледі.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауын пайдаланушы өндірген:
осындай пайдалы қазбалардан немесе олардың қалдықтарынан өнім алу процесінде жерасты суларын пайдалануды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру және қайта өңдеу кезінде технологиялық және өндірістік мұқтаждар үшін және өз балансындағы әлеуметтік саладағы объектілерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын немесе өзі осы мақсаттар үшін басқа жер қойнауын пайдаланушыға өткізген жерасты суларының;
ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және (немесе) қайта өңдеу үшін жерасты суларының:
өндірістік-техникалық жерасты суларының;
тек шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар үшін ғана пайдаланылатын шаруашылық-ауыз су жерасты суларының көлемдері бойынша белгіленген мөлшерлеменің 0,3 пайызы мөлшерінде есептеледі.
Осы баптың мақсаттары үшін шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар деп жұмыскерлердің еңбек және тамақтану гигиенасы жағдайларын қамтамасыз ету, оның ішінде вахталық кенттерді сумен жабдықтау үшін шаруашылық-ауыз суды пайдалану түсініледі.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы алкоголь мен тамақ өнімін және алкогольсіз сусындарды өндіру үшін пайдаланылатын, жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды жерасты суларының, шаруашылық-ауыз су жерасты суларының көлемдері бойынша белгіленген мөлшерлеменің 25 пайызы мөлшерінде есептеледі.»;
86) 365-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша - осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;»;
6) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған адамдар, көрсетілген тармақшаларда тізбеленген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, бiр көлiк құралы бойынша ғана (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
6. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелері осы тармақшаның ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына қарамастан, салық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.
7. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар адамның салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.
8. Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейін қолданылады.
Осы баптың 3-тармағы 4) және 5) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.»;
87) 366-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.»;
88) 367-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің кестесіндегі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. | Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, қозғалтқышының қуаты: | |
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда (75 ат күшiне тең) | 1 |
55 кВт-дан асатын (75 ат күшiне тең) | 10 |
»;
89) 368-бапта:
1-тармақтың 89) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 8-бабының редакциясында қолданылды
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiсіне осы Кодекстің 367-бабына сәйкес салық мөлшерлемелерін қолдана отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген көлік құралы салығының сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтады.
1-2. Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.»;
1-тармақтың 89) тармақшасының жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 89) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралы салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.»;
1-тармақтың 90) - 92 ) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
90) 369-бапта:
тақырып және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі»;
«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.
Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.»;
91) 386-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«386-бап. Автотұрақтар (паркингтер), автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері»;