8) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) тізбені қалыптастыру;
2) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.»;
9) 15-1-бап алып тасталсын:
10) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет комиссиялары инвестициялық ұсыныстарға берілетін экономикалық қорытындыларға сәйкес мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.»;
11) 17-баптың 1-тармағының 2-1) және 2-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттаманы;
2-2) концессиялық жобаның сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақты;»;
12) 18-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол конкурсқа қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.»;
13) 19-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Конкурсты тиісті ұйымдастырушы комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
Ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
14) 20-бапта:
1-тармақтың жетінші бөлігіндегі «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздер «бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуін, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып қарайды.
Егер белгіленген мерзімдерде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер келіп түспесе не барлық ұсынылған конкурстық өтінімдер конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс өтпеген болып есептеледі.
Егер бір конкурстық өтінім ғана ұсынылған болса, бұл өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.»;
4-тармақтың 14) тармақшасының жетінші - он бірінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Келіссөздер барысында осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Конкурсты өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Конкурстың шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны және мемлекеттің төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасының және комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.»;
15) 20-1-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қорытындысы негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпаратты жариялау;
конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы және конкурстық құжаттаманы ұсынуы;
әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;
әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;»;
2) тармақшаның екінші абзацы «негіздемелерімен» деген сөзден кейін «не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамамен» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат):
1) 134-баптың 3-тармағы 10) тармақшасындағы «қамтамасыз ету саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) сот-сараптама қызметі саласында жүзеге асырады.»;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 140-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін олардың өздері айқындайды.
Халық саны екі мың адамнан көп болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 5-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары қолданысқа енгізілді
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорын тиісті бюджетке таза кірістің бір бөлігін аудару мерзімін бұзған кезде таза кірістің бір бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде өсімпұл есептеледі.».
6. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):
1) 1-баптың 5), 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік әріптес - Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;»;
«7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдап отыру - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру бойынша көрсететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;»;
«11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар - тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарын, міндеттерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін сипаттау көзделетін құжат;»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар көзделуі мүмкін.
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу қажеттігі туралы шешім тиісті бағдарламада айқындалады.»;
3) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік әріптестің инвестициялық ұсынысты не жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды әзірлеуі;»;
4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, болжанатын төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.»;
5) 20-баптың 4), 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
«7) экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамаларын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын келіседі;»;
«9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;»;
6) 23-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) экономиканың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жекеше әріптестікті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды дайындауды жүзеге асырады;»;
7) 25-бапта:
3) тармақша алып тасталсын:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды;»;
9) тармақша алып тасталсын;
8) 26-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;»;
4) тармақша алып тасталсын;
9) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы, оның ішінде:
1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнынан аспауға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және олардың шығындарын өтеу көздерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ұзарту құқығымен кемінде үш жыл мерзімге белгіленеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
10) 28-баптың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
11) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Егер мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар;
2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше әріптесті айқындаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзге де тәртібін қолдануға нұсқау көзделсе, осы баптың ережелері оларға қолданылмайды.»;
12) 32-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;»;
13) 37-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;»;
14) 43-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
15) 44-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға сараптама жасау;»;
16) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын валюта құрамдасы бойынша іске асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу тетігі;»;
«17-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстарын өтеу тәртібі;».
7. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):
1) 7-баптың 35) тармақшасындағы «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 39-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы» деген сөздер «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Өтеусіз негізде берілген бағдарламалық қамтылымда ақпараттық жүйені құрған жағдайда осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшалары қолданылмайды.
Өтеусіз негізде берілетін бағдарламалық қамтылымда ақпараттық жүйені құру үшін уәкілетті органның оң қорытындысы талап етіледі.
Өтеусіз негізде берілген бағдарламалық қамтылымда құрылған ақпараттық жүйені қолдап отыруға жұмсалатын шығындар уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындардың есеп-қисабы әдістемесіне және нормативтеріне сәйкес жоспарланады.».
2-бап.
1. Осы Заң:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 14) тармақшасының жетінші - он бірінші абзацтарын;
халық саны екі мың адамнан көп болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз болатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 19) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтарын, 21) тармақшасының бірінші - тоғызыншы және он бірінші - жиырма алтыншы абзацтарын және 30) тармақшасының оныншы абзацын;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 19) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 21) тармақшасының оныншы және жиырма жетінші абзацтарын және 31) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым мен «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-2) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғалар сараптамасының оң қорытындылары алынған концессиялық жобаларды іске асыру параметрлері мен шарттарын жоғарыда көрсетілген ұйымдар осы концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қабылдайды.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 8) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар сараптамасының оң қорытындылары алынған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру параметрлері мен шарттарын жоғарыда көрсетілген ұйымдар осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларына сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қабылдайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қарашаның 30-ы.
№ 112-VI