158) 635-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 273-1-бабына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге:
өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар құрылысы басталған;
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салық кезеңінен басталған уақыт кезеңі енгізіледі.
Осы Кодекстің 273-1-бабында көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, қарсы тексерулерді қоса алғанда, салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері ескеріледі.»;
10-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстің 273-1-бабын қолданған кезде жүргізіледі.».
159) 89-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау»;
160) 643-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Салық органдары төлем көздерінен жеке табыс салығын салуға жатпайтын жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан табыстар алу фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 20-тарауында белгіленген мүліктік табысқа немесе өзге де табыстарға жатпайтын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне әкеліп соғатын табыстар шегінен асатын мөлшерде айқындалған осындай табыстар осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын салуға жатады.»;
161) 644-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) фискалдық есеп - белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп;»;
162) 646-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша мынадай:
автодүкендер, шатырлар арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын;
банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары салық органында есепке қоюға жатады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бақылау-касса машинасын есепке қойған кезде:
бақылау-касса машинасы компьютерлік жүйе болғанда - салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;
бақылау-касса машинасы деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасы болғанда - салық органының лауазымды адамы осы баптың 6-тармағының 1), 3), 6), 7) және 7-1) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.»;
163) 650-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бақылау-касса машинасының салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес техникалық ақауы болған жағдайда салық төлеуші ақау пайда болған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есепке қою жүргізілген салық органына:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасы осы баптың 6-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда техникалық ақаулы деп есептеледі.»;
164) 651-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бақылау-касса машинасының моделі компьютерлік жүйе болып табылса, салықтық өтінішке ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысы мен осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса беріледі. Қорытындыны беру тәртібін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
165) 653-бапта:
2 және 5-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі өнімдері - акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.»;
«5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн - есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi өнімдерін - акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
1-тармақтың 166) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
166) 657-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну;»;
1-тармақтың 167) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
167) мынадай мазмұндағы 661-1-баппен толықтырылсын:
«661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну
1. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және (немесе) бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді:
1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;
2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;
3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;
4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызметтерді алу үшін салық төлеуші - жеке тұлға тұратын жері бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.»;
168) 669-бапта:
1-тармақтың 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
1-тармақтың 169) - 173) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
169) 670-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжделген шешiм шығарылады.»;
«3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
170) 672-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі салық төлеуші (салық агенті) шағымға қосымшалар ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.»;
171) 674-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«674-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым берудің салдары
Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
Жоғары тұрған салық органына шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы жоғары тұрған салық органының жазбаша шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібіне қолданылатын жоғары тұрған салық органының шешімдері бойынша осы хабарламаның орындалуы осы Кодекстің 677-бабы 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым (арыз) берген жағдайда салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (арыз) берілген бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
172) 680-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті органға жіберілген шағымды уәкілетті орган - оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.»;
173) 682-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады және (немесе) ұзартылады.».
2. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
63 және 142-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және оны қайтарып алу»;
2-тармақтың 1) тармақшасының төрінші абзацы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«142-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі»;
2-тармақтың 1) тармақшасының бесінші - жиырма жетінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18-тараудың, 157, 159, 160, 161, 164, 165, 166, 168, 170 және 171-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«18-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті және өсімпұлдарды өндіріп алу
157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы ережелері»;
«159-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама
160-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі
161-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу»;
«164-бап. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу
165-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
166-бап. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу»;
«168-бап. Төлеушiнiң билiк етуі шектелген мүлкiн кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебiне өткізу тәртібі»;
«170-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
171-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу тәртібі»;
19-тараудың, 174, 179 және 180-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»;
«174-бап. Хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар»;
«179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту»;
мынадай мазмұндағы 220-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«220-1-бап. Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу»;
221-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«221-1-бап. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау»;
мынадай мазмұндағы 221-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«221-2-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі»;
2-тармақтың 2) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 4-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек - Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) осы Кодексте белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кеден органының қызмет аймағы - оның шегінде кеден органы кедендік бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын аумақ;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 8-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды;»;
4) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокурор санкциялаған, қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы уәжделген сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;»;
5-тармақтың 5) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 26-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы қажет.»;
2-тармақтың 6) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 27-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.»;
2-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 7) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 34-баптың 7) тармақшасындағы «болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы осы тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
2-тармақтың 8) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда табыс етіледі.»;
2-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 9) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 40-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның бесінші абзацындағы «болған оқиғалар туралы» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «болмауы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
2-тармақтың 10) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уақытша сақтау қоймалары иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініште қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.»;
2-тармақтың 11) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) 44-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарының бейнеақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;»;
2-тармақтың 12) тармақшасы 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 47-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «болмауы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
2-тармақтың 13) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 48-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден қоймасы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қызмет аймағында қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайларға және (немесе) ашық алаңдарға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) қажетті тиеу-түсіру механизмдері мен арнаулы техниканы, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығын, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспабын иелену құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 4-тармақтарында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 47-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Аталған бұзушылықтарды өтініш беруші жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.»;
2-тармақтың 14) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 55-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтінішті қызмет аймағында бажсыз сауда дүкені құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы осы Кодекстің 208-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш берушінің үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш беруші кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
1) бажсыз сауда дүкендері ретінде жарамды үй-жайларға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың;
2) бажсыз сауда дүкендері ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарларының, сызбаларының;
3) егер бөлшек саудаға арналған тіркеу немесе рұқсат құжаттарын алу міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделсе, сол құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.»;
«6. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 54-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Аталған бұзушылықтарды өтініш беруші жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.»;