шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;
шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.
Уәкілетті орган:
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.
2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес айқындайды.»;
1-тармақтың 59) тармақшасының он жетінші - он тоғызыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
1-тармақтың 59) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:»;
1-тармақтың 59) тармақшасының жиырма үшінші - жиырма жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 59) тармақшасының жиырма тоғызыншы - отызыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші «Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған» деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
1-тармақтың 59) тармақшасының отыз бірінші - қырық үшінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 7-бабының редакциясында қолданылды
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
электрондық нысанда - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды жазып беру кезінде:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедициялық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есепке жазылған сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактура жазып беруге құқылы.
7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
14-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
1-тармақтың 59) тармақшасының қырық төртінші және қырық бесінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленген.»;
1-тармақтың 60) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) мынадай мазмұндағы 264-1-баппен толықтырылсын:
«264-1-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері
1. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйқасының сомасы негізінде көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.
2. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке беру кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымда көрсетіледі;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымда көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3), 3-1), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып беру кезінде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып комиссионер деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып комитент деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып беру кезінде алушының деректемелері ретінде комиссионер деректемелері көрсетіледі.»;
1-тармақтың 61) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
61) 265-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
1-тармақтың 62) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
62) 267-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізуден алынуға жататын (алынған) кірістер құрайтын заңды тұлғалар жатады.»;
63) 272-бапта:
1-тармақтың 63) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару кезінде қолданылмайды.»;
1-тармақтың 63) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалатын болса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
1-тармақтың 63) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-1-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 64) - 70) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
64) мынадай мазмұндағы 273-1-баппен толықтырылсын:
«273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері
1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер қоюға немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақ үй, мейрамхана мақсаттарындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатқызылады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «толық аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады.
Бұл ретте құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:
1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн құрылыстың басталуы деп танылады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;
2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса;
4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.
Осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.
2. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы тармақтың ережесі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып көрсетеді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 272-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
65) 276-2-баптың 2) тармақшасында:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға Кеден одағына қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.»;
он үшінші абзац алып тасталсын;
66) 276-4-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрмелер мен жәрмеңкелерге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың;
2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың импорты кезінде алынбайды.
Салық төлеуші осы тармақшада көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде осы баптың 4-тармағында көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде салық органдарын хабардар етуге міндетті.»;
67) 276-13-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.»;
68) 276-20-баптың 3-1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық нысандағы өтінішті (өтініштерді):»;
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;»;
69) 278-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциздерді төлеушілер болып табылады.
Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.»;
70) 279-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электронды сигареттерде пайдалануға арналған сұйықтық;»;
71) 280-баптың 4-тармағының 1) тармақшасында:
1-тармақтың 71) тармақшасының екінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзацтағы «4)» деген цифр «4-1)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
кестеде:
1-тармақтың 71) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа) | 1600 теңге/литр 100% спирт |
»;
1-тармақтың 71) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 26 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра және сыра сусыны | 0 теңге/литр |
»;
мынадай мазмұндағы 21 және 22-жолдармен толықтырылсын:
«
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар өнім (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) | 0 теңге/1 кг |
22. | 3824 | Электронды сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі сұйықтық | 0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
1-тармақтың 72) - 77) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
72) 292-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстiң 279-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.»;
73) 300-баптың 1) тармақшасында:
бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 субпозициясында сыныпталатын тауарлар танылады.»;
74) 301-баптың бірінші абзацы және 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемi экспортқа рента салығын салу объектiсi болып табылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:»;
«3) Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекет аумағына өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағынан тыс жерге экспортқа өткізу кезінде - кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.»;
75) 302-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 334-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.