1-тармақтың 108) тармақшасының он бірінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. Меншік құқығын беретін тұлғаның салық салу объектісін иеленуінің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.»;
1-тармақтың 104) тармақшасының он екінші - он төртінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салық кезеңі үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен болған шекарадағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құнының негізінде есептеледі.»;
109) 426-бапта:
1-тармақтың 109) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтағы «мен әлеуметтік аударымдарды» деген сөздер «, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 109) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 5-тармағында аталғандарды қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушілер ұсынатын, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) - бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;
1-тармақтың 110) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
110) 427-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық агентінің төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесін осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің осы тарауға сәйкес салық салынатын кірісіне кірістердің мынадай түрлері қосылады:»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға:
осы Кодекстің 4-бөліміне және осы баптың 7 - 10-тармақтарына сәйкес - осы баптың 4-тармағында көрсетілген;
осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес - осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген кірістердің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша салық есептілігін ұсыну:
осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес - осы баптың 4-тармағында көрсетілген кірістер бойынша;
осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес - осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген кірістер бойынша жүргізіледі.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:
1) осы Кодекстің 180, 180-1, 180-2 және 180-3-баптарына сәйкес - мүліктік кірістің;
2) осы Кодекстің 184-бабына сәйкес - осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, басқа да кірістердің;
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген:
осы Кодекстің 427-1-бабының 1-тармағында аталған дара кәсіпкер - осы баптың 7 - 10-тармақтарына және осы Кодекстің 427-1-бабына сәйкес;
осы Кодекстің 427-1-бабының 1-тармағында аталмаған дара кәсіпкер - 85 - 98-баптарға және осы баптың 7 - 10-тармақтарына сәйкес кірістердің;
4) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес - осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген кірістердің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу мен төлеу, олар бойынша салық есептілігін ұсыну:
1) осы Кодекстің 20 және 21-тарауларына сәйкес - осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша жүргізіледі;
2) мыналар:
осы Кодекстің 431 және 432-баптарына сәйкес, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер;
осы Кодекстің 436 және 437-баптарына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген кірістер бойынша жүргізеді.»;
7-тармақтың 3) тармақшасындағы «құны қаралмайды.» деген сөздер «құны;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде, егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлеміне кірмейтін болса, мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жұмсалған шығыстары қаралмайды.»;
1-тармақтың 111) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
111) 428-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
1-тармақтың 112) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
112) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«438-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) тәртібі
Міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргiзiледi.»;
1-тармақтың 113) - 120) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
113) 439-баптың 1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтарындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ - 5 000 га;
2-аумақтық аймақ - 3 500 га;
3-аумақтық аймақ - 1 500 га;
4-аумақтық аймақ - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жер учаскелерін мынадай аймаққа бөлу қолданылады:
1-аумақтық аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар;
2-аумақтық аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының жері;
3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерiн қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Атырау, Маңғыстау облыстарының жері;
4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, суармалы жерді қоса алғанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының жері.
Шаруа немесе фермер қожалығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері әртүрлі аумақтық аймақтарда болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерлерінен аспауға тиіс;»;
114) 449-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«449-бап. Салық кезеңі
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралы салығын есептеу үшін салық кезеңi осы Кодекстің 148, 159, 269, 363, 370 және 401-баптарына сәйкес айқындалады.»;
115) 451-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«451-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
116) 455-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;
117) 456-баптың кестесінде:
2 және 2.1-жолдар алып тасталсын;
3.15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.15. | мемлекеттік мекемелердің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін | 0 |
»;
118) 457-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
119) 471-баптың кестесіндегі 1.86 және 1.87-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.86. | Сырадан және сыра сусынынан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі | 3 000 |
1.87. | Сыра және сыра сусынының өндірісі | 2000 |
»;
120) 476-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және (немесе) қызмет саласына, бос әуе кемесінің салмағына және (немесе) оның қозғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталатын объектілердің класына (санаттарына) байланысты белгіленеді.»;
2-тармақтың кестесіндегі 2 және 2.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. | | Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін: |
2.1. | | қоса алғанда 50 адамға дейін | 78 |
»;
3-тармақтың кестесінде:
1.1.1.0, 1.1.11, 1.1.12, 1.2.6, 1.2.7, 1.2.8, 1.2.9, 1.2.10 және 1.2.11-жолдар алып тасталсын;
3.1, 3.2 және 3.3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.1. | ұшақ | 10 |
3.2. | тікұшақ | 20 |
3.3. | басқа да ұшу аппараттары | 5 |
»;
4-тармақтың кестесінде:
3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. | Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, зертхана жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету | 218 |
4. | Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелері және олардың агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұлжытпай бақылау әдістерін қолдану | 145 |
»;
5.1 және 5.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.1 | 10 адамға дейін | 47 |
5.2 | 11 адамнан 40 адамға дейін | 69 |
»;
5-тармақтың кестесіндегі 4, 5 және 6-жолдар алып тасталсын;
7-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 121) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
121) 495-бапта:
3-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
№ р/с | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |
»;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы бапта белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.»;
1-тармақтың 122) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
122) 498-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлемақы төлеушiлер, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, декларацияны тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей ұсынады.»;
1-тармақтың 123) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
123) 513-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 474-бабында аталған алым төлеушілер;»;
1-тармақтың 124) - 126) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
124) 514-баптың 2-тармағының кестесіндегі 7 және 7-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. | Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiк белдеуi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 2 850 |
7.1 | Төртінші жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 2 650 |
»;
125) 528-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей рұқсат беру құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналасқан жердегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер ұсынады.»;
126) 534-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «бергені үшін мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «бергені үшін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін мемлекеттік баж алынады.»;
127) 535-бапта:
1-тармақта:
1-тармақтың 127) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн - хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;
заңды тұлғалар үшiн - хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшер;»;
1-тармақтың 127) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтары 2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан осындай даулар жөнінде талап арыз берілген кезде мемлекеттік баж осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.
Бұл ретте мүліктік сипаттағы даулар бойынша мемлекеттік баждың мөлшері осы тармақта көрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемесін арыз беруші даулап отырған сомаға қолдану жолымен айқындалады.»;
1-тармақтың 128) - 132) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
128) 539-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, кешенді кәсіпкерлік лицензиясын (франчайзинг), лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн - 150 пайыз;»;
129) 540-баптың 11) тармақшасындағы «25 пайыз мемлекеттік баж алынады.» деген сөздер «25 пайыз;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) мыналарды:
теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін - 500 пайыз;
Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін - 350 пайыз;
кәсіби дипломды бергені үшін - 200 пайыз мемлекеттік баж алынады.»;
130) 547-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы «бергенге дейiн төленедi.» деген сөздер «бергенге дейiн;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.»;
131) 552-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«552-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;
2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері болмаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзара түсіністік қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.»;
132) 553-бапта:
5) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;»;
6) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзара түсiнiстiк қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;»;
133) 557-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасындағы «болып табылмайтын мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «болып табылмайтын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффиценті туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.»;
3-тармақта:
1-тармақтың 133) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанындағы прокурор санкциялаған уәжді сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;»;
1-тармақтың 133) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) есебі салық органдарында жүргізілетін, салық құпиясын құрайтын берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;»;
1-тармақтың 133) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажетті мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне береді.
Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алу қағидаларында белгіленеді.»;
1-тармақтың 134) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
134) 563-баптың 2-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтық өтінішті резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы келу тәртібімен береді. Салықтық өтінішті беру кезінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама толтырылады.
Салықтық өтінішті келу тәртібімен беру бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушыларға қолданылмайды.»;
1-тармақтың 135) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
135) 566-баптың 2-тармағындағы «дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері» деген сөздер «тіркеу деректері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 136) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
136) 568-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 136) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Мыналарды:
1) мемлекеттік мекемелерді;
2) резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;
3) тиісінше ойын бизнесі салығы мен тіркелген салық салуға жататын қызмет бойынша осы Кодекстің 411 және 420-баптарында аталған тұлғаларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға осы бапта белгіленген тәртіппен резидент заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер жатады.
1-тармақтың 136) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетсе, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар, ең төмен айналымнан асып кетуі туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен беруге міндетті.
Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:
1) жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, бейрезидент солар арқылы қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын филиалдар, өкілдіктер - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;
2) салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;
3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер - салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;
4) өзге де салық төлеушілер ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 230-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.»;
1-тармақтың 136) тармақшасының он алтыншы абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың 136) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма екінші абзацтары 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер тұратын жеріндегі салық органына келу тәртібімен береді.
Бұл ретте қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бірінші күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.»;