137) 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тармақтың 138) тармақшасы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
138) 570-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
2-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) куәлікті жасаған салық органының атауын қамтиды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің күші жойылады және жарамсыз деп есептеледі.
5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы өзгерген жағдайда салық төлеуші тегінің, атының, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауының өзгергені туралы сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
1-тармақтың 139) тармақшасы 2016 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
139) 571-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37, 41 және 42-баптарында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда - тарату салық есептілігін және беру актісі ұсынылған күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда - осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда - осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тасталған күннен бастап жүргізіледі.»;
140) 572-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті ұсыну салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды алуға берген келісімі болып табылады.»;
1-тармақтың 141) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
141) 577-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салық органы заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі және 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулі жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объектісі бар, сондай-ақ осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап немесе аяқталмаған құрылыс объектісін нақты пайдаланған (іске қосқан) күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзі орналасқан жердегі не салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жердегi салық органына салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсынуға мiндеттi.»;
«5. Салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
1-тармақтың 142) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
142) 578-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектiлері және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалған кезде мынадай жағдайларда:»;
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны салық салу объектiлерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
1-тармақтың 143) тармақшасы 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
143) 581-баптың 1) тармақшасының екінші бөлігі және 13) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 3), 4), 6), 9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат ұсынылады.»;
«13) осы Кодекстің 579-бабында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге және осы банкте ашылған, салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.»;
144) 593-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органдары салған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 897-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, орындалған хабарламаның (хабардың) негізінде жүргізіледі.»;
1-тармақтың 145) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
145) 598-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
1. Салық төлеуші (салық агенті) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді (осы баптың мақсаты үшін - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы, салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тіркеу есебіне алынған жері бойынша салық органына сұрауды салуды беруге құқылы.»;
1-тармақтың 146) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
146) 599-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аукциондардан алынатын алым - алым болып табылады.»;
1-тармақтың 147) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
147) 607-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегі туралы - салық органы осы Кодекстің 622-бабына сәйкес салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегінің сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын немесе талап қоюды шығару туралы өтінішпен сотқа жүгінген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегін өтеу үшін қажетті банктік деректемелер;»;
1-тармақтың 148) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
148) 608-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте пошталық немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - келу тәртібімен оны алған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салық кезеңінде есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберу тәсілдері осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларға қатысты қолданылады.»;
1-тармақтың 149) - 165) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
149) 611-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтарылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;
6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамағанда - осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
150) 613-баптың 1-тармағының бірінші абзацы және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке иелiк етуiн шектеудi осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:»;
«2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым жасағанда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:
осы Кодекстің 93, 94-тарауларында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;
салық төлеушіні (салық агентін) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді;»;
151) 621-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары салық берешегі туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген:»;
152) 623-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «жатады» деген сөз «жатпайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
153) 624-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі
1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті осы Кодекстiң 77-бабының 4-2-тармағында белгіленген салық тіркелімдері түрінде ұсынады.
2. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті мынадай мерзімдерде:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тоқсан сайын есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей;
2) корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша салық тіркелімдері түріндегі мониторинг бойынша есептілікті уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей;
3) алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынады.
Ағымдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік мұндай жоспарланатын көрсеткіштердің өзгерістері ескеріле отырып, осындай ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуірінен, 15 шілдесінен және 15 қазанынан кешіктірілмей ұсынылады.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне жаңадан енгізілген ірі салық төлеуші ағымдағы күнтiзбелiк жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша бастапқы есептілікті осындай тiзбе қолданысқа енгiзілетін күннен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей ұсынады. Ағымдағы және алдағы күнтiзбелiк жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша келесі есептілік осы баптың ережелеріне сәйкес ұсынылады.»;
154) 87-тарау мынадай мазмұндағы 624-1-баппен толықтырылсын:
«624-1-бап. Мониторинг жүргізу тәртібі
1. Мониторинг жүргізу барысында уәкілетті орган мониторингке жататын ірі салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелуiн және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудiң (ұстап қалу және аудару) уақтылығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің), оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, қаржылық есептiлiгін табыс етуін талап етуге құқылы.
Бұл ретте, осы талап мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер талапты тапсырған күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде орындалуға тиіс.
2. Мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган ол туралы мониторингке жататын iрi салық төлеушiге хабарлайды.
Бұл ретте мониторингке жататын iрi салық төлеушi осындай хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiндiрмені ұсынуға мiндеттi.
Ұсынылған түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн мониторингке жататын осындай iрi салық төлеушiні шақыруға құқылы.
Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде уәжделген шешім шығарады, ол шығарылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мониторингке жататын iрi салық төлеушiге жолданады.
Уәжделген шешіммен келiсу туралы хабарламаны мониторингке жататын iрi салық төлеушi оны алған күнiнен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.»;
155) 627-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайларынан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуіне түгендеу жүргізуі мүмкін.»;
екінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;»;
5-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша бiрлестiктердiң өкiлдерi тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде:»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«импортталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы; тауарлардың атауы мен санының тауар-көлік жүкқұжаты құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша қатысуға тартылуы мүмкін.»;
9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«оларға осы Кодекстің 273-1-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын тексерулер. Бұл ретте көрсетілген өтініштер:»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар қабылдап алынған;
кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін;»;
мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелері бойынша;»;
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша;»;
9-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе құжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
156) 632-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;»;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.»;
157) 633-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқаманың төлнұсқасын тапсырады. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
Осы тармақтың ережелері:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының болуы;
3) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
4) көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауларының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;
5) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің болуы;
6) осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулерге қолданылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағы екінші бөлігінде көрсетілген тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде салық төлеушіге немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскеріне танысу үшін нұсқаманың төлнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады. Төлнұсқаға салық төлеушінің немесе оның тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және қызметтер көрсететін жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.»;