1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн нақты жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонустың сомалары, оның ішінде осы Кодекстің 315-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төленген қол қойылатын бонустың және коммерциялық табу бонусының сомалары, осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1), 2) - 5), 7) - 11), 11-1), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:»;
1-тармақтың 23) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін - өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға нақты жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай тәртіппен шегерімге жатқызылады:»;
1-тармақтың 26) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 111-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«111-1-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы нақты шеккен амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:
1) блоктарда (полигондарда) салынған сорушы, айдаушы және технологиялық бақылау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер шығындары;
2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдаушы және сорушы коллекторлар;
3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;
4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар;
5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;
6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары;
7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;
8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды және сұйық реагенттер қоймасын қабылдау тораптары, сондай-ақ қышқылөткізгіштер;
9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;
10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;
11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;
12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбелдік желілер;
13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы;
14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары;
15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;
16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;
17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады.
Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады.
Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi.
Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебінің деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады.
Амортизациялық аударымдар сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтер тобын есепке алу әдісіне сәйкес блоктар немесе жалпы кен орны (полигон) бойынша мына формула бойынша айқындалады:
С1 + С2 + С3
S = ──────── * V4, мұнда:
V1 + V2 + V3
S - амортизациялық аударымдар сомасы;
С1 - амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны;
C2 - ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар);
С3 - жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, амортизацияланатын активтердің осы баптың 3-тармағында көрсетілген жекелеген тобының құны;
V1 - уран қорларының салық кезеңiнiң басындағы өндіруге дайын нақты көлемі;
V2 - салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;
V3 - жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі;
V4 - салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының нақты көлемі.
2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны деп 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны,
қосу
ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, өндіруге дайындық жұмыстарына осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар),
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар,
қосу
осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны,
алу
салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.
2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі деп танылады.
2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын нақты көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:
уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі,
қосу
салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты көлемі,
қосу
жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі,
алу
салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының көлемі.
Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде уранның өтелген қорларының нақты көлемінің саны осы пайдалану блогының уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемінің санынан аз болса, осы пайдалану блогы активтерінің амортизацияланатын тобы құнының қалған бөлігі салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құнына шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.
Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңіндегі шегерімге жатады.
3. Осы бапта белгiленген тәртiп амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, жекелеген тобына да қолданылады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оның сатып алу құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.
Амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген тобын жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.»;
1-тармақтың 27) - 31) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 135-3-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлері және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
5. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осындай қызмет бойынша осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.»;
28) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-4-баппен толықтырылсын:
«135-4-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу
1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдаудан түскен кірістер бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен кірістері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.»;
29) 141-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын, осы баптың 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде есепті салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін теңдей үлестермен төленеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеуде аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есепке жазуды осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осындай есептеуде көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 142-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.»;
30) 152-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салық, алым және төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық басым жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салық міндеттемелерін осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.»;
31) 5-бөлім мынадай мазмұндағы 17-2-тараумен толықтырылсын:
«17-2-тарау. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
152-3-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға:
инвестициялық стратегиялық жобаның іске асырылуын көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшартты 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін;
салықтар бойынша преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасаса;
2) заңды тұлғаның инвестициялық стратегиялық жоба бойынша жүзеге асырылатын қызметі инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келсе;
3) заңды тұлға осы Кодексте көзделген бөлек салықтық есеп жүргізу қағидаттарына сәйкес, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінен тыс алған (шеккен) кірістері мен шығыстарынан бөлек, инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде берілген объектілерді пайдалану кезінде алған (шеккен) кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізсе, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық төлеуші салық есептілігін инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға міндетті болатын салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 152-2-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда салықтар бойынша преференциялар және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін, көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оның бұзылған күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
1. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен түсетін, осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметте пайдаланылатын тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген, амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісімде корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
2. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін, немесе оның бөліктерін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға), өзге де негіздерде пайдалануға берілген жағдайларда қолданылмайды.
3. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға алғаш рет берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынатын және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
2) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке алынған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.»;
32) 155-баптың 3-тармағында:
1-тармақтың 32) тармақшасының екінші абзацы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) тармақшадағы «меншік құқығын тіркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен» деген сөздер «одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдарын және» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 32) тармақшасының үшінші - он алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
24) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;»;
«29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:
қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;
асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;