15) 62-бапта:
1-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш беру күніне дейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрын жасалған және заңды тұлғаның көрсетілген есепті жасау күніндегі валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың еуроны құрайтын меншікті капиталы туралы ақпаратты қамтитын аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы. Бұл ретте аудиторлық есеп оны жасау күнінің алдындағы күнтізбелік отыз алты ай кезеңіне жасалуы тиіс;»;
2-тармақтың 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.»;
2-тармақта:
5) тармақшадағы «күнге дейін бір жыл ішіндегі кезеңді» деген сөздер «айға дейін күнтізбелік он екі ай ішіндегі кезеңді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 16) - 24) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 63-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтару»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мына құжаттарды:»;
1) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «160-бабының 2-тармағында» деген сөздер «220-бабының 6-тармағында және 221-2-бабының 5 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында және 63-1-бабының бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.»;
6-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өтініш беруші 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 404, 405, 410, 411, 412, 414, 417, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 528, 532 - 534, 538, 540, 542 - 545, 548 - 555 және 558-баптарына сәйкес әкiмшiлiк бірнеше рет жауаптылыққа тартылған (екі реттен артық);
6) осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің қолданысының тоқтатылу себептерін тізілімге енгізу туралы аталған куәліктің қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жоймаған кезде кері қайтарылады.»;
17) 66-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеден органдарына алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсыну жағдайлары, оны ұсыну көлемі, тәртібі және кедендік мақсаттар үшін пайдалану тәртібі Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.»;
18) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алдын ала шешімді тұлғаның (бұдан әрі осы тарауда - өтініш беруші) жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қабылдайды.»;
19) 84-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Декларациялау ерекшеліктері осы Кодексте көзделген, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауарлық партиямен әкелу көзделген, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді (бұдан әрі - құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тұлғаның (өтініш берушінің) берген жазбаша өтініші негізінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.»;
20) 91-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұлғаның (өтініш берушінің) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берген өтініші бойынша тауарлар туралы мәліметтер болған кезде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды.»;
21) 132-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
22) 134-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік баждарды төлеу мерзімін ұзартуды немесе бөліп-бөліп төлеуді кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылған өтініштің негізінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында айқындалған негіздердің ең болмағанда біреуі болған жағдайда төлеушіге кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден ұсынады.»;
23) 135-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны ұсынудан бас тарту туралы шешім төлеушінің кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініші және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.»;
24) 138-бапта:
1-тармақтағы «тауарларды шығару жүргізілетін» деген сөздер «кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған» деген сөздер ауыстырылсын;
5-тармақтағы «кеден органы тiркелген жердегi» деген сөздер «кеден ісі саласындағы уәкілетті орган регламенттеген тәртіппен айқындалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 25) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«142-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі
1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы; кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге сұрау салу беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 598-бабында айқындалған тәртіппен ұсынады.
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы мәліметтер өтінішті беру күніне кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелер көрсетіле отырып ұсынылады.»;
2-тармақтың 26) - 47) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 152-бапта:
2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш табыс етеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
27) 154-бапта:
2, 3, 4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы төлеушінің салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды жүргізуге және (немесе) қайтаруға берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы бап мақсатында - салықтық өтініш) негізінде жүргізеді.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
28) 156-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеушіге ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасын, өсімпұлдарды шегере отырып жүзеге асырылады.»;
29) 18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу»;
30) 157-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы ережелері»;
1, 2-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек қалыптасады. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті осы тарауда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.»;
«2-1. Ортақ міндет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу шараларын қолдану кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген ортақ міндет болған кездегі кредитор құқықтарын пайдаланады.
Кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес кедендік баждар мен салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі ортақ міндеті туындаған тұлғаларға қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу шараларын қолданады.
3. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу үшін:
1) осы Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарлау;
2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеу;
3) осы Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу;
4) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
5) мынадай тәртіппен:
төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;
төлеуші дебиторларының шоттарынан;
төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағында, 163-бабының 1-тармағында, 164-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген, кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жолдаған құжаттарды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы төлеушінің орналасқан жерінде болмауына байланысты қайтарған жағдайда, төлеушінің орналасқан жері бойынша кеден органы пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде зерттеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша зерттеп-қарау актісін жасайды.
3-2. Зерттеп-қарау актісінде:
актіні жасау орны, күні және уақыты;
актіні жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, тұратын жерінің мекенжайы;
төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді.
Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекетінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.
3-3. Егер зерттеп-қарау актісімен төлеушінің тұратын жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күн акт жасалған күн болып табылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 164-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттер дәйекті түрде қолданылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.»;
31) 158-баптың 1, 3, 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек пайда болған кезде төлеуші өсімпұл төлейді. Өсімпұл деп кедендік төлемдер мен салықтардың мерзімінде төленбеген сомасына есептелген, осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшер танылады.»;
«3. Банкрот деп танылған төлеушіде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша пайда болған берешек сомасына сот шешім қабылдаған күннен бастап не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.
4. Жеке тұлғаны хабарсыз жоғалып кеткен деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап осы шешімнің күші жойылған күнге дейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.»;
«6. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына есепке жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.»;
32) 159-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«159-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама»;
1, 2, 2-1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау қажеттігі туралы кеден органы төлеушіге қағаз жеткізгіште жіберген хабарлама немесе оның жазбаша келісуі бойынша электрондық тәсілмен хабар кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама болып танылады. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама:
1) тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;
2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалу мерзімі өткен;
3) кеден органы төлеушінің жеке шотында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды анықтаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.
2-1. Декларанттың және кеден өкілінің осы Кодекстің 30-бабында көзделгендей кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламалар декларантқа және кеден өкіліне бір мезгілде шығарылады, бұл жөнінде аталған хабарламаларда көрсетіледі.
3. Төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламада:»;
11) тармақша алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тіркелген кезден бастап өтелген күнін қоса алғандағы кезеңде есепке жазуға жататын өсімпұлдар есепке алынбаған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өтеген кезінде кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы бұрын берген хабарламасына қосымша хабарлама береді.»;
33) 160-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама төлеушіге қолын қойғыза отырып, жеке өзіне немесе осы бапта өзгеше белгіленбесе, жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен берілуі тиіс.
Бұл ретте төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жолданған хабарлама мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - төлеушiнiң поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күнінен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде - веб-қосымшада хабарлама жеткізілген күннен бастап төлеушіге берілген болып саналады. Бұл тәсiл Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген төлеушiге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағында көзделген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымдары қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн мұндай хабарламаны берген күн болып табылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 159-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жолданған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерді қолдану шағымды қараудың нәтижесі бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте шағым жасау өсімпұлдың есепке жазылуын тоқтатпайды.»;
34) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленуі есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу
1. Кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен кейінгі бес жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілген берешекті кедендік төлемдер немесе салықтар түрлері бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен не төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.
Бұл ретте кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен кеден органы осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес есепке жатқызу жолымен өндіріп алады.
2. Осы бапқа сәйкес кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың өндіріп алынған сомасы туралы оларды өндіріп алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.»;
35) 162-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімін шығарады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды дербес өтеуі жөніндегі операциялардан;»;
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы шегінде төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;
36) 163-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай өкімді берген күн болып табылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеден органы төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.»;
37) 164-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«164-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу мынадай:
1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны алған күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер, өсімпұлдар өтелмеген;
2) тексеру нәтижелері бойынша төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда қойылады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде шектеу қояды.»;
2-тармақ және 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша, кедендік төлемдер мен салық бойынша берешек, өсімпұлдар сомасына шығарады.
3. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ аталған төлеушінің теңгерімінде тұрған мүлікке қатысты шығарылады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы төлеушінің қатысуымен, билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.
6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлік тізімдемесінің актісін пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісін жасаған күн осындай шешімді және (немесе) актіні тапсырған күн болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқықтар немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді төлеушіге табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
8. Кеден органы мынадай:
1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомаларын өтеген жағдайда - осындай берешекті, өсімпұлды өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;